Целиноград ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № А-1/8 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 ақпанда 1-17-165 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № А-2/170 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 19.04.2016 № А-2/170 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2012.10.19 № А-4/369 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде тіркелген адамдар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2012.10.19 № А-4/369 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Целиноград ауданының әкімі М.Жунусов