Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селосындағы" сөзі "ауылындағы" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 25.09.2014 № 475 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданының Әулиекөл ауылындағы № 2 ұңғыманың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
директорының міндетін атқарушы
______________________ Ю. Севостьянов
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 439 қаулысына қосымша
Әулиекөл ауданының Әулиекөл ауылындағы № 2
ұңғыманың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
I-белдеу |
II-белдеу |
III-белдеу |
||||
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
|
Скважина |
Радиусы - |
0,785 |
Ұзындығы – |
0,4 |
Ұзындығы – |
4,6 |