Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алға ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 2 «Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-70 тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2009 жылғы 24 ақпандағы № 10 санында жарияланған) және 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 5 «2009 жылғы 28 қаңтардағы № 2 «Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын салық ставкаларын белгілеу туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-75 тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 19-20 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Т. Султанов А. Кайрушев
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы
7 ақпандағы № 14 шешіміне
қосымша
Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары
№ |
Салық салу объектісінің атауы |
Ставкасы |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, |
2 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен |
3 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес |
2 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
5 |