Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамы филиалының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 543 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қаңтарда № 3978 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттық мәтінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамы филиалының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік мекемесі
      директорының міндетін атқарушы
      _______________ Ю. Севостьянов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-
      Торғай бассейндік инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      _______________ А. Қарабаев

      "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасы" ММ бастығы
      _______________ К. Төлеубаев

      Таран ауданының әкімі
      _______________ Б. Өтеулин

      Қамысты ауданының әкімі
      _______________ Е. Ахметов

Әкімдіктің         
2012 жылғы 5 желтоқсандағы 
№ 543 қаулысына қосымша   

Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы
"Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамы филиалының
шаруашылық-ауыз су тартуы үшін санитарлық
қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы,
ауданы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

1-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Таран
ауданы,
Белинский
шаруашы-
лық-
ауыз су
тартудың
№ 7 (8)
ұңғымасы

Радиусі
-әр
ұңғы-
маның
айнала-
сында
50 метр

0,8
гектар

Ұзындығы
–190
метр
Барынша
ені–
186 метр

3,5
гектар

Ұзындығы–
1546 метр
Барынша ені
–314 метр

48,5 гектар

Қамысты
ауданы,
Красногор
шаруашы-
лық-
ауыз су
тартудың
№ 1ц
(01006э)
ұңғымасы

Радиусі
-ұңғы-
маның
айнала-
сында
50 метр

0,8
гектар

Ұзындығы
–253
метр
Барынша
ені–
392 метр

9,9
гектар

Ұзындығы–
1706 метр
Барынша ені
–1450 метр

247,4 гектар

Таран
ауданы,
Елтай ша-
руашылық-
ауыз су
тартудың
№ 45э,
№ 46э
ұңғыма-
лары

Ұзынды-
ғы–130
метр
Ені–
50 метр

0,7
гектар

Ұзындығы
–5650
метр
Барынша
ені–
1000
метр
(Тобыл
өзенінің
аквато-
риясын
қамту-
мен)

565
гектар

Ұзындығы–
5650 метр
Барынша ені
–1800 метр
(Тобыл
өзенінің
акватория-
сын қамту-
мен)

1017 гектар

      Ескерту: Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамы филиалының Белинский шаруашылық-ауыз су тартуының (№ 7 (8) ұңғыма), Красногор шаруашылық-ауыз су тартуының (№ 1ц (01006э) ұңғыма) және "Әйет боксит кеніш өнеркәсіптік алаңының шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың сыртқы желілері. Жер асты суларының Елтай кен орнында ауыз су тарту" жұмыс жобасының санитарлық қорғау аймақтары жобаларының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген.