Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 мамырда 8456 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Комитет Төрағасы                                 Н.Әбіқаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының      
2013 жылғы 11 сәуірдегі
№ 175 бұйрығымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу тәртібін айқындайды.
      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылдарындағы үдерісте әшкереленген Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлар анықталғанда, ұлттық қауіпсіздік органдары «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 6-бабын ескере отырып мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға орындалуы міндетті Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша енгізеді.
      3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылдарындағы үдерісте әшкереленген Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлар анықталғанда, ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға орындалуы міндетті Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша енгізеді.
      4. Тергеуге дейінгі тексеру барысында немесе қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізеді.
      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізеді.
      6. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстары екi данада жасалады. Ұсыныстың бiр данасы ресми бланкте жолданатын жерге (мемлекеттік органға, әскери құралымға, бөлімге және ұйымға) қол қойылып берiледi немесе поштамен жіберіледі, ал екiншiсi ұсынысты берген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органында қалады.
      7. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары директорларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары бастықтарының қолымен жіберіледі.
      8. Ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының енгізген ұсыныстарының есебін жүргізеді.
      9. Ұсынысты алған мемлекеттік органдар, әскери құралымдар, бөлімдер мен ұйымдар оларды орындау бойынша дереу шаралар жүргізгендері туралы ұсыныста көрсетілген мерзімде ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар етеді.

Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне  
төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік
туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының
заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының 
қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал
ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы 
Қазақстан Республикасы          
ұлттық қауіпсіздік органдарының     
ұсыныстарын енгізу қағидаларына    
1-қосымша                

нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ____________________________________________________________________
       ұсынысты енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының
атауы мен мекенжайы

_____________________________________________________________ басшысы
                        заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
             заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні
_____________________________________________________________________
            заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны

Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін
қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен
жағдайларды жою туралы ұсыныс

20 __ жылғы «__» ____________    № _____ _________________________ қ.

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлерді
      iске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлардың
      анықталғанына себеп болған іс-шаралардың қысқаша баяндалуы

      АНЫҚТАЛДЫ:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының
    қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлерді iске асыруға мүмкіндік
     туғызатын нақты себептер мен жағдайлардың толық баяндалуы

      Баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын басшылыққа ала отырып, ТАЛАП ЕТЕМІН:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ______________________________________________________, т.б.
         себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар,
                         атқару мерзімдері

      Осы ұсыныс бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
      Осы ұсынысты орындау туралы мәліметті жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде хабарлауларыңызды сұраймыз. Осы ұсыныс орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде көрсетілген жауапкершілік белгіленген.

___________________________________  ________   _____________________
  ұлттық қауіпсіздік органының         қолы       тегі және аты-жөні
     лауазымды тұлғасы, атағы

Берді:                                     Алды:
«__» __________ 20__ж./_________________ _________ / ______________
     беру күні         лауазымы, атағы    қолы    тегі, аты-жөні

_________________________                    ________________________
      тегі және қолы                           алу күні мен уақыты

М.о.

Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне  
төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік
туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының
заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының 
қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал
ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы 
Қазақстан Республикасы          
ұлттық қауіпсіздік органдарының     
ұсыныстарын енгізу қағидаларына    
2-қосымша                

нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

_____________________________________________________________________
   ұсыныс енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының атауы мен мекенжайы

_____________________________________________________________ басшысы
                        заңды тұлғаның атауы
________________________________________________________________
            заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні
_____________________________________________________________________
            заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны

Тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына
жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен
жағдайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою туралы
ұсыныс

20 __ жылғы «___» ____________ №   _____ _________________________ қ.

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған
қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың
анықталғанына себеп болған іс-шаралардың қысқаша баяндалуы

      АНЫҚТАЛДЫ:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған    қылмыстарды жасауға ықпал ететін мән-жайлардың толық баяндалуы

      Баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын басшылыққа ала отырып, ТАЛАП ЕТЕМІН:
      1. ___________________________________________________________;
      2. _____________________________________________________, т.б.
         себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар,
                             атқару мерзімдері

      Осы ұсыныс бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
      Осы ұсынысты орындау туралы мәліметті жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде хабарлауларыңызды сұраймыз. Осы ұсыныс орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде көрсетілген жауапкершілік белгіленген.

____________________________        ________    _____________________