Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса ұсынылып отырған Журналистерді аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мәдениет және ақпарат саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Құл-Мұхаммед |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығымен бекітілген |
Журналистерді аккредиттеу Қағидасы
1. Журналистерді аккредиттеудің осы Қағидалары (әрі қарай- Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңына сәйкес жасалды, ол бұқаралық ақпарат құралдары журналистерін мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда аккредиттеудің тәртібін белгілейді.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары журналистерін аккредиттеу (әрі қарай - журналистерді аккредиттеу) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдардың қызметі жөнінде жұртшылыққа кеңінен әрі жедел хабарлау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк орган немесе өзге ұйым (бұдан әрi - аккредиттеушi ұйым), бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi осы органдармен немесе ұйымдармен өз журналистерiн келiсiм бойынша аккредиттелетін жағдайда, журналистердi аккредиттеуді жүзеге асырады.
4. Журналистерді аккредиттеу бір жыл мерзімге жүзеге асырылады.
5. Журналистерді аккредиттеу аккредиттеуші ұйымның жанында олардың мекен-жайларына және олардың тұрақты тұрып жатқан жерiне қарамастан жүргізіледі.
6. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе өкілеттілігі негізінде редакция өз журналистерін аккредиттеу үшін мемлекеттік органдарға немесе өзге де ұйымдарға осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес өтініш береді.
Өтінішке қоса:
аккредиттелуші журналистің жеке бас куәлігінің көшірмесі;
бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі немесе телерадио таратуға өкілетті органнан берілген мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттіктің немесе теле-, радио арналардың есепке алу туралы куәлігінің көшірмесін тіркейді.
Өтініш бұқаралық ақпарат құралының редакциясының атынан берілген жағдайда, өтінішке осы тармақтың екінші бөліміндегі құжаттардан басқа бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің журналисті аккредиттеудің тиісті рәсімін өткізу үшін берілген сенімхат тіркеледі.
Өтініш интернет – ресурстың меншік иесі атынан берілген жағдайда, өтінішке осы тармақтың екінші бөліміндегі құжаттардан басқа интернет ресурсты меншігі екендігін дәлелдейтін құжат қосымша тіркеледі.
7. Өтiнiштi жеті жұмыс күні ішінде қарағаннан кейiн аккредиттеушi ұйым төмендегi қабылданған шешім жөнiнде жазбаша түрде хабарлайды:
1) журналистің аккредиттелгендігі туралы;
2) журналисті аккредиттеуден бас тартылғандығы туралы.
8. Журналисті аккредиттеуден бас тарту туралы шешім осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар жетіспеген жағдайда, өтiнiштiң мазмұны талаптарға сәйкес келмесе және бұқаралық ақпарат құралының немесе теле-, радио арналардың қызметін тоқтата тұру туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда шығарылады.
9. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің немесе өкілеттілігі негізінде редакция аккредиттелген журналистті басқа журналистке ауыстырған жағдайда, оның аккредиттелуі осы Қағида тарауында көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
10. Аккредиттелген журналист аккредиттелу құқығынан бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің немесе бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің берген өкілеттігі негізінде редакцияның өтініші негізінде және заңды күшіне енген сот шешімі негізінде айырылады.
Журналистерді аккредиттеу қағидаларына қосымша |
Нысан
__________________________________________________________________
Кімге (мемлекеттік органның, қоғамдық бірлестік пен ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
Кімнен (бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің немесе редакцияның
толық атауы: заңды тұлғаның және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты –
жеке тұлға болған жағдайда)
ӨТІНІШ
Сізден журналисті (ерді) аккредиттеуді сұраймын
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты, телефон, факс нөмірі, байланыстағы тұлғаның E-mail-ы )
Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе редакциясы туралы мәліметтер:
1. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе редакциясының толық атауы:
_____________________________________________________________________
2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе редакцияның
заңды мекен-жайы және орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
3. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе редакцияның телефон, факс нөмірлері:
_____________________________________________________________________
Қоса ұсынылған құжаттар:
1. _______________________
2. _______________________
3. _______________________
Бірінші басшының/ жеке кәсіпкердің қолы
М.О. "___" ___________ ж.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат саласындағы
күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі
1. "Мемлекеттiк органдардың немесе өзге ұйымдардың жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттiктерiнiң журналистерiн тiркеу туралы" Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1037 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi мiндетiн атқарушысының № 1037 болып тiркелген 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 1 "Мемлекеттiк органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттiктерiнiң журналистерiн тiркеу туралы "Ереженi бекiту туралы" бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 75 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiлігiнде 2005 жылғы 27 қаңтарда тiркелдi. Тiркеу № 3397).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң 2005 жылғы 24 қарашадағы № 296 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 8 желтоқсанда тiркелдi. Тiркеу № 3967, "Юридическая газета" газетiнде 2005 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған, № 240-241).