Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының VІІІ сессиясының 2012 жылғы 20 тамыздағы N 8/52 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 қыркүйекте N 1931 тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 16/119 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 16/119 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2/17 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-12-125 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 16 (9489) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген орыс тіліндегі Ереженің тақырыбында "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;

      Ереженің 8, 9 тармақтары алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс


VIII сессиясының төрағасы

Б. Бекежанова

Аудандық мәслихат хатшысы

Д. Жұмасейітов

КЕЛІСІЛДІ:


"Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы

Ш. Ибраева


      2012 жылғы 20 тамыз