Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 80 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қаңтарда № 3992 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 161 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 03.10.2013 № 161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, сондай–ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 6 және одан астам ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, бір жолғы, елу айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
      9) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, бір жолғы, жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, емделу орнына жол жүруге және қайта оралуына, біржолғы, нақты шығындар бойынша көрсетілсін.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімінің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Күші жойылды деп танылсын:
      1) аудандық мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 12 қазандағы № 483 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-200 тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада "Федоровские новости" газетінде жарияланған);
      2) аудандық мәслихаттың "Мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 483 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-213 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде "Федоровские новости" газетінде жарияланған).
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V cессияның төрағасы                       А. Дисюков

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ В. Гринак

      "Федоров аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінiң бастығы
      ____________ Т. Волоткевич

Мәслихаттың         
2012 жылғы 20 желтоқсандағы 
№ 80 шешіміне қосымша    

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік
қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 18.03.2013 № 117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін - туу туралы куәлік;
      3) алынып тасталды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 18.03.2013 № 117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).;
      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы, Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, сондай–ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 6 және одан астам ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) тұлғаларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      алушының емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      5) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда, алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылындағы оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      8) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, жедел емделуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      емделу шығындарын растайтын құжат;
      9) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      10) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, емделу орнына жол жүруге және қайта оралуына:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      алушының емделуде болғанын растайтын тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      мүгедектің емделу орнына жол жүруге және қайта оралуына нақты шығындарын растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін көшірмелер мен түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.
      4. Осы шешімінің 1-тармағының 1) тармақшасымен көзделген жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.