Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 маусымдағы N 22/9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 02 шілдеде N 12-13-148 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 56–бабының 1–тармағынының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде N 12–13–139 тіркелген, 2012 жылғы 23 ақпандағы ауданның "Маралды" газетінің N 8, 2012 жылғы 23 ақпандағы ауданның "Трибуна" газетінің N 8 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      2–тармақтың үшінші абзацында "10000 (он)" сөзі мен сандары, "67000 (алпыс жеті)" сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы                           Т. Абдрахманов