Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін бос жұмыс орындарының квотасын анықтау туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № А-7/2048 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 шілдеде № 1-1-180 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/878 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № А-4/878 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы анықталсын.
      2.Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № А-5/951 "Көкшетау қаласы бойынша интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-144 болып тіркелген, 2011 жылы 16 маусымда "Көкшетау" және "Степной маяк" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж.Какпеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енді және ресми жарияланған күннен бастап әрекетке енгізіледі.
      Қала әкімі М.Батырханов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
Т.К.Асылбеков
      "Көкшетау қаласының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Х.Х.Ғазизов
      "Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару
жүйесі департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Т.Н.Жәнібеков