Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық маслихатының 2012.12.21 N 57/18 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың әлеуметтік көмек алуы үшін жеке санаттарын белгілеу:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмек, Жеңіс күніне орай сыйлықтар жиынтығы, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ай сайынғы дәрі-дәрмек сатып алу, ай сайынғы коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін ағымдағы айдың 20-на дейін материалдық көмек көрсету;
2) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне тіс протезін орнату үшін өтініш берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
3) Жеңіс күніне орай Кореядағы соғыс оқиғаларына қатысушыларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
4) Жеңіс күніне орай "1941 - 1945 соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға, "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
5) "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға ағымдағы айдың 20-на дейін коммуналдық қызмет бойынша ай сайынғы шығындарын өтеу;
6) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
7) концлагердің бұрынғы тұтқындарына тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
8) Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери қызметкерлер мен еркімен жалданған құрамдағы тұлғаларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
9) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
10) Жеңіс күніне орай Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқан тұлғаларға, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом станциясындағы апаттық салдарды жоюға қатысушыларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек, ағымдағы айдың 20-на дейін коммуналдық қызмет бойынша ай сайынғы шығындарын өтеу;
11) Ауғанстаннан әскерлерді шығару Күніне орай Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысушы тұлғаларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
12) Еске алу күніне орай Чернобыль атом станциясындағы аппаттық салдарды жоюға қатысушыларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
13) Ауғанстандағы соғыс әркеттеріне қатысушы тұлғаларға, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом станциясындағы апаттық салдарды жоюға қатысушыларға ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-на дейін сауықтандыруға тоқсан сайын біржолғы материалдық көмек;
14) Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысушы тұлғаларға, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом станциясындағы апаттық салдарды жоюға қатысушыларға тіс протезін орнату үшін өтініш берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
15) концлагердің бұрынғы тұтқындарына ағымдағы айдың 20-на дейін коммуналдық қызметтері бойынша ай сайынғы шығындарының орнын өтеу;
16) отбасы, туыстары, жақындары жоқ жалғызбастыларға және жалғыз тұратын зейнеткерлерге тоқсан сайын коммуналдық қызметтері бойынша ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-на дейін шығындарының орнын толтыру;
17) ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге коммуналдық қызметтері бойынша ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-на дейін тоқсан сайын шығындарының орнын толтыру;
18) жан басына шаққандағы табыстары облыста белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқитын студенттеріне оқу ақыларын, ай сайын жолақысы, жатып-тұруына және тамақтануларына көмек;
19) жетім-студенттердің колледждегі оқу ақыларын төлеу;
20) Шарбақты ауданының жеке санаттардағы азаматтарына әлеуметтік көмекті тағайындау комиссияның шешімі бойынша өтініш бергеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жеке санаттардағы азаматтардың отын сатып алуы үшін және жеке өтініштері бойынша материалдық көмек көрсету:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушыларға;
4 және одан көп балалары бар көпбалалы отбасыларына;
Ұлы Отан соғысына қатысшылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
мүгедектерге және мүгедек балалары бар отбасыларына;
жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға;
онкологиялық және туберкулезбен ауыратын ауруларға;
тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрып жатқан отбасыларына;
жалғызбасты және жалғыз тұратындарға;
ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
21) Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.09.17 N 29/12 шешімімен;
22) Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.09.17 N 29/12 шешімімен;
23) Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.09.17 N 29/12 шешімімен;
24) Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.09.17 N 29/12 шешімімен;
25) Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.09.17 N 29/12 шешімімен;
26) церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға ағымдағы айдың 20-на дейін ай сайынғы көмек;
27) туберкулезбен ауыратын ауруларға ай сайын әлеуметтік көмек, амбулаторлық жағдайдағы туберкулез ауруларына жолақысына және тамақтануларына біржолғы көмек, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
28) онкологиялық ауруымен ауыратын ауруларға емделуге біржолғы көмек, өтініш берілген мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
29) бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғаларға өтініш берілген мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
30) ата-анасының қамқорлығыңсыз қалған балаларға, жетім балаларға Балаларды қорғау күніне орай біржолғы материалдық көмек, тізім берілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
31) мектеп бітірген жетім балаларға біржолғы көмек, өтініш берілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
32) "Шарбақтының отбасы үлгісіндегі балалар үйі" Мемлекеттік мекемесіндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға Игілік күніне орай біржолғы көмек, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
33) жан басына шаққанда отбасылық орташа табысы өмір сүрудің ен төмен деңгейінен төмен, жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге берілетін біржолғы материалдық көмек, өтініш берілген мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
34) 1 жасқа дейін емшектегі баласы бар аналарға балалар тағамын сатып алуға ағымдағы айдың 20-на дейін ай сайынғы материалдық көмек;
35) 100 және одан ұзақ жасаған қарттарға ағымдағы айдың 20-на дейін ай сайынғы көмек;
36) Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сіңірген үшін зейнетақы алатын зейнеткерлерге, дербес зейнеткер куәлігі бар зейнеткерлерге зейнетақысына ай сайынғы қосымша төлем ағымдағы айдың 20 күніне дейін;
37) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар төлемақысын алушыларға, отбасында 18 жасқа дейін 3 және одан көп балалары бар, өз еркімен жеке қосалқы шаруашылыққа ие болуға мүмкіндігі жоқ отбасыларына жеке қосалқы шаруашылығын өркендетуге, жем-шөп сатып алуға берілетін біржолғы материалдық көмек, өтініш берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
38) әлеуметтік зейнетақы алатын зейнеткерлерге (еңбек өтілі жоқ) біржолғы материалдық көмек, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
39) толық еңбек өтілі жоқ жасына қарай зейнетақы алатын зейнеткерлерге материалдық көмек, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
40) жұмыспен қамту органында есепте тұрған зейнеткерлік алдындағы жастағы жұмыссыздарға біржолғы көмек, өтініш берілген мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
41) зейнеткерлерге санаторлы–курорттық емделудегі және сауықтыру шығындарын өтеуге біржолғы материалдық көмек;
42) ауылдық жерге жұмысқа жолданған жоғары медициналық білімі бар дәрігер мамандарға өтініш берген мерзімінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде әлеуметтік көмек;
43) мемлекеттік сатып алуларға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде көрсетілетін соғыс және еңбек ардагерлеріне экскурсиялық қызмет көрсету (Астанаға сапар) бойынша әлеуметтік көмек;
44) зейнеткерлерлікке шыққан және аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының тізімінде жоқ азаматтарға Қарттар күніне орай біржолғы көмек;
45) 90 және одан үлкен жастағы зейнеткерлерге Қарттар күніне біржолғы төлемдер;
46) мүгедектерге Мүгедектер күніне орай біржолғы көмек;
47) мүгедек–балаларға Мүгедектер күніне орай біржолғы көмек.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.03.12 N 12/4 (жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.09.17 N 29/12 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2. Шарбақты ауданының жеке санаттарындағы азаматтарына әлеуметтік төлемдер келесі көлемде тағайындалады:
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне:
Жеңіс күніне орай 67000 (алпыс жеті мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Жеңіс күніне орай сыйлық жиынтықтарына 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
дәрі–дәрмек сатып алуға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу үшін ай сайынғы төлемдер 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
тіс протезін орнату үшін 15000 (он бес мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Кореядағы соғыс оқиғаларына қатысушыларға Жеңіс күніне орай төленетін біржолғы материалдық көмек 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
Жеңіс күніне орай "1941 - 1945 соғыс жылдарындағы ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталған, "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
"Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға коммуналдық қызметтері бойынша шығындарын өтеу үшін ай сайын 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери қызметкерлер мен еркімен жалданған құрамдағы тұлғаларға 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Ұлы Отан соғысынның қайтыс болған мүгедектерінің, қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом станциясындағы апатты жоюға қатысқандарға:
Жеңіс күніне орай 5000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Ауғанстаннан әскерді шығару күніне орай Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға 6000 (алты мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Еске алу күніне орай Чернобыль атом станциясындағы аппатты жоюға қатысқандарға 6000 (алты мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Сауықтыруға, 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
ай сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
тіс протезін салғызу үшін 15000 (он бес мың) теңге көлемінде біржолғы төлемдер;
концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге ай сайын 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
жалғызбасты, отбасы, жақын туыстары жоқ және жалғызбасты жалғыз тұратын зейнеткерлерге тоқсан сайын коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бойынша шығындарын тоқсан сайын өтеуге 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
аз қамтамасыз етілген отбасылардың, облыстың жоғары оқу орындарында оқитын студенттеріне келісім-шартта көрсетілген оқу ақысы қызметінің көлемінде;
аз қамтамасыз етілген отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттеріне ай сайын жолақысы, жүріп-тұруы және тамақтануына 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
колледжде оқитын жетім-студенттерге 130000 (жүз отыз мың) теңге көлемінде;
отын сатып алу үшін материалдық көмек:
1 тармақ 20) тармақшада көрсетілген санаттардағы Шарбақты ауылының тұрғындарына 10000 (он мың) теңге көлемінде;
Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.09.17 N 29/12 шешімімен;
Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.09.17 N 29/12 шешімімен;
Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.09.17 N 29/12 шешімімен;
Алып тасталды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.09.17 N 29/12 шешімімен;
Қарттар күніне орай 100 және одан ұзақ жасаған зейнеткерлерге 5000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Мүгедектер күніне орай 1 топ мүгедектеріне және мүгедек-балаларға 4000 (төрт мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек;
туберкулезбен ауыратын азаматтарға ай сайын әлеуметтік көмек, амбулаторлық емдеуде жүрген туберкулез ауруымен ауыратындарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
туберкулезбен ауыратын ауруларға жолақысына, тұруға және тамақтануға 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
онкологиялық аурумен ауыратын ауруларға емделуге 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға Балаларды қорғау күніне орай 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
мектеп бітірген жетім балаларға 100000 (жүз мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
"Шарбақтының отбасы үлгісіндегі балалар үйі" Мемлекеттік мекемесіндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға Игілік күніне орай 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы материалдық көмек;
емшектегі баласы бар аналарға, балалар тағамын сатып алуға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын материалдық көмек;
100 және одан ұзақ жасаған қарттарға 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын төлемдер;
Қазақстан Республикасы алдында ерекше қызметтері үшін зейнетақы алатын зейнеткерлерге, дербес зейнеткер куәлігі бар зейнеткерлерге зейнетақысына 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын төлемдер;
жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін 180 000 (жүз сексен мың) теңге көлемінде, жем-шөп сатып алу үшін 25000 (жиырма мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
әлеуметтік зейнетақы алатын зейнеткерлерге (еңбек өтілі жоқ) және толық еңбек өтілі жоқ жасына қарай зейнетақы алатын зейнеткерлерге 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
жұмыспен қамту органында есепте тұрған зейнеткерлік алдындағы жастағы жұмыссыздарға (жасына қарай зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы көмек;
зейнеткерлерге санаторлы–курорттық емделудегі шығындарын өтеуге біржолғы материалдық көмек 49000 (қырық тоғыз мың) теңге;
ауылдық жерге жұмысқа жолданған жоғары медициналық білімі бар дәрігер мамандарға 200000 (екі жүз мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
экскурсиялық қызмет көрсету (Астанаға сапар) бойынша әлеуметтік көмек 25000 (жиырма бес мың) теңге көлемінде;
Қарттар күніне орай біржолғы төлемдер:
зейнеткерлерлікке шыққан және аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының тізімінде жоқ азаматтарға 1000 (бір мың) теңге көлемінде;
90 және одан үлкен жастағы зейнеткерлерге 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде;
Мүгедектер күніне орай біржолғы көмек:
барлық топтағы мүгедектерге 3000 (үш мың) теңге көлемінде;
мүгедек–балаларға 5000 (бес мың) теңге көлемінде.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.03.12 N 12/4 (жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.06.14 N 22/9 (жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.09.17 N 29/12 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
3. Осы шешімнің 2 тармағында көрсетілген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік және басқа төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1 тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 26), 38), 39) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және Аудандық соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің ұсынған тізімі негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы,салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жеке есепшотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
2) осы шешімнің 1 тармағының 2), 14) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, медициналық анықтама (тіс протезіне жұмсалатын шығындар көрсетілуі тиіс) негізінде жүргізіледі;
3) осы шешімнің 1 тармағының 18), 19) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, Ауылдық округ әкімі жанындағы комиссиясының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасылардың, жалпы білім беру мектебі түлегінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама, орта білімі туралы аттестаттың көшірмелері, сертификаттың көшірмесі, жұмысқа қабілетті (жұмыс істейтін) отбасы мүшелерінің еңбекақысы туралы анықтама және жұмыс істемейтіндер үшін еңбек кітапшасының көшірмесі (аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне), ата-анасының қайтыс болғандығы туралы куәлігінің көшірмесі, қамқоршыны тағайындау туралы шешім;
4) осы шешімнің 1 тармағының 20) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, Ауылдық округ әкімінің жанындағы комиссияның тұрмыс-жағдайларын тексеру актісі, мәртебесін растайтын құжат, аудандық комиссияның шешімі;
5) осы шешімнің 1 тармағының 27) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға "Шарбақтының туберкулезге қарсы ауруханасы" Мемлекеттік мекемесі берген тізімдер негізінде жүргізіледі;
6) осы шешімнің 1 тармағының 28) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, онкологиялық ауруын растайтын медициналық анықтама, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама негізінде жүргізіледі;
7) осы шешімнің 1 тармағының 29) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер Шарбақты аудандық Ішкі істер бөлімі берген тізімі, жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, бас бостандығынан айыру орнынан бостандыққа шыққандығы туралы анықтама, жеке басының куәлігі, әлеуметтік жеке коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама негізінде жүргізіледі;
8) осы шешімнің 1 тармағының 30), 32) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға "Шарбақты ауданының оқу бөлімі" Мемлекеттік мекемесі берген тізім негізінде жүргізіледі. Тізімде баланың аты-жөні, туған жылы және де мәртебесі, қамқоршысының аты-жөні, мекен-жайы, жеке есепшотының нөмірі, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
9) осы шешімнің 1 тармағының 31) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама, орта білімі туралы аттестаттың көшірмелері және мәртебесін растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі;
10) осы шешімнің 1 тармағының 33) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама, медициналық анықтама, неке туралы куәлігі, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтер негізінде жүргізіледі;
11) осы шешімнің 1 тармағының 34) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
12) осы шешімнің 1 тармағының 35) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама негізінде жүргізіледі;
13) осы шешімнің 1 тармағының 36) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, зейнеткер куәлігінің көшірмесі негізінде жүргізіледі;
14) осы шешімнің 1 тармағының 37) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, Ауылдық округ әкімінің жанындағы комиссияның тұрмыс-жағдайларын тексеру актісі, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, мәртебесін растайтын құжат, сату және сатып алу келісім-шарттың көшірмелері, ветеринариялық төлқұжат негізінде жүргізіледі. Жем-шөп сатып алу үшін жеке қосалқы шаруашылығы жөнінде қосымша анықтама тапсырылады;
15) осы шешімнің 1 тармағының 40) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама және жұмыссыздық мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;
16) осы шешімнің 1–тармағының 41) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, сауықтырудан өту қажеттілігі жөніндегі медициналық қорытынды, санаторлы–курорттық картасы, профилакторияда сауықтырудан өткендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі;
17) осы шешімнің 1–тармағының 42) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшоты көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, жоғары медициналық білімі туралы дипломының көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, еңбек шартының көшірмесі негізінде жүргізіледі;
18) осы шешімнің 1–тармағының 43) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшоты көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросының анықтамасы негізінде жүргізіледі;
19) осы шешімнің 44), 45), 46), 47) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесімен келісілген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тіркеу салық нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, есеп шотының нөмірі көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012.03.12 N 12/4 (жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.09.17 N 29/12 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
4. "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік төлемдерді өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық
мәслихаттың хатшысы Т. Абдрахманов