Алға ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 ақпанда № 3-3-137 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Шешімнің қазақ тіліндегі атауындағы, мәтініндегі және қосымшасындағы "ставкаларын", "ставкалары", "ставкасы" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 26.04.2017 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алға ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 2 "Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-70 тіркелген, аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің 2009 жылғы 24 ақпандағы № 10 санында жарияланған) және 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 5 "2009 жылғы 28 қаңтардағы № 2 "Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-75 тіркелген, аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 19-20 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Т. Султанов
      Аудандық мәслихат хатшысы: А. Кайрушев

  Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 шешіміне қосымша

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері


Салық салу объектісінің атауы

Мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

5