Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов, Антонов селоларының шекарасындағы Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше жағдайларын және режимін белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 156 қаулысы. Қостанай облысының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 сәуірде № 3798 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39116125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, су объектілерін және су шаруашылығы ғимараттарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы шілдеге дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген учаскелерден басқа уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде 1-қосымшаға сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов, Антонов селоларының шекарасындағы Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағымен белгіленген Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов, Антонов селоларының шекарасындағы Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше жағдайлары және режимі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Денисов ауданының әкіміне:
      Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің "Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Мемжерғылөнорталығы)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Қостанай еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен (Қостанайжерғылөнорталығы) бірлесіп (келісім бойынша) мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізіп, су қорғау белдеулерінің жерін су қорының жеріне аудару жөнінде шаралар қолдансын;
      жер пайдаланушыларға су қорғау аймақтарының, белдеулерінің белгіленген шекаралары мен оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше жағдайларын және режимін жеткізсін;
      осы қаулының 1-тармағымен белгіленген, су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан Тобыл өзенінің жағдайына зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыс жүргізсін.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология департаменті" мемлекеттік мекемесінің Қостанай филиалына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай облысы бойынша өңіраралық жер инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреттері шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметі режиміне талаптардың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-
      Торғай бассейндік инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесі директорының
      міндетін атқарушы
      _________________ Ю. Севостьянов

      "Қазақстан Республикасы Жер
      ресурстарын басқару агенттігінің
      Қостанай облысы бойынша өңіраралық
      жер инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ М. Дихаев

      "Қазақстан Республикасының Жер
      ресурстарын басқару жөніндегі
      агенттігінің Жер ресурстарын
      және жерге орналыстыру мемлекеттік
      ғылыми-өндірістік орталығы
      (Мемжерғылөнорталығы)" Республикалық
      мемлекеттік кәсіпорынының шаруашылық
      жүргізу құқығындағы Қостанай еншілес
      мемлекеттік кәсіпорнының
      (Қостанайжерғылөнорталығы) директоры
      _________________ Б. Момбеков

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Экологиялық
      реттеу және бақылау комитетінің
      Тобыл-Торғай экология департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің Қостанай
      филиалының бастығы
      _________________ А. Каримов

      "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасы" ММ бастығы
      _________________ К. Төлеубаев

      Денисов ауданының әкімі
      _________________ В. Ионенко

Әкімдіктің        
2012 жылғы 3 сәуірдегі  
№ 156 қаулысына 1-қосымша 

Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов,
Антонов селоларының шекарасындағы Тобыл
өзенінің су қорғау аймақтары
мен белдеулері

Су
объектісі,
оның
учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа
көп жылдық
судың
сабалық
кемері
(метр)

ұзын-
дығы
(метр)

ені
(метр)

ауданы
(гектар)

ұзын-
дығы
(метр)

ені
(метр)

ауданы
(гектар)

Қостанай
облысы
Денисов
ауданы
Денисов,
Некрасов
селоларының
шекарасында-
ғы Тобыл
өзенінің
сол жақ
жағалауы

7575

50-440

179,03

7575

35;
100

27,33

214,01

Қостанай
облысы
Денисов
ауданы
Антонов
селосының
шекарасында-
ғы Тобыл
өзенінің
оң жақ
жағалауы

3480

90-640

97,41

3480

35

12,18

       Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов, Антонов селоларының шекарасындағы Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі бекітілген жобаның картографиялық материалында көрсетілген.

Әкімдіктің        
2012 жылғы 3 сәуірдегі  
№ 156 қаулысына 2-қосымша 

Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов,Антонов
селоларының шекарасындағы Тобыл өзенінің су қорғау
аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен
пайдаланудың ерекше жағдайлары
және режимі

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 125-бабы 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.
      Осы тармақшаның ережесі Су кодексінің 125-бабының 3 және 7-тармақтарымен және 126-бабының 1-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жер үсті және жер асты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.