Мұқтаж азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізімін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 11/9-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда N 2824 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 56789 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысының 1 тармағының 14)тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар жеке тұлғалардың келесі санаттары белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалар;
      3) зейнетақының төмен мөлшерін алатын зейнеткерлік жастағы тұлғалар;
      4) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін тұлғалар;
      5) «Алтын алқа», «Күмiс алқа» белгiсiмен марапатталған немесе бұрын «Батыр – ана» атағын алған және І, ІІ дәрежелi «Ана Даңқы» ордендерiмен марапатталған көп балалы аналар;
      6) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн олар оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiн (бiрақ әрi дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн);
      7) жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйiнiң түлектерi, сонымен қатар аз қамтылған отбасыларынан шыққан жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттер;
      8) онкологиялық, ВИЧ жұқтырған және туберкулездiң түрлi түрлерiмен ауыратын азаматтар;
      9) оперативті қымбат тұратын емдеу жасауға мұқтаж болу салдарынан шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар (шығындары отбасының айлық табысының үш есе мөлшерінен асатын), өртке қарсы қызметтің қорытындысы бойынша өрт, әдейі өртемеген жағдайда, су тасқыны, сұрапыл апат, төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендер;
      10) саяси қуғын-сүргiн құрбандары, саяси құрғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғалар;
      11) аз қамтылған отбасылар (азаматтар).
      2. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізімі белгіленсін:
      1) әлеуметтiк көмек көрсету туралы өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұрақты тұрғын орны бойынша тіркеуді растайтын құжат (азаматтарды тiркеу кiтабы, мекенжай анықтамасы);
      4) онкологиялық аурумен ауыратын және туберкулездiң түрлi түрлерiмен ауыратын тұлғалардан басқа отбасының табысы туралы мәлiметтер;
      5) өтiнiш берушiнiң мәртебесiн растайтын құжат;
      6) осы шешімнің 1 тармағының 9) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаттары үшін – тиісті өкілді органмен берілген, ауыр өмірлік (төтенше) жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе басқа да құжат;
      7) оперативтік емделуге кеткен нақты қаржылық шығындарды немесе алдағы қаржылық шығындарды растайтын құжаттар немесе денсаулық сақтау органдарының өмірлік көрсеткіштер бойынша оперативтік емделуге жолдамасы;
      8) туберкулезбен ауыратындарға – өтініш берген күннен бастап туберкулезге қарсы диспансердің тізімдері;
      9) осы шешімнің 1 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаттары үшін оқу құнын және өтініш берушінің оқу фактісін растайтын жоғарғы оқу орындарының құжаттары.
      Құжаттар түпнұсқаларымен және көшірмелерімен ұсынылады, салыстырғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылып береді.
      3. Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі 32/8-IV «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (2011 жылғы 19 мамырдағы № 20 «Мой город Риддер» газетінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 16 мамырда № 5-4-148 тіркелді).
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Кезекті сессия төрағасы                    Н. Замятин

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Панченко