Мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 80 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2013 жылғы 18 наурыздағы № 117 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 сәуірде № 4087 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 161 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 03.10.2013 № 161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 80 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3992 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 31 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіміне қосымшаның 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                         Е. Жданова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________ Т. Волоткевич

      "Федоров ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ В. Гринак