Зеренді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 48 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 388 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-14-186 болып тіркелген, 2012 жылдың 17 шілдесінде "Зеренді" газетінде жарияланған);
      "Зеренді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 593 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3843 болып тіркелген, 2013 жылдың 25 қазанында "Зерделі Зеренді", "Зерен" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Мұратұлы