РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымаларының учаскесінде "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
директорының міндетін атқарушы
_______________ Ю. Севостьянов
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
________________ А. Карабаев
Әкімдіктің
2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 394
қаулысына қосымша
Таран ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4
ұңғымаларының учаскесінде "Викторовское" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І-белдеу |
ІІ-белдеу |
ІІІ-белдеу |
||||
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
Шекарасы |
Ауданы |
|
№ 1, № 2 |
Радиусі-әр |
1,44 |
Радиусі |
2,0221 |
Радиусі– |
38,63 |
№ 4 |
Радиусі- |
0,9287 |
Радиусі |
0,672 |
Радиусі– |
16,775 |
Ескерту: "Қостанай облысы Таран ауданының аумағындағы №№ 1, 2, 3, 4, 08096 ұңғымаларының учаскесінде "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).