ІV-ші сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXІV-ші сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 382 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 9 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 сәуірде N 931 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 02.06.2014 N 232 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 1 тармағының 1-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес V-ші сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. ІV-ші сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы XXXІV-ші сессиясының «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» № 382 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 880 рет санымен тіркелген, 2011 жылғы 22 қаңтардағы «Алматы ақшамы» газетінің № 7 санында және 2011 жылғы 22 қаңтардағы «Вечерний Алматы» газетінің № 8 санында жарияланған), ІV-ші сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 31 мамырдағы ХXXXІІ-ші сессиясының «ІV-ші сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXІV-ші сессиясының «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 382 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 436 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 893 рет санымен тіркелген, 2011 жылғы 5 шілдедегі «Алматы ақшамы» газетінің № 79 санында және 2011 жылғы 9 шілдедегі «Вечерний Алматы» газетінің № 85 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережедегі:
      12 тармақтың 7) тармақшасындағы «алдыңғы үш айдағы» сөздері «алдыңғы екі және ағымдағы айдағы» сөздерімен ауыстырылсын;
      16 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «16. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй инспекциясы кондоминиум нысанының ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастырады, кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды, кондоминиум нысанының басқару органы ұсынған кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі және кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады»;
      34 тармақтағы «көмекті тағайындағаннан кейін немесе кезекті қайта тіркеуден кейін 3 ай өткен соң» сөздері «әр тоқсан сайын» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиға және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін (келісім бойынша).
      3. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V-ші сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты III сессиясының
      төрағасы                                  Х. Берғаріпов

      V-ші сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                      Т. Мұқашев