Алтынсарин ауданындағы Лихачев кен орнының жер асты сулары № 2, № 3, № 4 ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 392 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қазанда № 3842 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Алтынсарин ауданындағы Лихачев кен орнының жер асты сулары № 2, № 3, № 4 ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесі директорының
      міндетін атқарушы
      _______________ Ю. Севостьянов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ Г. Оспанбекова

      "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасы" ММ бастығы
      _______________ Қ. Төлеубаев

      Алтынсарин ауданының әкімі
      _______________ Б. Ахметов

Әкімдіктің        
2012 жылғы 4 қыркүйектегі 
№ 392 қаулысына қосымша  

Алтынсарин ауданындағы Лихачев
кен орнының жер асты сулары № 2, № 3, № 4
ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 2
ұңғыма

Радиусі-
ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,785
гектар

Ұзындығы–
340 метр
Ені–262 метр

6,2
гектар

Ұзындығы–
340 метр
Ені–262 метр

6,2
гектар

№ 3
ұңғыма

Радиусі-
ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,785
гектар

Ұзындығы–
342 метр
Ені–240 метр

5,65
гектар

Ұзындығы–
342 метр
Ені–240 метр

5,65
гектар

№ 4
ұңғыма

Радиусі-
ұңғыманың
айналасында
50 метр

0,785
гектар

Ұзындығы–
342 метр
Ені–240 метр

5,65
гектар

Ұзындығы–
342 метр
Ені–240 метр

5,65
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы Лихачев кен орнының жер асты сулары №№ 2, 3 және 4 ұңғымаларының су тартудың санитарлық қорғау аймақтарының санитарлық-гидрологиялық негіздеу" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Улан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).