"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 01 сәуірдегі № 06-7/43 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 сәуірде № 8396 тіркелді

Қолданыстағы

      «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
      4) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                            А. Байменов

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік қызмет істері  
агенттігі Төрағасының    
2013 жылғы 1 сәуірдегі    
№ 06-7/43 бұйрығына    
1-қосымша          

Нысан

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
іріктеу туралы хабарландыру

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты
жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметінің кадр резервіне іріктеу жариялайды.

      Кандидаттарға біліктілік талаптары:
      1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының
1-санатының бірінші тобы бойынша:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
      2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының
1-санатының екінші тобы бойынша:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
      3) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының
2-санаты бойынша:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу 3 кезеңде жүзеге асырылады:
      1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және  «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкестігін қарау;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасайтын кестеге сәйкес кандидаттарды тестілеу;
      3) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларының және Ұлттық комиссияның жұмыс органдары жасайтын кестелерге** сәйкес кандидаттармен әңгімелесу.
      Қажетті құжаттар тізбесі:
      1) жеке куәліктің көшірмесі;
      2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш;
      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған не заңнамада белгiленген өзге де тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
      5) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері, таныстықтың, ынтымақтастықтың ұзақтығы мен жағдайлары және тағы да басқалары көрсетілген, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатқа қатысты лауазымды адамның немесе лауазымды адам жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде кемінде бір ұсыным хат*
      6) өз қолымен толтырылған өмірбаян;
      7) кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.
      Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса, кандидатқа «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.
      Құжаттарды қабылдауды:
      20____ж. «____»___________бастап
      20____ж.«____»___________дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүзеге асырады.
      Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
      Құжаттар қолма-қол, почта немесе электрондық почта арқылы:
_____________________________________________________________________
      (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның почта
және электронды почта мекен-жайы көрсетіледі)
      мекен-жайы бойынша қабылданады.
      Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі.
      Құжаттар электрондық почта арқылы жіберілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын тестілеу басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірмей ұсынады.
      Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестілеуге жіберілмейді.
      Толық ақпаратты _______________________________________________
                      (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті
органның қала коды және телефондары мен _________________________
телефондары бойынша, Агенттіктің интернет-факс нөмірлері көрсетіледі)
      ресурсында _____________________________________ алуға болады.
                       (интернет-ресурс көрсетіледі)

      Ескертпе.
      * ұсынымхатты:
      мемлекеттік саяси қызметшілер;
      Қазақстан Республикасы Сенаты, Мәжілісі депутаттары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың мәслихат хатшылары;
      лауазымға Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен не Ұлттық комиссия жасақтаған «А» корпусының кадр резервінен тағайындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;
      Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісімімен тағайындалатын (Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 Қаулысы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы № 376 қаулысымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесіне сәйкес ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институтының басқарма төрағалары береді.
      ** Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік лауазым атқаратын кандидаттар әңгімелесуден өтеді.
      Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар әңімелесуден облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында тіркелген жері бойынша өтеді.
      Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту кезінде облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларының ұсыныстары қосымша ақпарат ретінде қаралады.

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік қызмет істері  
агенттігі Төрағасының    
2013 жылғы 1 сәуірдегі   
№ 06-7/43 бұйрығына    
2-қосымша          

Нысан

Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы  
кадр саясаты жөніндегі
ұлттық комиссия       

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
іріктеуге қатысу туралы өтініш

      Мен, _________________________________, ЖСН _______________
                   (Т.А.Ә. толығымен)
мені «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
_____________________________________ іріктеуге қатыстыруыңызды
(бірінші санаттың бірінші немесе екінші тобы не екінші санаты
көрсетіледі)
      сұраймын.
      Мен
      - «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;
      - «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;
      - мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидат ретінде маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;
      - өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;
      - мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидат ретінде маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
      - өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
      - өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (Т.А.Ә., тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, атқаратын лауазымым, «А» корпусының лауазымдар тобы және санаты) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынымен келісетінімді мәлімдеймін.
      Қоса беріліп отырған құжаттар:
      1. ___________________________________________________________
      2. ___________________________________________________________
      3. ___________________________________________________________
      4. ___________________________________________________________
      5. ___________________________________________________________
      6. ___________________________________________________________
      7. ___________________________________________________________
      Байланыс деректері:
      Қаланың коды, телефон ________________________________________
      Ұялы телефон _________________________________________________
      Тұратын жерінің мекенжайы (пошта мекенжайы):
____________________________________________________________________
      Тіркелген жерінің мекенжайы: _________________________________
      Электронды адрес: __________________________________________
      ________________________________________
            (қолы)           (Т.А.Ә.)

                                        20__ ж. «____»_______________

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік қызмет істері   
агенттігі Төрағасының     
2013 жылғы 1 сәуірдегі     
№ 06-7/43 бұйрығына      
3-қосымша           

Нысан

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты
жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы

Ұлттық комиссия мүшесі ____________________________________________
                                         (Т.А.Ә.)

Кандидаттың
Т.А.Ә.

Санаты, тобы

Қорытынды шешім («ұсынамын»
немесе «ұсынбаймын»), өз
қолымен толтырылады

1.



2.



3.



...






      ______________________          Күні 20__ жыл «___»_________
             (қолы)

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері   
агенттігі Төрағасының     
2013 жылғы 1 сәуірдегі     
№ 06-7/43 бұйрығына      
4-қосымша            

Нысан

__________________________________________ кадр комиссиясының
(облыс, астана, республикалық маңызы бар қала көрсетіледі)
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр
резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы

Кадр комиссиясының мүшесі ___________________________________________
                                           (Т.А.Ә.)

Кандидаттың
Т.А.Ә.

Баға
(«оң» немесе «теріс»)
(өз қолымен толтырылады),
өз қолымен толтырылады

1.


2.


3.


...




______________________                  Күні 20__ жыл «___»_________
       (қолы)