Көксу ауданы, Балпық ауылдық округіне қарасты Балпық би ауылында атаусыз көшеге ат қою туралы

Алматы облысы Көксу ауданы Балпық кенттік округі әкімінің 2012 жылғы 14 қарашадағы N 2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 04 желтоқсанда N 2207 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "кентінде" сөздері "ауылында" сөздерімен, "кентінің" сөздері "ауылының" сөздерімен, "кенттік" сөздері "ауылдық" деген сөздерімен ауыстырылды – Алматы облысы Көксу ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 31.12.2014 № 5 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармағына сәйкес және Көксу аудан әкімдігі жанындағы ономастикалық Кеңестің келісімі сондай-ақ аумақ халқының пікірін ескере отырып, Балпық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Балпық ауылдық округіне қарасты, Балпық би ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан атаусыз көшеге, Ұлы Отан Соғысының қатысушысы "Сатыбалды Сүгүровтың" аты қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Балпық ауылдық округінің жетекші маманы Копбаева Мариям Молдатайқызына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Балпық ауылдық
      округінің әкімі Қалиева Ә. Ә