Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін бекіту туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 423 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 желтоқсанда № 3475 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандығаш, Мәртөк) Елек өзенің ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау үшін Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені бекітілген жобаның негізінде;
      Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген жобалық құжаттаманы Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің ластануына, қоқысталуына және сарқылуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін Ақтөбе қаласы, Алға, Қандыағаш, Мәртөк аудандарының әкімдеріне тапсырсын.
      3. Ақтөбе қаласының, Мұғалжар, Алға мен Мәртөк аудандарының әкімдері және пайдалануында құжаттаманы Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде орналасқан жер алқаптары бар кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшылары олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан ұсыныс жасау:
      бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізсін;
      олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтығын қамтамасыз етсін.
      4. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалуды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Үсенғалиев Ә.Е.) осы қаулыны басқарманың ғаламтор-қорында жариялауын қамтамасыз етсін.
      5.дОсы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             А. Мұхамбетов

Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 423 қаулысына қосымша

Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
      авиациалық - химиялық жұмыстар жүргізілмейді;
      өсімдіктердің зиянкестеріне, ауруларына және арамшөптерге қарсы химиялық құралдар қолданылмайды;
      топырақтарды тыңайту үшін көң ағындары пайдаланылмайды;
      улы химикаттар, минералдық тыңайтқыштар және жанар-жағар май материалдары қоймалары, аппаратураларға улы химикаттар құю алаңдары, мал шаруашылығы кешендері мен фермалары, өндірістік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын үю және көму орындары, молалар мен малкөмінділері, сарқынды сулар жинағыштар орналастырылмайды;
      көң және қоқыс жинақталмайды;
      техникалық қызмет көрсету пунктерінде, автомобильдерге, тракторларға және басқа да машиналар мен механизмдерге отын құйылмайды, оларды жуу және жөндеу жүргізілмейді;
      су қорғау аймақтары 100 метрден кем болған және іргелес жатқан аумақ баурайының тіктігі 3 градустан асқан кезде саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер орналастырылмайды;
      көлік құралдарының тұрақтары, соның ішінде олар саяжайлық және бау-бақшалық учаскелердің аумақтарында да орналастырылмайды;
      басты мақсатта ағаш кесілмейді;
      (жергілікті атқарушы органдардың және су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында уәкілетті органдардың келісімінсіз ғимараттарды, имараттарды, коммуникациялар мен басқа нысандарды реконструкциялау, пайдалы қазбалар өндіру, жер қазу жұмыстарды және басқа жұмыстар жүргізілмейді.
      2. Су қорғау белдеулері шегінде мыналарға жол берілмейді:
      жүйелі түрде жер жыртылмайды, тыңайтқыштар пайдаланылмайды;
      шайылған топырақ үйінділері жиналмайды;
      мал жайылмайды және олардың жазғы лагерьлері (дәстүрлі суат орындарын қоспағанда) ұйымдастырылмайды;
      маусымдық стационарлық палаткалық қалашықтар орнатылмайды және жайластырылмайды;
      саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер жайғастырылмайды;
      жеке тұрғын үй немесе саяжайлық және басқа құрылыстарға учаскелер бөлінбейді;
      арнайы мақсаттағы техниканы қоспағанда, автомобильдердің, тракторлардың және механизмдердің қозғалысына жол берілмейді.