РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармағына сәйкес және Көксу аудан әкімдігі жанындағы ономастикалық Кеңестің келісімі сондай-ақ аумақ халқының пікірін ескере отырып, Балпық кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Балпық кенттік округіне қарасты, Балпық би кентінің оңтүстік-шығысында орналасқан атаусыз көшеге, Ұлы Отан Соғысының қатысушысы "Сатыбалды Сүгүровтың" аты қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Балпық кенттік округінің жетекші маманы Копбаева Мариям Молдатайқызына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балпық кенттік
округінің әкімі Қалиева Ә. Ә.