Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы N 2/17 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 наурызда N 8-12-125 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс


II сессиясының төрағасы

З. Аманов

Аудандық мәслихат хатшысы

Д. Жұмасейітов

КЕЛІСІЛДІ:


"Жаңаарқа ауданының жұмыспен


қамту және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

Ш. Ибраева


      2012 жылғы 25 ақпан

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2012 жылғы 25 ақпандағы N 2/17
шешімімен бекiтiлген

Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі

      Осы Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің мәселелері" қаулысына сәйкес дайындалған, Жаңаарқа ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      2) кондоминиум – ғимараттар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (өзіндік) меншігінде бола тұра, жалпы мүлік оларға жалпы үлестік меншік құқығында ғана тиесілі болатын, жылжымайтын мүлікке ерекше меншік нысаны;

      3) коммуналдық қызметтер – сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, газбен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді, қоқыс жоюды, және лифтке қызмет көрсетуді қоса алғанда (соның ішінде қатты отынды тұтыну) тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) көрсетілген қызметтер;

      4) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектілерін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгертілулеріне байланысы жоқ нақты және сапалық тозуын жою бойынша, қажеттілігі бойынша сындарлы элементтер мен инженерлік жабдықтар жүйелерінің ауыстырылуымен, құрылыстық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені;

      6) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

      7) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      8) өтініш беруші (жеке тұлға) – өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тұлға (әрі қарай - өтініш беруші);

      9) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

      10) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      11) уәкілетті орган – "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган);

      12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      13) шот – өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын үй – жайды) жалдауға, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.

      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Жаңаарқа ауданының тұрақты тұратын тұрғындарына жергілікті бюджеттен төленеді:

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;

      3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;

      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегі, қызметтерді көрсетушілердің ұсынған есептері бойынша көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегі Жаңаарқа ауданында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға), егер жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үй алаңының нормалары шегінде, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ алатын нақты жалпы алаңы тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға шығыстар нормативтерінен аспағанда, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтер көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтері артқанда, отбасы (азаматтың) бюджетінде осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асқанда беріледі. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің артуына ақы төлеу отбасының (азаматтың) жиынтық табысының он бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 27.11.2013 N 23/149 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерлерін айқындау

      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      бір адамға көлемді газ:

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар), нақты шығындар бойынша, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограмнан аспауы тиіс;

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограммнан аспауы тиіс);

      қатты отынды пайдалану:

      1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатта салынған үйлер үшін 1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 98 килограмм көмір;

      жылыту маусымының ұзақтығы – 7 ай;

      тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Жаңаарқа ауданында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылсын;

      нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан аспауы керек;

      3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;

      4) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төленуі тиіс. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісіліп, пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.

      5. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен, жеке тұлғаларға олардың тіркелген жері бойынша тағайындалады.

      8. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының VІІІ сессиясының 2012.08.20 N 8/52 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының VІІІ сессиясының 2012.08.20 N 8/52 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге, бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.

      11. Ақпараттық-маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімін өткізуде делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс не болмаса негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуы тиіс.

      12. Дау-жанжал туған жағдайда, немесе сәйкес келмейтін, келіспеген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот арқылы шешіледі.

      13. Тұрғын үй көмегін аса жоғары немесе төмен сомасын тағайындауға әкеліп соқтырған, дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, көмекті тағайындау және төлеу оны тағайындау кезеңіне тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар ерікті тәртіппен, бас тартқан жағдайда – сот тәртібінде қайтаруға жатады.

4. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері және кезеңділігі

      14. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен бір жылдық мерзімге тағайындалады.

      15. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.

      16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.

      17. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органдарға хабарлау қажет.

5. Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі

      18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      19. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      20. Өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың растығына (мәліметтерге) күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі өтініш берушінің жеке ісіне тіркеледі.
      Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган өтініш берушінің жеке ісін қалыптастырады.
      Ақпараттың растығына күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратуға құқылы.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      21. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу мен жергілікті уәкілетті орган белгілеген отбасының аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артпауы тиіс.

      23. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.

6. Тұрғын үй көмегін төлеу

      24. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.

      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарын ұсынуы тиіс, салық төлеушінің тіркеу нөмірі әлеуметтік жеке код, екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.

  Жаңаарқа ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш

      Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алуға (жалға беруге), сондай-ақ телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.

      Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.

      Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергенім үшін көмектің төленуі тоқтатылатыны туралы, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс екендігі, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылатыны ескертілді.

      Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Өтініш берушінің деректері:

      Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________

      Жеке куәлік деректері _______________________________________________

      (өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің берілген уақыты)

      СТН _____________________________________

      ӘЖК _____________________________________

      Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері _____________________________________

      Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.

      Тұрғылықты жері _________________ ______________ көшесі

      _____ үй ___________ пәтер телефон ______________________

      тиістілік _______________________ түрі ___________________

      (пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)

      Жалпы ауданы ______шаршы метр.

      Қосымша аудан _____ шаршы метр.

      Бөлме саны ________

      Әлеуметтік мәртебе _______________ отбасылық жағдай _________________

      Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.

      Меншігімде бір тұрғын үй бар.

      Өтініш берушінің қолы__________________

      Күні __________________________________

  Жаңаарқа ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Жаңаарқа ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Жаңаарқа ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша

20___ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары анықтама

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.