Целиноград ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № А-2/170 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/07 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2724 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 157-158 (21678-21679) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 171-172 (21806) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған);
      2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 66/01 "Электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2143 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 ақпандағы № 15-16 (21348-21349) "Индустриальная Караганда" және 2013 жылғы 9 ақпандағы № 20-21-22 (21445) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков