Таран ауданының Таран ауылындағы "Адлет-Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскелері шегінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 462 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қарашада № 3872 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селосындағы" сөзі "ауылындағы" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39116125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде 1-қосымшаға сәйкес Таран ауданының Таран  ауылындағы "Адлет-Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскелері шегінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
      2. Таран ауданының Таран ауылындағы "Адлет-Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскелері шегінде Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Г. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесі
      директорының міндетін атқарушы
      _______________ Ю. Севостьянов

      "Қазақстан Республикасы Жер
      ресурстарын басқару агенттігінің
      Қостанай облысы бойынша аумақтық
      жер инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________________ Т. Төлеубаев

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі
      Экологиялық реттеу және бақылау
      комитетінің Қостанай облысы
      бойынша экология департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ А. Әлімбаев

Әкімдіктің        
2012 жылғы 19 қазандағы 
№ 462 қаулысына 1-қосымша

Таран ауданының Таран ауылындағы "Адлет-Т"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер
учаскелері шегінде Аят өзенінің су қорғау
аймағы мен белдеуі

Су объектісі,
оның учаскесі

Су қорғау аймағы

ұзындығы
(метр)

ені
(метр)

ауданы
(гектар)

Аят өзені
Таран ауданының Таран
ауылындағы № 1, № 2
жер учаскелері
Таран ауданының Таран
ауылындағы № 3 жер
учаскесі (су қорғау
аймағы мен белдеуін
белгілеу жобасына
тапсырыс беруші –
"Адлет-Т"
жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі)


1902,3
 
 
1320


500
 
 
500


57,9
 
 
66,0

      кестенің жалғасы:

Су объектісі,
оның учаскесі

Су қорғау белдеуі

Орташа көп
жылдық
судың
сабалық
кемері
(метр)

ұзындығы
(метр)

ені
(метр)

ауданы
(гектар)

Аят өзені
Таран ауданының
Таран ауылындағы
№ 1, № 2 жер
учаскелері
Таран ауданының
Таран ауылындағы
№ 3 жер учаскесі
(су қорғау аймағы
мен белдеуін
белгілеу жобасына
тапсырыс беруші –
"Адлет-Т"
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі)


1389
 
 
 
1320


35
 
 
 
100


4,9
 
 
 
13,2


157,2
 
 
 
156,3

Әкімдіктің      
2012 жылғы 19 қазандағы 
№ 462 қаулысына 2-қосымша

Таран ауданының Таран ауылындағы "Адлет-Т"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер
учаскелері шегінде Аят өзенінің су қорғау
аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың
режимі мен ерекше жағдайлары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Су кодексі) 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады.
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.
      Осы тармақшаның ережесі Су кодексінің 125-бабының 3 және 7-тармақтарымен және 126-бабының 1-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.