Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 388 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 шілдеде № 1-14-186 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 48 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 23.01.2015 № 48 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 30.09.2013 № 583 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы үш пайыз көлемінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Зеренді ауданының әкімі Е.Маржықпаев