2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2013 жылғы 26 маусымдағы № 274-Ө-М бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 маусымда № 8529 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 462-Ө-М бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.09.2013 № 462-Ө-М бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2013 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 28 наурыздағы № 125-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8394 тіркелген және 2013 жылғы 6 сәуірдегі «Казахстанская правда» № 121-122, 2013 жылғы 6 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» № 101 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А. Крюкова) осы бұйрықтың:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          Т. Дүйсенова