Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушысының N 1037 болып тіркелген 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 1 "Мемлекеттік органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агентті

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 75 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3397. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      10 "Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта:
      212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
      029 "Ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және қайта жаңарту" деген бағдарламада:
      100 "Ауылдық елдi мекендердi ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және қайта жаңарту, соның iшiнде инвестициялық жобаларға" деген кiшi бағдарламада:
      "Алматы облысы Жамбыл ауданы Аққайнар кентiнде су құбыры желiлерi мен құрылыстарын қайта жаңарту" деген жолдағы "160640" деген сандар "120000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертiс селосының су алу скважиналары, көркейту, су құбыры желiлерi" деген жолдағы "52680" деген сандар "37700" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгiскен ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту 30620";
      "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қарағаш ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту 25000".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі