«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 2-тармағының 28) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 15-бабының 3-тармағына, «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 16) тармақшасына, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 4-бабының 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерін (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысанды киімдерді (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию құқығы бар мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б. Әбішев) заңнамада берілген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялануын және МОИП-да орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 50 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар
қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру
белгілерінің үлгілері
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерімен (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілерімен (бұдан әрі – нысанды киім) қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 624 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының негізінде жүзеге асырылады.
2. Нысанды киім даяр түрде өлшемге сәйкес беріледі.
3. Барлық егжей-текжейлі өлшемдер сантиметрмен (бұдан әрі - см) және миллиметрмен (бұдан әрі - мм) көрсетілген.
2. Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар
қызметкерлерінің ерлерге арналған нысанды киімдерінің
(погондары жоқ) сипаттамасы
4. Ерлерге арналған нысанды киімдердің жиынтығына:
1) китель – 1-сурет;
2) фуражка – 2-сурет;
3) галстук – 3-сурет;
4) қысқа жеңді жейде – 2-сурет;
5) ұзын жеңді жейде – 3-сурет;
6) шалбар – 3-сурет;
7) жаздық күрте – 4-сурет;
8) плащ-пальто – 5-сурет;
9) басшылық құрамға арналған қыстық пальто – 6-сурет;
10) құлақшын бас киімі – 7-сурет;
11) қыстық күрте – 7-сурет;
12) комбинезон-шалбары – 7-сурет;
13) унты етігі – 8-сурет жатады.
4. Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар
қызметкерлерінің ерлерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) үлгілері
1-сурет
5. Қара түсті жартылай жүнді матадан тігілген ерлер кителі. Жартылай жанасатын бейне, бір жақты, астарлы, төрт түймедегі ілмекпен. Көзше ілгекпен сол жақ қайырмасына бүгілген қайырмалы жаға, тігілген жеңдері шлицамен, үш нысанды түймемен. Арқасының ортаңғы тігісі төменде шлицамен аяқталады, сөрелерінде кесінді бүйірлері және белі бойынша алдыңғы қырнаулары, клапанды бүйір кесінді қалталары бар. Жеңінің үсті бойынша шеврон орналастырылған (1-сурет).
2-сурет 3-сурет
6. Үш көмкермесі бар қара жүн матадан тігілген фуражка: біреуі түбін ширектермен қосатын тігіспен тігілген, екіншісі ширектерді околышпен қосатын тігіспен тігілген, үшіншісі (жалған көмкерме) негізгі матадан тігілген, фуражканың околышына кигізілген жібек бауды ұстау үшін околыштар астынан өтеді. Фуражканың алды аздап көтерілген. Күнқағар ортасының үстінен околышта кокарда бекітіледі.
Қызметкерлер фуражкасының күнқағары – қара лакталған, околышқа екі шағын нысанды түймелермен бекітілген қара лакталған таңдалған белдігі бар.
Басшылық құрам былғары күнқағары бар фуражка киеді. Қара лакталған таңдалған белдігінің орнына околышқа екі шағын нысанды түймелермен алтын түстес трунцалдан жасалған бау бекітілген (2-сурет).
7. Қара түсті галстук немесе жартылай жүн матадан жасалған галстук, онда алтын тәріздес жіптермен 3х2 см бүркіт пен күн тігілген (3-сурет).
8. Жеті нысанды түймедегі ілмекпен тік бейнедегі қысқа жеңді жейде, ақ түсті ауысым матадан тігілген қысқа жеңді (жазғы нысанда). Жағасы кесінді тіректе бүгілетін, белдік қиыстырылған, бүйірлері бойынша жалпақ резеңкеге жиналған, жеңдерінде манжет бар. Сөрелерінде төс жапсырма қалталары және олардағы фигуралы клапандары, екі түймелі ілгегі бар. Жағасы, қалталары, клапандары, манжеттері бойынша 0,5 см қашықтықта өңдеу тігісі салынған (2-сурет).
9. Жеті нысанды түймедегі ілмекпен тік бейнедегі ұзын жеңді жейде, кремний түсті ұзын жеңді жейде (жазғы және қысқы нысандар). Жағасы кесінді тіректе бүгілетін, белдік қиыстырылған, бүйірлері бойынша жалпақ резеңкеге жиналған, жеңдерінде манжет бар. Сөрелерінде төс жапсырма қалталары және олардағы фигуралы клапандары, екі түймелі ілгегі бар. Жағасы, қалталары, клапандары, манжеттері бойынша 0,5 см қашықтықта өңдеу тігісі салынған (3-сурет).
10. Қара түсті жартылай жүн матадан тігілген шалбар. Тік, астарлы, түймелердегі ілгектері, екі бүйір қалталары бар, белдігі жеті шлевокпен қиыстырылған, бір түймеге жабылады. Шалбардың оң бөлігінде рамкаға бір түймеге жабылатын және кесін ілмекпен кесінді қалтасы бар (2-сурет).
4-сурет
11. Басшылық құрам мен қызметкерлерге арналған су сіңірмейтін қара түсті матадан тігілген жазғы нысандағы күрте, астарлы, қайырма бүгуіне дейін ілмекпен (сыдырма ілгек). Жағасы мен қайырмасы бүгілетін, белгілі алдынан бір түймеге ілгекпен қиыстырылған. Алды мен арқасы бойынша бұйым ұзындығының 1/3 биіктігі бар ініштер орналастырылған, ініштің төменгі бөлігі шетінен 3 см тігіспен бекітілген жеке шетпен ресімделген. Бұйымның сөрелерінде ініштер деңгейінен төмен және бел жолағынан жоғары диагональ бойынша ілгекті (сырмалы ілгекті) кесінді қалталар орналастырылған. Жеңі манжеттермен тігілген, шынтақ тігісінде кескіні, бір нысанды түймеге ілгегі бар. Сол жақ сөреде жапырақшасы бар жеке ініш бар. Жеңдері екі тігіспен тігілген, паттары бір нысанды түймеге ілінетін шлевоктар арқылы киілген. Бел жолағынан төмен сөрелерде жапырақшалары бар кесінді қалталар орналастырылған. Барлық рельефті жолақтарда және бөліктерде шетінен 0,2 және 0,7 см қосарланған өңдеу тігісі салынған (4-сурет).
5-сурет
12. Ауысым плащ матасынан тігілген плащ-пальто, ауыстырылатын жылытқышты, тік бейнелі, алынатын айылбасты белдікпен, 4 нысанды түймелі ілгекпен. Жағасы кесінді тіректе, 1 түймеге жабылады, бүгілетін қайырмасы бар. Қайырмада көзше ойма ілгектер. Бел жолағынан төмен сөрелерде жапырақшалы кесінді қалталар орналастырылған. Барлық рельефті жолақтарда және бөліктерде шетінен 0,2 және 0,7 см қосарланған өңдеу тігісі салынған (5-сурет).
6-сурет
13. Қара түсті драптан тігілген басшылық құрамға арналған ерлер қысқы пальтосы, жартылай жанасатын бейне, қара түсті цигейкадан жүн жағалы және қайырмалы, 4 нысанды түймеге жабылады. Сөрелерінде кесінді бүйірлері және белінде алдыңғы тігісі бар. Бел жолағынан төмен клапаны бар кесінді қалталар орналастырылған. Жеңдері орнатылған айрықша белгілерімен екі тігіспен тігілген. Арқасында рельефтері және шлицалы орталық тігісі бар. Рельефте бел жолағының деңгейінде арқаның ортасы бойынша 1 нысанды түймеге ілінетін белдік тігілген (6-сурет).
7-сурет
14. Қара түсті цигейкадан тігілген үсті қара былғары құлақшын бас киімі. Құлақшын бас киімінің ортасы бойынша белгіленген нысандағы кокарда орналастырылады (7-сурет).
15. Қара түсті су сіңірмейтін матадан тігілген күрте, астарлы, қайырма бүкпесіне дейін «сыдырма» ілгекті, ішкі «сыдырма» ілгекті алынатын жылыту астарымен, ағытылатын жағалы, тағылатын капюшонмен, бүйір тігістер ауданында сығылған, икемді баулармен реттелетін белдікпен (7-сурет).
Сөрелерінде клапанды жоғарғы кесінді қалталары, тігу тігісіне тігілген және шыртылдаққа жабылатын ініштері, жапырақшадағы бүйір кесінді қалталары бар. Арқасы інішпен. Арқасы және сөрелері бойынша жапсырма шытырлақтар.
Жеңдері екі тігісті, манжеттермен тігілген, резеңкемен тартылған.
Күртенің жылыту астары тік параллель тігістермен тігілген.
Күртенің алынатын жылыту астары күршекке және белдікшелі ілгекке жабылатын ішкі жапсырма қалтамен тік параллель тігістермен тігілген. Арқаның, сөренің асты, жеңдері бойынша жарық шағылтатын жолақ тігілген.
16. Комбинезон шалбары қара түсті су сіңірмейтін матадан орталық ішкі «сыдырма» ілгекті жылыту астарында, бретели аспа бауларымен, артында икемді баумен (7-сурет).
Алдыңғы бір бөліктері кесінді бүйірлердегі төменгі бүйір тігісіндегі желден қорғау клапандары бар «сыдырма» ілгекке және шыртылдаққа жабылатын бүйір қалталарымен.
Бел жолағы бойынша – икемді тігіспен реттелетін кулиска.
Шалбардың төменгі бөлігі бойынша жарық шағылыстыратын жолақ тігілген.
8-сурет
17. Унты етігі – таза қой терісінен жасалған жүн етік. Жүн унты етігінің балтыры қой терісінің екі қабатынан жасалған. Унты етігінің табаны киіз бен резеңкеден жасалған (8-сурет).
4. Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы
бар қызметкерлерінің әйелдерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) сипаттамасы
18. Әйелдерге арналған нысанды киімдердің жиынтығына:
1) китель – 9-сурет;
2) берет – 10-сурет;
3) галстук – 11-сурет;
4) қысқа жеңді жейде – 10-сурет;
5) ұзын жеңді жейде – 11-сурет;
6) юбка – 11-сурет;
7) шалбар – 10-сурет;
8) жаздық күрте – 12-сурет;
9) басшылық құрамға арналған қыстық пальто – 13-сурет;
10) қыстық күрте – 14-сурет жатады.
5. Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар
қызметкерлерінің әйелдерге арналған нысанды киімдерінің
(погондары жоқ) үлгілері
9-сурет
19. Қара түсті жартылай жүнді матадан тігілген китель. Астарлы, жартылай жанасатын бейне, бір жақты, қайырманың бүгілуіне дейін үш нысанды түймедегі ілмекпен, жағасы мен қайырмалары бүгіледі, жеңдері екі тігіспен тігілген, шынтақ тігісіндегі шлицамен және үш нысанды түймемен. Арқасының ортаңғы тігісі төменде шлицамен аяқталады, сөрелерінде кесінді бүйірлері және белі бойынша алдынғы тік қырнаулары, клапанды кесінді қалталары бар. Жеңдері екі тігісті тігілген, шлицаларында үш түйме бар (9-сурет).
10-сурет 11-сурет
20. Жазғы берет қара түсті мақта қағазы матасынан тігілген. Қысқы берет қара түсті жүн матадан тігілген (10-сурет).
Береттің шеттері жоқ, диаметрі 24-26 см түбінің бүйірлерінен тігілген екі жартысымен қосылады, ені 7 см төбе құрады, ол ені 1-1,5 см околышпен қосылады. Береттің ішкі жағынан – астыр, ал околыш жағынан – дерматиннен тігілген маңдайша. Береттің сыртынан, түбінің ортасында ұзындығы 1,5 см құрықша бекітілген.
Қызметкерлердің беретінде околышқа екі шағын нысанды түймелермен бекітілген таңдалған белдік болады. Көкжиек бойынша белдікті околыш пен маңдайшаның ішкі жақтарының арасында тігілген қара түсті екі метал ілгек ұстап тұрады.
Басшылық құрам әйелдерінің беретінде белдіктің орнына алтын түстес трунцалдан жасалған бау болады.
Береттің ортасы бойынша бекітілген нысандағы кокарда бекітіледі.
21. Қара түсті галстук немесе жартылай жүн матадан жасалған галстук (жалпы құрам үшін), онда алтын тәріздес жіптермен 3х2 см бүркіт пен күн тігілген (11-сурет).
22. Тік бейнедегі манжетпен жабылатын екі тігіспен тігілген қысқа жеңді жейде, ақ түсті ауысым матадан тігілген қысқа жеңді (жазғы нысанда). Жағасы үшкірленген шеттерімен бүгілетін, ілмек ені 3 см жеке шетті планкамен ресімделген, жеті нысанды түймеге жабылады. Планканың бойынан әрбір жағынан бір-бірден ені 2,5 см бүкпелер салынған. Алды бойынша жапсырма қалтаны жабатын бір түймеге жабылатын фигуралы клапан тігілген ініш орналастырылған. Арқасы бойынша ініш орналастырылған, оның ортасынан төмен қарай қақпа планка тігілген. Барлық рельефтері мен бөліктері бойынша өңдеу тігісі салынған (10-сурет).
23. Тік бейнедегі манжетпен жабылатын екі тігіспен тігілген ұзын жеңді жейде, кремний түсті ұзын жеңді жейде (қысқы нысанда). Ұзын жеңдері бір нысанды түймемен жабылады. Жағасы үшкірленген шеттерімен бүгілетін, ілмек ені 3 см жеке шетті планкамен ресімделген, жеті нысанды түймеге жабылады. Планканың бойынан әрбір жағынан бір-бірден ені 2,5 см бүкпелер салынған. Алды бойынша жапсырма қалтаны жабатын бір түймеге жабылатын фигуралы клапан тігілген ініш орналастырылған. Арқасы бойынша ініш орналастырылған, оның ортасынан төмен қарай қақпа планка тігілген. Барлық рельефтері мен бөліктері бойынша өңдеу тігісі салынған (11-сурет).
24. Қара түсті жартылай жүн матадан тігілген жазғы және қысқы нұсқадағы юбка. Тік бейнелі, астарлы, екі шлевокпен қиыстырылған белдік, бір түймеге жабылады. Юбканың артқы бөлігі шлицамен аяқталатын тігісті. Сол жақ бүйір тігісі бойынша «сыдырма» ілгегі бар (11-сурет).
25. Қара түсті жартылай жүн матадан тігілген жазғы және қысқы нұсқадағы шалбар. Тік, астарлы, түймелердегі ілгектері, екі бүйір қалталары бар, белдігі жеті шлевокпен қиыстырылған, бір түймеге жабылады. Шалбардың оң бөлігінде рамкаға бір түймеге жабылатын және кесін ілмекпен кесінді қалтасы бар (10-сурет).
12-сурет
26. Су сіңірмейтін қара түсті матадан тігілген күрте. Астарлы, тік бейнелі, алынатын айылбасты белдікпен. Бір жақты, 4 нысанды түймелі ілгекпен. Жағасы бүгілетін тіректе. Арқасы жеке інішпен, терең шлицамен аяқталатын ортаңғы тігіспен. Сол жақ тігістен сөрелерде рельеф. Рельефтің сол және оң жақтарынан қақпа інеш, бел жолағынан төмен жапырақшалы кесінді қалталар. Жеңдері бір тігіспен тігілген, паттары бір нысанды түймеге ілінетін шлевка арқылы киілген. Барлық рельефті жолақтарда және бөліктерде бұйымның төмені бойынша шетінен 0,2 және 0,7 см қосарланған өңдеу тігісі салынған (12-сурет).
13-сурет
27. Қара түсті драптан тігілген басшылық құрамға арналған қысқы пальтосы, қара түсті цигейкадан жүн жағалы. Сөреде оң иық тігісінен рельеф, бел жолағы бойынша рельефте арқаға өтетін, бір нысанды түймеге жабылатын айылбастар тігілген. Бел жолағында клапандардан жапсырма қалталар. Жеңдері бір нысанды түймемен жабылатын паттармен бір тігіспен тігілген. Барлық рельефті жолақтарда және бөліктерде ені шетінен 0,3 – 0,7 см өңдеу тігісі салынған (13-сурет).
14-сурет
28. Қара түсті су плащ матасынан тігілген қысқы күрте, қара түсті цигейкадан жүн жағалы және қайырмалы. Төрт нысанды түймеге жабылатын бір жақты. Арқасы орталық тігіспен кесінді қосарланған ініште. Ініштегі сөрелер шетінен 3 см тігіспен бекітілетін өңделген шетпен. Бел жолағы бойынша арқаға өтетін және орталық тігістің деңгейінде бір нысанды түймемен жабылатын белдік қиыстырылған. Бел жолағынан төмен клапанды кесінді қалталар, жеңдері төменгі бөлігі бойынша бір нысанды түймемен жабылатын айылбаспен екі тігіспен тігілген. Барлық рельефті жолақтарда және бөліктерде ені шетінен 0,3 – 0,7 см өңдеу тігісі салынған (14-сурет).
6. Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар
қызметкерлерінің айырым белгілерінің сипаттамасы
29. Айырым белгілеріне:
1) нөмірлі төс жетоны – 15-сурет;
2) жең шевроны – 16-сурет;
3) кокарда – 17-сурет;
4) нысанды түймелер – 18-сурет;
5) жеңдегі жапсырмалар – 19-сурет;
6) иықтағы жапсырмалар – 20-сурет.
7. Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар
қызметкерлерінің айырым белгілерінің үлгілері
15-сурет
30. Төс жетон диаметрі 80 мм шеңбер нысанында, реңінің түсі көгілдір, контуры бойынша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ көгілдір түсті жазуы бар ені 5 мм сары шеттеулері болады, металл қорытпасынан дайындалады.
Белгінің жоғарғы бөлігінде диаметрі 17 мм Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналастырылған. Елтаңбадан төмен оңы төменгі шетінен 3 мм қашықтықта қара шеттеумен алтын түстес мынадай жазу орналастырылады
КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ биіктігі 4 мм
Жетонның төменгі бөлігінде 7 х 20 мм ақ тікбұрыш орналасады, оның ішінде осы таңбаның нөмірімен қара шеттеумен сары түсті келесі үш таңбалы реттік нөмірімен «KZ» жазуы орналастырылған:
KZ 001 |
Шеттеудің төменгі бөлігінде тікбұрыштың астында өлшемі 5х3 мм көгілдір түсті ұлттық өрнек орналастырылған.
Төрт жағынан белгінің контуры бойынша симметриялы алтын түсті өлшемі 17х4 мм ұлттық өрнектер орналастырылған.
Үстіңгі жазу мен астынғы тікбұрышы арасында симметриялы Қазақстан Республикасының ақ түсті картасы және оның астындағы алтын түсті бүркіт болып табылатын стильденген түсті сурет орналастырылған (15-сурет).
16-сурет
31. Жең шевроны өлшемі 80х80 мм, реңінің түсі көгілдір, контуры бойынша ені 5 мм ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ көгілдір түсті жазуы бар сары шеттеумен, қалын матада арнайы жіптермен тігіледі.
Белгінің жоғарғы бөлігінде диаметрі 17 мм Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналастырылған. Елтаңбадан төмен оңы төменгі шетінен 7 мм қашықтықта ақ түсті мынадай жазу орналастырылады
КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ биіктігі 4 мм
Төменгі ініштен жоғары 7 мм қашықтықта ақ түсті жазу орналастырылады.
КОМИТЕТІ биіктігі 4 мм
Ініштің төменгі бөлігінде КОМИТЕТІ жазуының астында өлшемі 5х3 мм көгілдір түсті ұлттық өрнек орналастырылған.
Төрт жағынан белгінің контуры бойынша симметриялы алтын түсті өлшемі 17х4 мм ұлттық өрнектер орналастырылған.
Үстіңгі және астынғы жазулар арасында Қазақстан Республикасының ақ түсті картасы және оның астындағы алтын түсті бүркіт болып табылатын стильденген түсті сурет орналастырылған (16-сурет).
17-сурет
32. Кокарда реңінің түсі қара, белгіленген үлгідегі өлшемі 6 см х 6 см алтын логотипімен сопақ шеңбер болып табылады (17-сурет).
18-сурет
33. Нысанды түймелер шетінде жиегі бар, бекітілген үлгідегі дөңес нысандағы шеңбер болып табылады. Түймелердің диаметрі 22 мм – үлкен және 14 мм – кішкентай (18-сурет).
19-сурет
34. Жеңдегі жапсырмалар костюм матасы түстес аспапты шұғадан қалыптарға бөлек тігілген жеңдердің сыртқы жағы бойынша олардың төменгі шетіне қатарлас нысанды киімде орналасқан. Жеңнің төменгі жағынан оқаның төменгі бөлігіне дейінгі ара қашықтығы 80 мм құрайды (19-сурет).
Жеңдегі жапсырмалар - алтын түстес оқалар (кең және енсіз). Оқаның мөлшері: кеңнің ені – 30 мм, енсіз – 6 мм, ұзындығы – оқалар арасы саңылаулармен - 150 мм.
Енсіз оқалар кеңдердің жоғары жағында орналасады.
20-сурет
35. Иықтың жапсырмалары аспапты шұғадан, қосарланған бөз, қара шеттікпен (периметрі бойынша жалпы ені – 45 мм және ұзындығы 120 мм) орындалған (20-сурет).
Қалыптың төменгі жағынан 10 мм ара қашықтығында тиісті лауазымдар үшін бекітілген олардың арасы 3 мм саңылаулармен алтын түстес оқадан жапсырмалар тігілген. Оқаның ені: кең – 30 мм, енсіз - 6 мм.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 50 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар
қызметкерлерінің нысанды киімдерін (погондары жоқ) және айыру
белгілерін кию ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерін (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию ережесі (бұдан әрі – Ереже) нысанды киімдерді (погондары жоқ) және айыру белгілерін (бұдан әрі – нысанды киім) кию тәртібін анықтайды және мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) төс жетоны – мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлеріне жеке қолы бойынша берілетін сериялық және реттік нөмірі бар белгіленген нысандағы эмблема;
2) уәкілетті көліктік бақылау органының аумақтық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары;
3) уәкілетті көліктік бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;
4) нысанды киім – мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерінің қызметтік униформасы.
2-тарау. Нысанды киімді (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию
3. Нысанды киімді киюді мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлері уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерінің нысанды киімдерді (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию құқығы бар лауазымдарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.
4. Нысанды киім қызметтік міндеттерді орындау кезінде киіледі.
5. Нысанды киімнің барлық заттары белгіленген үлгілерге жауап берулері тиіс.
6. Нысанды киім ерлер және әйелдер киімдеріне бөлінеді. Жыл мезгіліне қарай нысанды киім киюдің әртүрлі жинақтары анықталған.
7. Жазғы нысанды киімнің жинағы мыналардан тұрады:
1) ерлерге арналған: китель, шалбар, қысқа жеңді ақ жейде, фуражка, күрте, плащ-пальто;
2) әйелдерге арналған: китель, шалбар, юбка, ұзын жеңді ақ жейде, берет, күрте.
8. Қысқы нысанды киімнің жинағы мыналардан тұрады:
1) ерлерге арналған: китель, шалбар, ұзын жеңді кремний түсті жейде, галстук, қысқы күрте, комбинезон шалбар, құлақшын бас киімі, унты етігі, басшылық құрамға арналған қысқы пальто;
2) әйелдерге арналған: китель, шалбар, юбка, ұзын жеңді кремний түсті жейде, галстук, қысқы күрте, басшылық құрамға арналған қысқы пальто.
9. Қызметтік униформаның барлық заттары тазартылған және үтіктелген болулары тиіс. Пальто, пиджак, сыртқы жейде қалталарының клапандары сыртына шығарылулары тиіс.
10. Аяқкиім жақсы жай-күйде, әрдайым тазартылған, бәтеңкелер және жартылай бәтеңкелер тиянақты баумен байланулары тиіс. Аяқкиім және шұлық түсі нысанды киімнің түсіне сәйкес келулері тиіс.
11. Берет қастан үш саусақ қашықтықта оң жаққа қиғаштанып киіледі.
12. Құлақшын бас киімін құлақтарын түсіріп киюге ауаның температурасы минус 10 Со және төмен болған кезде рұқсат беріледі.
13. Қысқы нысанды киімнен жазғыға және жазғы нысанды киімнен қысқыға ауысу уәкілетті көліктік бақылау органының бұйрығы бойынша сәйкес жүзеге асырылады.
14. Құрмет атақтарының белгілері төстің оң жағында тағылады. Жоғары немесе орта оқу орындарын аяқтау туралы белгілер төстің оң жағында тағылады.
15. Төс жетоны күртенің (кительдің, жейденің) алдынғы сол жақ жағында қалтада орналастырылады.
16. Жең шевроны кительдің сол жеңінде орналастырылады.
17. Иық жапсырмалары нысандық киімнің иық тігістерінде орналасады.
18. Жеңдегі жапсырмалар нысанды киімде жеңдердің сыртқы жағы бойынша, олардың төменгі шеті бойынша көлденең орналасады.
19. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдарының лауазымдары (мамандықтары) үшін келесі айырым белгілері белгіленген:
1) Комитеттің басшылық құрамы:
төраға – 2 кең және 1 енсіз оқа;
төрағаның орынбасары – 2 кең оқа;
басқарма бастығы – 1 кең және 1 енсіз оқа.
2) Комитеттің қызметкерлері:
бас сарапшы – 3 енсіз оқа;
сарапшы 1 – 2 енсіз оқа;
сарапшы 2 – 1 енсіз оқа.
3) Комитеттің аумақтық органдарының басшылық құрамы:
бастық – 1 кең және 1 енсіз оқа;
бастықтың орынбасары – 1 кең оқа;
бөлім бастығы – 3 енсіз оқа.
4) Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері:
бас маман – 2 енсіз оқа
жетекші маман – 1 енсіз оқа.
Енсіз оқалар кеңдердің жоғары жағында орналасады.
20. Мыналарға жол берілмейді:
нысанды киімнің белгіленбеген нысандағы заттарын кию;
нысанды киімге белгіленбеген үлгідегі төс жетондарын тағу;
нысанды киімді азаматтық киіммен ауыстыру;
нысанды киімді немесе төс жетонды оларға тиесілі емес тұлғаларға беру.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 50 бұйрығына
3-қосымша
Нысанды киімдерді (погондары жоқ) және айыру белгілерін кию
құқығы бар мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлері
лауазымдарының тізбесі
Р/с |
Көліктік бақылау органы |
Лауазымы |
Лауазымдық санаттар |
1 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті |
Төраға |
С-1 |
Төраға орынбасары |
С-2 |
||
Басқарма бастығы |
С-4 |
||
Бас сарапшы |
С-5 |
||
Сарапшы |
С-6 |
||
2 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары |
Бастық |
С-0-1 |
Бастықтың орынбасары |
С-0-2 |
||
Бөлім бастығы |
С-0-4 |
||
Бас маман |
С-0-5 |
||
Жетекші маман |
С-0-6 |