Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 маусымда № 8496 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Қондырғы паспортының нысаны бекітілсін.
      2. «Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 146-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 7704 тіркелген, 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Төмен көміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Н. Қаппаров

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      төрағасы
      __________ Ә. Смайылов
      15 мамыр 2013 жыл

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 15 мамырдағы    
№ 122-ө             
бұйрығына қосымша       
нысан

Қондырғы паспорты

1. Қондырғы паспортының тіркеу нөмірі (уәкілетті органмен толтырылады) ________________________________________________________
2. Паспортты толтыру күні ___________________________________________
3. Ұйымның (қондырғы операторының) толық атауы ______________________
4. Ұйымның (қондырғы операторының) заңды мекенжайы __________________
5. Телефон __________________________________________________________
6. Факс _____________________________________________________________
7. Электрондық пошта ________________________________________________
8. Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН)_____________
9. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша
ұйымның негізгі қызмет түрі__________________________________________
10. Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) _____________________________________________________________________
11. Қондырғы паспортын даярлауға жауапты тұлғаның Т.А.Ә. ____________
12. Жауапты тұлғаның байланыстары __________________________________
13. Қондырғылар бойынша мәліметтер:

Қондырғы №

Қондырғыны атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша қызмет түрі

Географиялық орналасқан жері

Парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын қолданылатын отын немесе өнеркәсіптік үдеріс түрі

Көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіндегі парниктік газдар шығарындыларының базалық көлемі













Көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіндегі барлық қондырғылар бойынша шығарындыларының жалпы көлемі


14. Әр қондырғы үшін қолданылатын технология, қуат пен жұмыстың уақыт кезеңінің сипаттамалары (бу мен ыстық су өндіру үшін қазандықтар, түрлі технологиялық процесстер үшін қажетті жылу энергия көздері, цемент немесе балқыту пештері, көміртегі шикізатты тасымалдау үшін стационарлық жүйелер, алауларда ілеспелі газды жағу, парниктік газдар шығарындыларымен байланысты технологиялық процесстер және тағы басқа).
15. Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдісін қоса алғанда, мониторинг жоспары.
16. Ұйым басшысының (қондырғы операторының) қолы, мөр
_____________________________________________________________________
17. ________________________________________________ расталған
1) Верификацияны жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, БСН;
2) Аккредитация туралы куәліктің нөмірі, сериясы, күні;
3) Ұйымның заңды мекенжайы;
4) Телефон, факс;
5) Электрондық пошта;
6) Басшының тегі, аты-жөні;
7) Верификацияға жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні;
8) Парниктік газдар шығарындылары келесі көлемде расталады ма: көміртегі қос тотығының _______ тонна эквивалентінде;
9) Басшының қолы, мөр.