Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2013 № 675-ө-м бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді).
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2013 жылғы 26 маусымдағы № 274-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8529 тіркелген және 2013 жылғы 3 шілдедегі «Казахстанская правда» № 224 (27498), 2013 жылғы 3 шілдедегі «Егемен Қазақстан» № 162 (28101) газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Әлеуметтік көмек департаменті (А.О. Табергенова) осы бұйрықтың:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Т. Дүйсенова