Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 қарашадағы № 90 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 қарашада № 3450 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтөбе қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі орындар белгіленсін:
      Қарғалы селосында орналасқан қалалық «Геолог» мәдениет Үйі ғимараты жанындағы алаң;
      Кенес Нокин атындағы ауылдың демалыс саябағы;
      Сазды қалалық мәдениет Үйі ғимараты жанындағы алаң.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының          Ақтөбе қалалық
            сессия төрағасы             мәслихатының хатшысы

             А.Самойленко                   С.Шынтасова