"Тайынша ауданы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлкеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 2 тамыздағы N 527 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі N 694 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 қазанда N 1897 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 24 мамырдағы N 233 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 24.05.2013 N 233 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1059 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тайынша ауданы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 527 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 13-11-242 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайынша таңы» № 44 және 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайыншинские вести» № 44 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының әкімі                    И. Турков