Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 97/11-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 764 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, 2004 жылғы 22 мамырдағы № 63-64 «Вечерняя Астана», 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:».
      2. Осы шешiм оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енедi.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Астана қаласының Сәулет
      және қала құрылысы басқармасы»
      (СжҚҚБ) мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В. Силецкий

      «Астана қаласының құрылыс
      басқармасы» (ҚБ) мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В. Лютов