Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 қыркүйектегі N 29/12 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 қыркүйекте N 3226 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 56–бабы 1–тармағынының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 12–13–139 тіркелген, 2012 жылғы 23 ақпандағы ауданның "Маралды" газетінің N 8, 2012 жылғы 23 ақпандағы аудандық "Трибуна" газетінің N 8 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақта:
      21), 22), 23), 24), 25) тармақшалар алып тасталсын;
      41) тармақшадағы "санаторлы–курорттық емделу" сөздерінен кейін "және сауықтыру" сөздерімен толықтырылсын;
      келесі мазмұндағы 42), 43), 44), 45), 46), 47) тармақшалармен толықтырылсын:
      "42) ауылдық жерге жұмысқа жолданған жоғары медициналық білімі бар дәрігер мамандарға өтініш берген мерзімінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде әлеуметтік көмек;
      43) мемлекеттік сатып алуларға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде көрсетілетін соғыс және еңбек ардагерлеріне экскурсиялық қызмет көрсету (Астанаға сапар) бойынша әлеуметтік көмек;
      44) зейнеткерлерлікке шыққан және аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының тізімінде жоқ азаматтарға Қарттар күніне орай біржолғы көмек;
      45) 90 және одан үлкен жастағы зейнеткерлерге Қарттар күніне біржолғы төлемдер;
      46) мүгедектерге Мүгедектер күніне орай біржолғы көмек;
      47) мүгедек–балаларға Мүгедектер күніне орай біржолғы көмек";
      2–тармақта:
      30, 31, 32, 33 абзацтар алып тасталсын;
      келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "ауылдық жерге жұмысқа жолданған жоғары медициналық білімі бар дәрігер мамандарға 200000 (екі жүз мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
      экскурсиялық қызмет көрсету (Астанаға сапар) бойынша әлеуметтік көмек 25000 (жиырма бес мың) теңге көлемінде;
      Қарттар күніне орай біржолғы төлемдер:
      зейнеткерлерлікке шыққан және аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының тізімінде жоқ азаматтарға 1000 (бір мың) теңге көлемінде;
      90 және одан үлкен жастағы зейнеткерлерге 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде;
      Мүгедектер күніне орай біржолғы көмек:
      барлық топтағы мүгедектерге 3000 (үш мың) теңге көлемінде;
      мүгедек–балаларға 5000 (бес мың) теңге көлемінде.";
      3–тармақта:
      1) тармақшадағы 21), 22), 23), 24), 25) сандар алып тасталсын;
      келесі мазмұндағы 17), 18), 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17) осы шешімнің 1–тармағының 42) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшоты көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, жоғары медициналық білімі туралы дипломының көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, еңбек шартының көшірмесі негізінде жүргізіледі;
      18) осы шешімнің 1–тармағының 43) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшоты көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросының анықтамасы негізінде жүргізіледі;
      19) осы шешімнің 44), 45), 46), 47) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесімен келісілген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тіркеу салық нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, есеп шотының нөмірі көрсетіледі.".
      2. Осы шешімді орындауды бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының  тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы                          И. Миронец