Тайынша ауданы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлкеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 2 тамыздағы N 527 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 тамызда N 13-11-242 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті;
      2) «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
      3) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
      4) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
      5) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті;
      6) «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламенті.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                И. Турков

Тайынша ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 тамыздағы
№ 527 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызмет регламенті «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»

       1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» Регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керісінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;
      2) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      3) учаскелік комиссияатаулы әлеуметтік көмек сұраған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды даярлау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі – уәкілетті орган), мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы көшесі, 2, электрондық пошта мекенжайы - ro_tajnsha@mail.ru, телефоны 8-715-36-21-0-25, № 1 кабинет, баламалы негізде Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 208 мекенжайында телефоны 8-715-36-23-6-89, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Тайынша ауданы бойынша бөлім (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы көрсетіледі.
      Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін селолық (ауылдық) округтің әкіміне (бұдан әрі – селолық округінің әкімі) жүгінеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 3-тармаққа жаңа редакция - Солтүстік Қазақстан облысы  Тайынша аудандық әкімдігінің 2012.09.24 № 453 Қаулысымен
      4. Мемлекеттік қызмет – «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 4-бабы 1-тармағы және «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысы, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-tsh.sko.kz интернет-ресурстарында, уәкілетті органдардың, селолық округі әкімінің стендтерде, ресми ақпарат көздерде болады.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
      9. ХҚКО құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердiң» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, ХҚКО инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы осы регламенттің 12 тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      уәкілетті органда – он жұмыс күні ішінде;
      тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – күнтізбелік отыз күннен аспайды;
      ХҚКО - он жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет құжатын қабылдау және беру (нәтижесін) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енбейді);
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда, ауылдық округтің әкімі 15 минуттан, ХҚКО 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда 15 минуттан аспайды, ауылдық округтің әкімі, ХҚКО – 30 минут.
      11. Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін тұтынушыға:
      1) уәкілетті органда немесе ауылдық округтің әкімінде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон беріледі;
      2) ХҚКО:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға бекітілген үлгідегі өтініш;
      2) бала (балалар) үшін – баланың туу туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) отбасының тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесін (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, немесе мекенжай бюросынан анықтамасын, немесе селолық округі әкімінің анықтамасы);
      5) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы жөніндегі мәліметтер;
      6) белгіленген үлгідегі отбасының мүшелерімен алынған табыс жөніндегі анықтама;
      7) асырап алушылар, қамқоршылар (қорғаншылар) асырап алу немесе балаға қамқорлық (қорғаншылық) орнату туралы тиісті органның шешімінен үзіндісін.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады. Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
      Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкiлеттiк беруге құқылы.
      Уәкiлеттi органда және ауылдық округ әкiмiнде өтiнiштердiң нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      ХҚКО бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      13. Жәрдемақы тағайындауда уәкілетті орган бас тартылады:
      1) егер отбасында баланың жұмысқа қабілетті ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс істемесе, күндізгі оқыту нысаны бойынша оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыспен қамту органында жұмыссыз ретінде тіркелмесе, әкесі немесе анасы (асырап алушылары) бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балалар, сексен жастан асқан тұлғалар, үш жасқа дейінгі бала күтімімен отырған жағдайлардан басқа;
      2) отбасының жан басына шаққандағы табысы белгіленген азық-түлік себетінің мөлшерінен асатын жағдайда.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға негіз болып табылады:
      1) баланың қайтыс болуы;
      2) баланы толық мемлекет қарауына алу;
      3) өтiнiш берушiнiң жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соқтыратын жалған мәлiметтердi беруi;
      4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгiленген жағдайларда ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, асырап алуды заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан босату немесе шеттету.
      Мемлекеттiк қызметтi ХҚКО арқылы көрсеткен кезде уәкiлеттi орган жоғарыда аталған себептер бойынша бас тарту себебiн жазбаша негіздейдi және құжаттар пакетiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде қайтарады және кейiннен тұтынушыға беру үшiн ХҚКО жiбередi.
      Құжаттардың ресiмделуiнде қателер анықталған кезде, осы Регламенттің 12 тармағында көзделген құжаттар жиынтығын толық ұсынбаған және құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда уәкілетті орган құжат жиынтығын алған соң үш жұмыс күні ішінде оларды кейін тұтынушыға беру үшін, кейін қайтару себебін жазбаша негіздеумен ХҚКО қайтарады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіздемелер жоқ.
      14. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
      ХҚКО жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін алу сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      уәкілетті органда, селолық округі әкіміне
      1) тұтынушы уәкілетті органға, селолық округі әкіміне өтініш білдіреді;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы, селолық округі әкімі осы Регламенттің 12-тармағында көзделген құжаттар және өтінішке тіркеу жүргізеді, тұтынушыға талон береді және қарастыруға басшыға жібереді;
      3) уәкілетті орган басшысы, селолық округі әкімі танысып, жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жібереді;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы істі қалыптастырады және құжатты қарастыру үшін учаскелік комиссияға жібереді;
      5) учаскелік комиссия тұтынушының материалдық тұрмыс жағдайына тексеріс жүргізіп, тұрмыс жағдайының актісін жасап және уәкілеттік органына және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      6) уәкілетті орган басшысы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапқа қол қоюға уәкілетті органның басшысына жолдайды;
      7) уәкілетті органның басшысы тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапқа қол қояды және жауапты маманға жібереді;
      8) уәкілетті органның жауапты маманы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты кітапқа тіркейді және тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты береді;
      ХҚКО арқылы
      1) тұтынушы ХҚКО өтініш білдіреді;
      2) ХҚКО инспекторы өтінішке тіркеу жүргізеді, тұтынушыға қолхат береді және осы Регламенттің 12-тармағында көзделген құжаттарды жинақтаушы бөлімге жібереді;
      3) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинайды және уәкілетті органға жібереді;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы алған құжаттарға толықтығын тексеріп, тіркеу жүргізеді және қарастыруға басшыға жібереді;
      5) уәкілетті орган басшысы құжаттарды қарастырып, жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жібереді;
      6) уәкілетті органның жауапты маманы, істі қалыптастырады және құжаттарды қарастыру үшін учаскелік комиссияға жібереді;
      7) учаскелік комиссия тұтынушының материалдық тұрмыс жағдайына тексеріс жүргізіп, тұрмыс жағдайының актісін жасап және уәкілеттік органына және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды;
      8) уәкілетті органның жауапты маманы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты кітапқа тіркейді және тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты береді;
      9) уәкілетті орган басшысы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапқа қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды;
      10) уәкілетті органның жауапты маманы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты кітапқа тіркейді және ХҚКО жолдайды;
      11) ХҚКО инспекторы тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауапты береді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті орган басшысы;
      2) селолық округі әкімі;
      3) учаскелік комиссия;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы;
      5) ХҚКО инспекторы;
      6) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы.
      17. Осы Регламенттің 1-қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) әрбір ҚФБ-мен реттілігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестеленген сипаттамасы келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызмет және ҚФБ көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігін көрсетуші сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті орган, ХҚКО басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалығы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданатын шешімдер мен іс-әрекеттеріне (іс-әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапкершілік атқарады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда арыз Регламенттің 2-тармағында көрсетілген заңды мекен-жайы, телефон арқылы, уәкілетті орган стендiнде көрсетiлген облыс әкімінің аппаратына, уәкілетті органның кабинет нөмірлері арқылы уәкілетті орган басшысының атына, ХҚКО -на жүгіне алады.
      20. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күнi және уақыты, шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

«18 жасқа дейінгі балалары бар
отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызмет
Регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы
1 кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы ағыны)

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

ХҚКО инспекторы

Жинақтаушы бөлім инспекторы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, журналда тіркеу және қолхат беру

Тізілім құрайды

Құжаттарды қабылдау, тексеру және журналда тіркеу

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
өкімші шешім)

Жинақ бөлімінің инспекторына құжаттарды жіберу

Уәкілетті органға құжаттарды жіберу

Уәкілетті органның басшысына қарастыру үшін құжаттарды жіберу

Орындау мерзімдері

30 минут

Күніне 2 рет кем емес

1 күн ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы ағыны)

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Учаскелік комиссия

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттармен танысып, резолюция қою.

Құжаттарды жинау және тексеру

Құжаттарды қабылдау, тұтынушының (отбасының) материалдық тұру жағдайына тексеру жүргізу. Қорытынды дайындау

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
өкімші шешім)

Жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жібереді

Құжаттарды учаскелік комиссияға жіберу

Уәкілетті органға қорытындыны жолдау

Орындау мерзімдері

30 минут

1 сағат

7 күн ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

7

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы ағыны)

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

7

8

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттар мен қорытындыны қабылдау, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау немесе негізделген бас тарту туралы шешім даярлау және хабарлама немесе негізделген бас тартуды ресімдеу

Хабарлама немесе негізделген бас тарту ресімдеуге қол қояды

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
өкімші шешім)

Құжаттарды басшыға қол қоюға жолдау

Хабарлама немесе негізделген бас тартуды уәкілетті органның жауапты маманына жібереді

Орындау мерзімдері

1 күн ішінде

30 минут

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

8

9

Негізгі үдерістің, іс-әрекеті (жұмыс барысы ағыны)

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

9

10

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

ХҚКО инспекторы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Хабарлама немесе негізделген бас тартуды журналда тіркеу

Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
өкімші шешім)

Тұтынушыға, ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау, хабарлама немесе негізделген бас тартуды беру туралы қолхат

Хабарлама немесе негізделген бас тартуды беру туралы қолхат

Орындау мерзімдері

1 сағат

1 күн ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

10

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

ХҚКО инспекторы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Учаскелік

комиссия

№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінішті тіркеу, құжаттарды уәкілетті органға жолдау

№ 2 іс-әрекет Тұтынушылардан немесе ХҚКО өтініштерін қабылдау, тіркеу талонын беру, құжаттарды уәкілетті орган басшысына жолдау

№ 3 іс-әрекет Құжаттарды қарастыру, резолюция қою, жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жіберу

№ 4 іс-әрекет
Құжаттар мен қорытындыларды қабылдау, құжаттарды учаскелік комиссияға жолдау

№ 5 іс-әрекет

Тұтынушының (отбасының) материалдық жағдайын тексеру жүргізу, отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасау және уәкілетті органға қорытындыны жолдау

№ 6 іс-әрекет
Құжаттар мен қорытындыны қабылдау, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау туралы қорытындыны және хабарламаны ресімдеу

№ 7 іс-әрекет
Хабарламаға қол қою

№ 8 іс-әрекет
Хабарламаны тіркеу және хабарламаны тұтынушыға, ХҚКО жолдау

№ 9 іс-әрекет Тұтынушыға хабарлама беру

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

ХҚКО инспекторы

ХҚКО-тың жинақтаушы бөлімі инспекторы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Учаскелік комиссия

№ 1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдау, журналда тіркеу, жинақтаушы бөлімге беру және қазмет алушыға қолхат беру

№ 2 іс-әрекет Құжаттарды жинайды, тізім құрайды және уәкілетті органға жолдайды

№ 3 іс-әрекет Қабылданған құжаттардың тіркеуін жүргізеді және басшыға қарастыру үшін жібереді

№ 4 іс-әрекет
Құжаттарды қарастыру, резолюция қою, жұмысты бұдан әрі жалғастыру үшін жауапты маманға жіберу

№ 5 іс-әрекет Құжаттарды жинау, тексеру және учаскелік комиссияға жіберу

№ 6 іс-әрекет

Тұтынушының (отбасының) материалдық жағдайын тексеру жүргізу, отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасау және уәкілетті органға қорытындыны жолдау

№ 7 іс-әрекет Құжаттар мен қорытындыны қабылдау, бас тарту туралы негізделген жауап даярлау

№ 8 іс-әрекет Бас тарту туралы не
гізделген жауапқа қол қояды

№ 10 іс-әрекет Тұтынушыға бас тарту туралы не
гізделген жауап береді

№ 9 іс-әрекет Бас тарту туралы негізделген жауапты тіркейді және ХҚКО жолдайды

«18 жасқа дейінгі балалары бар
отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар
тағайындау» мемлекеттік қызмет
Регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын сипаттаушы сызбалар

Тайынша ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 тамыздағы
№ 527 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызмет регламенті «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»

       1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тiл маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу» (бұдан әрі-Регламент) Регламентінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы (өтініш беруші) - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі тұтынушылар);
      2) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы көшесі, 2, электрондық пошта мекенжайы - ro_tajnsha@mail.ru, телефоны 8-715-36-21-0-25, № 1 кабинет.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:  автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 3-тармаққа жаңа редакция - Солтүстік Қазақстан облысы  Тайынша аудандық әкімдігінің 2012.09.24 № 453 Қаулысымен
      4. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңы 21-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысымен бекiтiлген Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету Ережесi, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-tsh.sko.kz интернет-ресурстарында, уәкілетті органдардың стендтерде, ресми ақпарат көздерде болады.
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң өтiнiш берушi алатын нәтижесi, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметiн және естiмейтiндiгi бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметiн беру үшiн мүгедектердiң құжаттарын ресiмдеу туралы хабарлама не қағаз тасымалдаушыда қызмет көрсетуден негізделген бас тарту жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі: Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ және шетелдіктерге. (бұдан әрі – тұтынушылар):
      1) жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық қорытындысы негізінде қозғалыста қиыншылықтары бар бірінші топтағы мүгедектерге;
      2) ымдау тілінің маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық қорытындысы негізінде ымдау тіліне дағдылары бар есту бойынша мүгедектерге.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы осы регламенттің 12-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күнi iшiнде;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты бiр тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартылады:
      1) тұтынушының бойында жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметiн және естiмейтiндiгi бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметiн беруге қарсы медициналық көрсетiлiмдер болған;
      2) осы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн талап етiлетiн құжаттардың бiреуi болмаған, құжаттарды ресiмдеуде қателiктер табылған;
      3) ұсынылған мәлiметтер мен құжаттар дұрыс болмаған жағдайда.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.
      10. Уәкілетті органның үй-жайы қажетті құжаттарды дайындау үшін, үстелмен, орындықтармен, ақпараттық стендтермен жабдықталған, күту залы бар сондай-ақ үй-жайда мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған.
      Уәкілетті органның үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттың қауіпсіздік талаптарына үйлесімді, күзетпен және өрт дабылымен жабдықталды.
      11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы бекітілген үлгідегі өтініш және қажетті құжаттардың тізімін мемлекеттік қызмет алуға ұсынады;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді;
      3) уәкілетті органның басшысы қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманға құжаттарды жолдайды;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы тұтынушыдан ұсынылған өтінішке қарауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды;
      5) уәкілетті органның басшысы тұтынушыны есепке қою туралы хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті орган жауапты маманға жолдайды;
      6) уәкілетті органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрi болса) көрсете отырып, белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
      2) мүгедектiң жеке оңалту бағдарламасынан үзiндi көшiрменi;
      3) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесiн;
      4) мүгедектiгi туралы анықтаманы ұсынады.
      13. Өтініштер нысандары уәкілетті органның күту залында орналастырылады немесе мекенжайы бойынша құжаттар қабылдайтын қызметкерлерде болады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған өтініш үлгілері және басқа құжаттар № 1 кабинетке уәкілетті органның мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу бойынша жауапты маманына тапсырылады.
      Жауапты тұлғалар кабинеттерінің нөмірлері туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараты орналастырылған уәкілетті органның стендінде орналастырылған.
      15. Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін уәкілетті органда тұтынушыға мемлекеттік қызмет тіркеу мен алу датасын, құжаттар қабылдаған тұлғаның тегі аты-жөні көрсетумен талон беріледі.
      16. Қызмет беру үшін құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткізу тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға тұтынушының өзі келгенде, сондай-ақ пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
      Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.
      17. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi:
      демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Қабылдау кезек тәртібінде жүзеге асырылады, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (әрі қарай - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті орган басшысы;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы.
      19. Осы Регламенттің 1-қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) әрбір ҚФБ-мен реттілігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестеленген сипаттамасы келтірілген.
      20. Мемлекеттік қызмет және ҚФБ көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігін көрсетуші сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

      21. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын жауапты тұлға уәкілетті орган басшысы мен лауазымды тұлғалар (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалығы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданатын шешімдер мен іс-әрекеттеріне (іс-әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапкершілік атқарады.
      22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      23. Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

«Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы
мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту
бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тiл
маманының қызметтерiн ұсыну үшiн
мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қабылдау, құжаттарды тіркеу, тұтынушыға талон беру

Құжаттарды қарастыру және өтінішке бұрыштама қою

Құжаттарды қарастыру, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асыру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйым
дық-өкімші шешім)

Басшыға құжаттарды қарастыру үшін жіберу

Жауапты маманға орындау үшін жіберу

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін басшыға қол қою үшін жіберу

Орындау мерзімдері

15 минуттан артық емес

1сағат ішінде

9 жұмыс күні ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті орган жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті орган жауапты маманға жолдайды

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім)

Құжаттарға қол қою

Нәтиже беру

Орындау мерзімдері

1 сағат ішінде

15 минуттан артық емес

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Уәкілетті орган жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекет 1.

өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

Іс-әрекет 2.

қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды

Іс-әрекет 3.

өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, хабарлама дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды

Іс-әрекет 5

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама жауабын береді

Іс-әрекет 4

тұтынушыны мемлекеттік қызмет көрсетуге есепке қою туралы хабарламаға қол қояды және уәкілетті орган жауапты маманға жолдайды

3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекет 1.

өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

Іс-әрекет 2.

қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды

Іс-әрекет 3.

өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, және қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды

Іс-әрекет 5

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді

Іс-әрекет 4

қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабына қол қояды және уәкілетті орган жауапты маманға жолдайды

«Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы
мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту
бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тiл
маманының қызметтерiн ұсыну үшiн
мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын сипаттаушы сызбалар

Тайынша ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 тамыздағы
№ 527 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызмет регламенті «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

       1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» (бұдан әрі - Регламент) Регламентінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы (өтініш беруші) - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, мүгедек болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      2) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы көшесі, 2, электрондық пошта мекенжайы - ro_tajnsha@mail.ru, телефоны 8-715-36-21-0-25, № 1 кабинет.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:  автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 3-тармаққа жаңа редакция - Солтүстік Қазақстан облысы  Тайынша аудандық әкімдігінің 2012.09.24 № 453 Қаулысымен
      4. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Ережесiнің, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-tsh.sko.kz интернет-ресурстарында, уәкілетті органдардың стендтерде, ресми ақпарат көздерде болады.
      6. Тұтынушы алатын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтиже): мүгедектерді кресло-арбалармен қамтылу үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, немесе қағаз жеткізгіштегі қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап.
      Кресло тізім бойынша тегі, аты-жөнін, алу датасын, алу жөніндегі белгісін, мүгедектің зейнетақы куәлігінің нөмірін, туылған жылын, тұрғылықты мекенжайын, колясканың атауын уәкілетті органмен көрсетіліп беріледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, мүгедек болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
      Жеке кәсіпкер – жұмыс беруші қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда берушінің кінәсімен еңбек жарақатынан немесе кәсіби науқастан болған мүгедектерге көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi тұтынушы осы Регламенттің 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде;
      2) тұтынушы өтiнiш бiлдiрген күнгi көрсетiлетiн орында мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiнгi күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты бiр тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең көп рұқсат етiлген уақыты уәкiлеттi органда 15 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мынадай негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады:
      1) тұтынушының мүгедектерге арнайы қозғалыс құралдарын беруге медициналық қарсы көрсетiлiмдерi болғанда;
      2) аталған мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн талап етiлетiн құжаттардың бiреуi болмағанда;
      3) жалған мәлiметтер мен құжаттар ұсынылғанда;
      4) жұмыс берушi – жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге, егер олардың қызметi заңнамада белгiленген тәртiппен тоқтатылмаған жағдайда бас тартылуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.
      10. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы бекітілген үлгідегі өтініш және қажетті құжаттардың тізімін мемлекеттік қызмет алуға уәкілетті органның жауапты маманына ұсынады;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді;
      3) уәкілетті орган басшысы қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманға құжаттарды жолдайды;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы тұтынушыдан ұсынылған өтінішке қарауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды;
      5) уәкілетті орган басшысы тұтынушыны есепке қою туралы хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті орган жауапты маманға жолдайды;
      6) уәкілетті орган жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн көрсете отырып, белгiленген үлгiдегi өтiнiштi, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрi болғанда);
      2) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын;
      3) жұмыс берушi – жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек жарақаты немесе кәсiптiк ауру салдарынан мүгедек болғандар үшiн – жазатайым оқиға туралы актiнiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң – жеке кәсiпкердiң қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.
      Мүгедектiң өзiнiң баруға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтiн сенiмхат негiзiнде кресло-арба беруге өтiнiш жасауға басқа адамдарға уәкiлеттiк бере алады.
      Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға уәкiлеттi органда – өтiнiш берушiнiң тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi:
      демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (әрі қарай - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті орган басшысы;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы.
      13. Осы Регламенттің 1-қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) әрбір ҚФБ-мен реттілігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестеленген сипаттамасы келтірілген.
      14. Мемлекеттік қызмет және ҚФБ көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігін көрсетуші сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

      15. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті орган басшысы мен лауазымды тұлғалар (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданатын шешімдер мен іс-әрекеттеріне (іс-әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапкершілік атқарады.
      16. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      17. Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру
үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Өтініш қабылдау, құжаттарды тіркеу, тұтынушыға талон беру

Құжаттарды қарастыру және өтінішке бұрыштама қою

Құжаттарды қарастыру, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асыру, хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын дайындау

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
өкімші шешім)

Басшыға құжаттарды қарастыру үшін жіберу

Жауапты маманға орындау үшін жіберу

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін басшыға қол қою үшін жіберу

Орындау мерзімдері

15 минуттан артық емес

1 сағат ішінде

9 жұмыс күні ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті орган жауапты маманға жолдайды

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім)

Құжаттарға қол қою

Нәтиже беру

Орындау мерзімдері

1 сағат ішінде

15 минуттан артық емес

2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Уәкілетті орган жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекет 1.

Өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

Іс-әрекет 2.

Қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды

Іс-әрекет 3.

Өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, хабарлама дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды

Іс-әрекет 5

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама жауабын береді

Іс-әрекет 4

тұтынушыны мемлекеттік қызмет көрсетуге есепке қою туралы хабарламаға қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның

жауапты маманы

Іс-әрекет 1.

өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

Іс-әрекет 2.

қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды

Іс-әрекет 3.

өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, және қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды

Іс-әрекет 5

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді

Іс-әрекет 4

қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабына қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру
үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын сипаттаушы сызба

Тайынша ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 тамыздағы
№ 527 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызмет регламенті «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

       1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» Регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы – жеке тұлғалар: мүгедек және мүгедек бала болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      2) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы көшесі, 2, электрондық пошта мекенжайы - ro_tajnsha@mail.ru, телефоны 8-715-36-21-0-25, № 1 кабинет.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:  автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 3-тармаққа жаңа редакция - Солтүстік Қазақстан облысы  Тайынша аудандық әкімдігінің 2012.09.24 № 453 Қаулысымен
      4. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну Ережесiнің, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы негізінде ұсынылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-tsh.sko.kz интернет-ресурстарында, уәкілетті органдардың стендтерде, ресми ақпарат көздерде болады.
      6. Тұтынушы алатын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтиже): санаторлық-курорттық емдеумен қамтылу үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, немесе қағаз жеткізгіштегі қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: мүгедек және мүгедек бала болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетiледi.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушының осы Регламенттің 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты бiр тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады:
      1) тұтынушыны санаторийлiк-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қарсы медициналық көрсетiлiмдер болған;
      2) аталған мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн талап етiлетiн құжаттардың бiреуi болмаған, құжаттарды ресiмдеуде қателiктер табылған;
      3) ұсынылған мәлiметтер мен құжаттар дұрыс болмаған негiздемелер бойынша.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.
      10. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы бекітілген үлгідегі өтініш және қажетті құжаттардың тізімін мемлекеттік қызмет алуға уәкілетті органның жауап маманына ұсынады;
      2) уәкілетті органның жауап маманы өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді;
      3) уәкілетті орган басшысы қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманға құжаттарды жолдайды;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы тұтынушыдан ұсынылған өтінішке қарауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды;
      5) уәкілетті орган басшысы тұтынушыны есепке қою туралы хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды;
      6) уәкілетті орган жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн (болса, жеке сәйкестендiру нөмiрiн) көрсете отырып белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      3) мүгедек балалар үшiн – баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн және оның заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      4) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторлық-курорттық картасының көшiрмесiн;
      5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің аңықтамасын);
      6) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме;
      7) мүгедектiң жазбаша келiсiмiмен басқа адам өтiнiш беретiн кезде – оның жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.
      Барлық қажетті құжаттарды тапсырған соң тұтынушыға мемлекеттік қызмет алуға тұтынушы тіркелген және алатын күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi:
      демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):
      1) уәкілетті орган басшысы;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы
      3) уәкілетті органның бас маманы.
      13. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындау мерзімі көрсетілген әр ҚФБ дәйектілігі және әкімшілік іс-әрекеттердің қарым-қатынастарының (рәсімдер, функциялар, операциялар) мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ логикалық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қыметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

      15. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы мен лауазымды тұлғалар (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданатын шешімдер мен іс-әрекеттеріне (іс-әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапкершілік атқарады.
      16. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      17. Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледі.

«Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен
қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қабылдау, құжаттарды тіркеу, тұтынушыға талон беру

Құжаттарды қарастыру және өтінішке бұрыштама қою

Құжаттарды қарастыру, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асыру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім)

Басшыға құжаттарды қарастыру үшін жіберу

Жауапты маманға орындау үшін жіберу

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін басшыға қол қою үшін жіберу

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні ішінде

1 сағат ішінде

9 жұмыс күні ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті орган жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті орган жауапты маманына жолдайды

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім)

Құжаттарға қол қою

Нәтиже беру

Орындау мерзімдері

1 сағат ішінде

15 минуттан артық емес

2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның

жауапты маманы

Іс-әрекет 1.

өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

Іс-әрекет 2.

қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды

Іс-әрекет 3.

өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, хабарлама дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды

Іс-әрекет 5

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама жауабын береді

Іс-әрекет 4

тұтынушыны мемлекеттік қызмет көрсетуге есепке қою туралы хабарламаға қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды

3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның

жауапты маманы

Іс-әрекет 1.

өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

Іс-әрекет 2.

қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды

Іс-әрекет 3.

өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, және қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды

Іс-әрекет 5

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді

Іс-әрекет 4

қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабына қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды

«Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен
қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын сипаттаушы сызбалар

Тайынша ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 тамыздағы
№ 527 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызмет регламенті «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» Регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы – жеке тұлға, тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар, аталған жерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасы (азаматтар);
      2) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы көшесі, 2, электрондық пошта мекен-жайы - ro_tajnsha@mail.ru, телефоны 8-715-36-21-0-25, № 1 кабинет.
      Сондай-ақ мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Тайынша ауданы бойынша бөлім арқылы көрсетіледі, мекенжайы: СҚО, Тайынша ауданы Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 208, телефоны 8-715-36-23-6-89.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-тарауы, «Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы және жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімдері негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-tsh.sko.kz интернет-ресурстарында, уәкілетті органдардың стендтерде, ресми ақпарат көздерде болады.
      6. Тұтынушы алатын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтиже): тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, немесе қағаз жеткізгіште қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар, аталған жерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
      1) орындықтар, үстелдер, толтырылған арыз үлгілері бар ақпараттық стенділермен жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған уәкілетті органның үй-жайында;
      2) күту залында анықтама бюросы, креслолар, толтырылған арыз үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған ХҚКО үй-жайында.
      Уәкілетті органның және ХҚКО үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттың қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне үйлестірілген, үй-жай режимі - еркін.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы осы регламенттің 10-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      - уәкілетті органда – 10 күнтізбелік күн ішінде;
      - ХҚКО – 10 күнтізбелік күн ішінде (мемлекеттік қызмет құжатын (нәтижесін) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енбейді);
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты бiр тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкiлеттi органда 15 минуттан, ХҚКО 30 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты уәкiлеттi органда 15 минуттан аспайды, ХҚКО – 30 минут.
      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін;
      4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің аңықтамасын);
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      7) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және кондоминиум объектісін басқару органы басшысының мөрімен, қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      8) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      10) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың түпкілікті тізбесі жергілікті өкілетті органдардың (мәслихаттардың) шешімімен айқындалады.
      11. Өтініш нысандары уәкілетті органның күту залындағы стенділерде орналастырылады немесе құжаттар қабылдайтын қызметкерлерде болады.
      ХҚКО өтініштер нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналасқан.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi толтырылған өтiнiш керекті құжаттармен уәкiлеттi органның жауапты адамына тапсырылады.
      Жауапты адамның кабинет нөмiрi туралы мәлiметтер мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде ақпарат жазылған уәкiлеттi органның стендiсiнде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет ХҚКО арқылы көрсетiлгенде құжаттар «терезелердiң» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ ХҚКО инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      13. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға беріледі:
      1) уәкiлеттi органда – тұтынушыны тiркеу және оның мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон;
      2) ХҚКО - өтiнiштiң нөмiрi мен қабылдаған күнi;
      сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      ХҚКО құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған жауапты инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      14. Тұрғын үй көмегiн тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру:
      1) уәкiлеттi органға жүгiнген кезде тұтынушының тiкелей өзi баруы не пошталық хабарлама арқылы;
      2) ХҚКО өзi барған кезде қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      15. Уәкілетті орган, егер тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметі телекоммуникация желісіне қосылған телефон қызметінің абоненттік төлемінің көтерілген бөлігі үшін, жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқару органымен жалданған тұрғын үй төлемдерінің осы мақсаттарға жергілікті өкілді органымен (мәслихатпен) белгілеген отбасы шығындары деңгейі шама шегінен аспайтын жағдайда тұтынушыға қызмет ұсынудан бас тартады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi тоқтата тұрудың негiздемесi жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмiмен айқындалады.
      16. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
      ХҚКО жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
      17. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш келіп түскен сәттен бастап және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуға дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      Уәкілетті орган арқылы:
      1) уәкілетті органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушыдан белгіленген үлгідегі өтінішті және қажетті құжаттар тізбесін алады, тұтынушыға арызын және қоса берілген құжаттарын алғандығы жөнінде талон береді, өтінішті журналда тіркейді, өтінішке кіріс нөмірін қояды, және жинақталған істі уәкілетті органның басшысына береді;
      2) уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжатпен танысады, және бұрыштама қойып тұрғын үй көмегін көрсету секторы меңгерушісіне жолдайды;
      3) уәкілетті органның сектор меңгерушісі келіп түскен құжаттарды тұрғын үй көмегін көрсету бойынша мемлекеттік қызмет алуға тұтынушының құқығын анықтау үшін келіп түскен құжаттарды уәкілетті органның сектор мамандарына бөледі;
      4) уәкілетті органның сектор маманы тұрғын үй көмегін алуға қызмет тұтынушысының құқығын анықтау үшін келіп түскен құжаттарды қарайды, тұтынушыға тұрғын үй көмегі тағайындалғаны жөнінде хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және қол қою үшін уәкілетті органның басшысына береді;
      5) уәкілетті органның басшысы тұтынушыға тұрғын үй көмегі тағайындалғаны жөнінде хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды, және мемлекеттік қызмет нәтижесін тұтынушыға беру үшін уәкілетті органның жауапты маманына жібереді;
      6) уәкілетті органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тұтынушыға береді: тұрғын үй көмегі тағайындалғаны жөнінде хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
      ХҚКО арқылы:
      1) тұтынушы ХҚКО инспекторына өтініш береді;
      2) ХҚКО инспекторы осы Регламенттің 10-тармағында көрсетілген өтінішті және қажетті құжаттарды қабылдайды, өтінішті тіркеуді жүргізеді, тұтынушыға қолхат береді және жинақтау бөліміне тапсырады;
      3) ХҚКО жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттар жинайды және уәкілетті органға тапсырады;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы құжаттардың толықтығын тексереді, тіркеуді жүргізеді және қарауға басшыға тапсырады;
      5) уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттармен таныстыруды іске асырады, қарар белгілейді және уәкілетті органның сектор меңгерушісіне жібереді;
      6) уәкілетті орган секторының меңгерушісі тұрғын үй көмегін алуға тұтынушының мемлекеттік қызметке құқықтарын айқындау үшін келіп түскен құжаттарды сектор мамандары арасында бөліп береді;
      7) уәкілетті орган секторының маманы тұрғын үй көмегін алуға тұтынушының қызметке құқықтарын айқындауға келіп түскен құжаттарды қарайды, тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе одан бас тарту жөнінде дәлелді жауап туралы хабарлама дайындайды, және уәкілетті органның басшысына қол қоюға береді;
      8) уәкілетті органның басшысы тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе одан бас тарту жөнінде дәлелді жауап туралы хабарламаға қол қояды, және уәкілетті органның жауапты маманына береді;
      9) уәкілетті органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кітабына тіркейді және халыққа ХҚКО-на хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді;
      10) ХҚКО инспекторы тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

      18. Ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар: тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты жасырын ұстау.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (әрі қарай - ҚФБ):
      1) уәкілетті органның басшысы;
      2) уәкілетті органның секторының меңгерушісі;
      3) уәкілетті органның секторының маманы;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы;
      5) ХҚКО инспекторы;
      6) ХҚКО жинақтау бөлімінің инспекторы.
      20. Әрбір ҚФБ қарапайым іс-әрекеттерінің (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) реттілігінің мәтіндік кестеленген сипаттамасы, әрбір іс-әрекеттің орындау мерзімінің көрсетілуімен, осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      21. Мемлекеттік қызмет және ҚФБ көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігін көрсетуші сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қыметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты адамдар уәкілетті органның басшысы, уәкілетті органның жауапты қызметкерлері, ХҚКО басшылары және олардың инспекторлары (бұдан әрі – лауазымдық тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдері мен іс-әрекеттері (іс-әрекетсіздігі) үшін, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапты болады.
      23. Мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа шағымдауға құқылы.
      Жазбаша өтінішпен арызданған тұлғаға берілген шағымға жауап алу датасы мен уақыты, өтінішті қарау тәртібі туралы білуге болатын тұлғалардың байланыс телефондары көрсетілген талон беріледі.

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігі мен өзара байланысын сипаттау
Кесте 1. Уәкілетті органдағы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі (баламалы) үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Барлық қажетті құжаттармен өтінішті қабылдау және тұтыну шыға талон беру

Азаматтардың жазбаша өтініштерін тіркеу және есепке алу журналына өтініштерді тіркеу, бұрыштама қою үшін істі уәкілетті органның басшысына беру

Өтінішке бұрыштама қою және істі мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін

уәкілетті орган секторының меңгерушісіне жіберу

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру–
бөлу шешімі)

Мемлекеттік қызмет тұтынушыға үзінді талонды беру

Кіру номерінің берілуі

Бұрыштама (тапсырыс)

Орындалу мерзімдері

15 минуттан артық емес

15 минут

1 сағат

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі (баламалы) үдерістің іс-әрекеттер сипаттамасының жалғасы (барысы, жұмыс ағыны)

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

4

5

6

7

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган сек
торының
меңгеруші
сі

Уәкілетті
орган
секторының
маманы

Уәкілетті
органның
басшысы

Уәкілетті
органның
жауапты
маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы
ның тұрғын
үй көмегін
алу құқы
ғын анық
тау үшін
сектор ма
мандарына
бастықтың
бұрыштама
сы бар өті
ніштерді
бөлу

Тұтынушының тұрғын үй көмегін алу құқығын анықтау үшін істерді қарау, тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау немесе негізделген бас тарту туралы хабарламаны дайындау

Тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау немесе негізделген бас тарту туралы хабарламаға қол қою

Азаматтардың жазбаша өтініштерін тіркеу және есепке алу журналында белгі (шығыс) қою

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру–
бөлу шешімі)

Бұрыштама (тапсырыс)

Тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау немесе негізделген бас тарту туралы хабарлама жобасын бастыққа қол қоюға беру

Хабарламаға қол қою

Хабарламаны тұтынушыға қолын қойдыру арқылы беру

Орындалу мерзімдері

15 минут

8 күнтізбе
лік күн

1 сағат

15 минуттан артық емес

Келесі іс-әректтің нөмірі

5

6

7

Кесте 2. Уәкілетті органдағы ҚФБ-ң ХҚКО қатысуымен іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі (баламалы) үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

ХҚКО инспек
торы

ХҚКО
жинақтау
бөлімі
нің инс
пекторы

Уәкілетті
органның
жауапты
маманы

Уәкілетті
органның
басшысы

Уәкілетті орган сек
торының
меңгеруші
сі

Іс-әрекет
тің (үдеріс
тің, рәсім
нің, опера
цияның)
атауы және
олардың
сипаттамасы

Барлық
қажетті
құжат
тармен
өтініш
ті қа
былдау
және
оларды
тіркеу,
тұтыну
шыға
қолхат
беру

Құжаттар
ды жи
нау, ті
зілім
құрау
және құ
жаттарды
уәкілет
ті орган
ға жібе
ру

Тұтынушы
өтінішін
тіркеу
және
уәкілетті
органның
басшысына
бұрыштама
қою үшін
беру

Өтінішке бұрыштама қою және мемлекет
тік қыз
мет көр
сетуді ұй
ымдастыру
үшін тұр
ғын үй
көмегі
секторы
ның мең
герушісі
не жіберу

Тұтынушы
ның тұрғын
үй көмегін
алу құқы
ғын анық
тау үшін
сектор ма
мандарына
бастықтың
бұрыштама
сы бар өті
ніштерді
бөлу

Аяқтау
нысаны
(деректер,
құжат, ұйым
дастыру–
бөлу
шешімі)

Өтініш
терді
тіркеу,
тұтыну
шыға
қолхат
беру,
құжат
тарды
ХҚКО жи
нақтау
бөлімі
нің инс
пекторы
на беру

Құжаттар
ды уәкі
летті
органға
жіберу

Кіріс нөмірін белгілеу және істерді уәкілетті органның басшысына бұрыштама қою үшін беру

Бұрыштама
(тапсы
рыс)

Бұрыштама
(тапсырыс)

Орындалу мерзімдері

30 ми
нуттан
артық
емес

Жұмыс
күндері
1 реттен
кем емес

1 сағат

1 сағат

1 сағат

Келесі іс-
әрекеттің
нөмірі

2

3

4

5

6

Негізгі (баламалы) үдерістің іс-әрекеттер сипаттамасының жалғасы (барысы, жұмыс ағыны)

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

6

7

8

9

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган секторының маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының тұрғын үй көмегін алу құқығын анықтау үшін істерді қарау, Тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау немесе негізделген бас тарту туралы хабарламаны дайындау

Тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау немесе негізделген бас тарту туралы хабарламаға қол қою

Азаматтардың жазбаша өтініштерін тіркеу және есепке алу журналында белгі (шығыс) қою

Уәкілетті органнан хабарлама алу және тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау немесе не
гізделген бас тарту туралы ха
барламаны беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйым
дастыру–бөлу
шешімі)

Тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау немесе негізделген бас тарту туралы хабарлама жобасын басшыға қол қоюға беру

Хабарламаға қол қою

ХҚКО курьеріне қол қойдыру арқылы хабарламаны беру

Тұрғын үй көмегінің тағайындал
ғаны неме
се негіз
делген бас
тарту
туралы ха
барламаны
алғандығы
жөнінде
тұтынушысы
ның қолы

Орындалу мерзімдері

8 күнтізбе
лік күн

1 сағат

Жұмыс күндері 1 реттен кем емес

Өтініш қа
былдағанда
тұтынушыға
берілген
қолхатқа
сәйкес
күні 15
минуттан
артық емес

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

7

8

9

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын сипаттаушы сызбалар

Тайынша ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 тамыздағы
№ 527 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызмет регламенті «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу»

       1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» (бұдан әрі - Регламент) Регламентінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы - жеке тұлғалар:
      мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жеке тұлғалардың санаттары Тайынша аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша айқындалады;
      2) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы көшесі, 2, электрондық пошта мекенжайы - ro_tajnsha@mail.ru, телефоны 8-715-36-21-0-25, № 1 кабинет.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:  автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 3-тармаққа жаңа редакция - Солтүстік Қазақстан облысы  Тайынша аудандық әкімдігінің 2012.09.24 № 453 Қаулысымен
      4. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы және жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімдері негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-tsh.sko.kz интернет-ресурстарында, уәкілетті органдардың стендтерде, ресми ақпарат көздерде болады.
      6. Тұтынушы алатын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтиже): әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама, немесе қағаз жеткізгіштегі қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жеке тұлғалардың санаттары жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша айқындалады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес күнтiзбелiк күн iшiнде;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты (талон алғанға дейiн) – 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушыға өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартылады: тұтынушының құжаттарды тапсыру кезiнде толық емес және (немесе) жалған мәлiметтер ұсынуы.
      10. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы бекітілген үлгідегі өтініш және қажетті құжаттардың тізімін мемлекеттік қызмет алуға уәкілетті органның жауапты маманына ұсынады;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді;
      3) уәкілетті орган басшысы қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманға құжаттарды жолдайды;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы тұтынушыдан ұсынылған өтінішке қарауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды;
      5) уәкілетті орган басшысы тұтынушыны есепке қою туралы хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті орган жауапты маманына жолдайды;
      6) уәкілетті орган жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi нақты құжаттардың тiзбесi жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмдерiнде айқындалады.
      Әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру уәкілетті органға жеке өтініш не пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
      12. Тұтынушының құжаттарды тапсыру кезінде толық емес және (немесе) жалған мәліметтер ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту (тоқтата тұру) үшін негіз болып табылады.
      Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға өтiнiш берушiнiң тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      13. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi:
      демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде іс-әрекетінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (әрі қарай - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті орган басшысы;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы.
      15. Осы Регламенттің 1-қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдер, функциялар, операциялар) әрбір ҚФБ-мен реттілігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестеленген сипаттамасы келтірілген.
      16. Мемлекеттік қызмет және ҚФБ көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігін көрсетуші сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қыметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы мен лауазымды тұлғалар (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданатын шешімдер мен іс-әрекеттеріне (іс-әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапкершілік атқарады.
      18. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      19. Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

«Жергiлiктi өкiлдi органдардың
шешiмдерi бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтiк көмек
тағайындау және төлеу»
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган кеңсесінің маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қабылдау, құжаттарды тіркеу,

тұтынушыға талон беру

Құжаттарды қарастыру және өтінішке бұрыштама қою

Құжаттарды қарастыру, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асыру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім)

Басшыға құжаттарды қарастыру үшін жіберу

Жауапты маманға орындау үшін жіберу

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін басшыға қол қою үшін жіберу

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні ішінде

1 сағат ішінде

9 жұмыс күні ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім)

Құжаттарға қол қою

Нәтиже беру

Орындау мерзімдері

1 сағат ішінде

15 минуттан артық емес

2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның

жауапты маманы

Іс-әрекет 1.

өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

Іс-әрекет 2.

қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды

Іс-әрекет 3.

өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, хабарлама дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды

Іс-әрекет 5

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама жауабын береді

Іс-әрекет 4

тұтынушыны мемлекеттік қызмет көрсетуге есепке қою туралы хабарламаға қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды

3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Уәкілетті орган кеңсесінің маманы

Уәкілетті орган басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекет 1.

өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді

Іс-әрекет 2.

қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды

Іс-әрекет 3.

өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, және қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды

Іс-әрекет 5

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді

Іс-әрекет 4

қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабына қол қояды және уәкілетті орган кеңсесіне жолдайды