"Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының N 361 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 59 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 18 шілдеде № 10-8-180 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 48 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 29.07.2016 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. "Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының N 361 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 10-8-161 болып тіркелген, 2012 жылғы 09 қаңтарда "Тіршілік тынысы" газетінің N 2 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы";
      аталған шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін";
      аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      аталған шешімнің қазақ тілі мәтініндегі кіріспе бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын.
      2. Осы шешім қолданысқа алғаш ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
      VІІ сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы Б. Маншарипов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігінің Салық Комитеті
      Қызылорда облысы
      Салық департаменті
      Сырдария ауданы бойынша
      Салық басқармасының бастығы
      __________________ Т.Н. Қожаназаров
      "27" маусым 2012 жыл

  2011 жылғы "30" қарашадағы
Сырдария аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІІ
сессиясының N 361 шешіміне
1-қосымша
2012 жылғы "27" маусымдағы
Сырдария аудандық мәслихаттың
кезекті VІІ сессиясының
N 59 шешіміне 1-қосымша

Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Рет
N
Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салықтың ставкалары
(айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3