Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер асты сулары № 2, № 4а, № 12/74 (0906) ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 420 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қазанда № 3848 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер асты сулары № 2, № 4а, № 12/74 (0906) ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесі директорының
      міндетін атқарушы
      ___________________ Ю. Севостьянов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________________ Г. Оспанбекова

Әкімдіктің     
2012 жылғы 3 қазандағы
№ 420 қаулысына қосымша

Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер
асты сулары № 2, № 4а, № 12/74 (0906)
ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары

Су
тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 2
ұңғыма

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,785
гектар

Ұзындығы
– 193
метр

Барынша
ені –
138 метр

1,3
гектар

Ұзындығы
– 1012
метр

Барынша
ені –
660 метр

50,32
гектар

№ 4а
ұңғыма

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,785
гектар

Ұзындығы
– 193
метр

Барынша
ені –
162 метр

1,68
гектар

Ұзындығы
– 1012
метр

Барынша
ені –
694 метр

52,64
гектар

№ 12/74
(0906)
ұңғыма

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,785
гектар

Ұзындығы
– 218
метр

Барынша
ені –
166 метр

2
гектар

Ұзындығы
– 1911
метр

Барынша
ені –
472 метр

68
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кен орнының жер асты сулары №№ 2, 4а, 12/74 (0906) ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтарының санитарлық-гидрологиялық негіздеу" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген. (Тапсырыс беруші "Құсмұрын ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).