2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 109-315 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 717 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 272831-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.
      2. Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандары шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау мақсатында қалалық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Қалалық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Астана қаласы Алматы ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Аудандық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Астана қаласы Есіл ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Аудандық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      5. Астана қаласы Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Аудандық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      6. Астана қаласы қалалық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі9-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      7. «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
      1) медициналық комиссияны қызметкерлермен қамтамасыз етсін;
      2) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмектермен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
      3) әскерге шақырылуға жататын азаматтардың зертханалық тексеруін Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «№ 3 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жүргізсін;
      4) әскерге шақырылуға жататын азаматтардың рентгенеологиялық тексеруін жүргізу үшін қалалық жинау пунктін 2012 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында жылжымалы флюра қондырғысымен қамтамасыз етсін.
      8. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және 2012 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына жұмыссыз азаматтардың (15 адамнан) келуін қамтамасыз етсін.
      9. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшін шақыру комиссиясын «Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің ұсынған өтінімдерге сәйкес көлікпен қамтамасыз етсін.
      10. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі 2012 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде шақырылудан жалтарған азаматтарды әкелуді қамтамасыз ету үшін 4 полиция қызметкерін, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту және кетуі кезінде қалалық жиналу пунктінде қоғамдық тәртіптің күзетін бөлсін.
      11. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментінің «Астана» станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы» мемлекеттік мекемесі темір жол станцияларының отырғызу жерлерінде қоғамдық тәртіпті сақталу мақсатында шаралар қабылдасын.
      12. «Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі қалалық жиналу пунктінде әскерге шақырушылар арасында жаппай спорттық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырсын.
      13. «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін Астана қаласының бюджетінде бөлінген қаражат шегінде жалпыға бірдей әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
      14. «Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі:
      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және мемлекеттік тіркеуден кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын;
      осы қаулының орындалуы туралы Астана қаласының әкімдігіне 2012 жылғы 16 шілдеге дейін және 2013 жылғы 15 қаңтарға дейін ақпарат берсін.
      15. «2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33-206қ («Астана қаласының Әділет департаменті» мемлекеттік мекемесінде 2011 жылғы 29 сәуірде № 673 болып тіркелген; 2011 жылғы 12 мамырдағы № 52 «Астана ақшамы» газетінде және 2011 жылғы 12 мамырдағы № 55-56 газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      16. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.
      17. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Астана қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б. Мұхамеджанов
      2012 жылғы 26 наурыз

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 109-315 қаулысына   
1-қосымша        

Қалалық шақыру комиссиясының құрамы

      Крылов               – Астана қаласы әкімінің орынбасары,
      Василий Леонидович     қалалық шақыру комиссиясының төрағасы;

      Мұхамеджанов         – «Астана қаласының Қорғаныс істері
      Бақыт Әлімұлы          жөніндегі департаменті» мемлекеттік
                             мекемесінің бастығы, қалалық шақыру
                             комиссиясы төрағасының орынбасары;

      Мұхитов              – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      Қайрат Болатұлы        министрлігінің Астана қаласының Ішкі
                             істер департаменті» мемлекеттік
                             мекемесі бастығының орынбасары,
                             комиссия мүшесі;

      Құрманова            – «Астана қаласының Денсаулық сақтау
      Сәуле Айтмұхамбетқызы  басқармасы» мемлекеттік мекемесі
                             бастығының орынбасары, медициналық
                             комиссия төрайымы;

      Петренкова           – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Галина Степановна      басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                             хатшысы.

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 109-315 қаулысына   
2-қосымша        

Қалалық шақыру комиссиясының (резервтік) құрамы

      Әбіжанов             – «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы,
      Тимур Жұмажанұлы       азаматтық қорғаныс, апаттардың және
                             дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын
                             ұйымдастыру жөніндегі басқармасы»
                             мемлекеттік мекемесінің бастығы, қалалық
                             шақыру комиссиясы төрағасының
                             орынбасары;

      Кәрімов              – «Астана қаласының Қорғаныс істері
      Абзал Балықбайұлы      жөніндегі департаменті» мемлекеттік
                             мекемесі әскери қызметшілерді
                             келісім-шарт және шақыру бойынша іріктеу
                             басқармасының бастығы, қалалық шақыру
                             комиссиясы төрағасының орынбасары;

      Қалиев               – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      Асқар Теміртасұлы      министрлігінің Астана қаласының Ішкі
                             істер департаменті» мемлекеттік мекемесі
                             басқарма штабының бас маманы, комиссия
                             мүшесі;

      Қабдырова            – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Қорлан Болатқызы       басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының бас дәрігері, медициналық
                             комиссия төрайымы;

      Асамбаева            – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Жұпаргүл Жұмажанқызы   басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                             хатшысы.

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 109-315 қаулысына   
3-қосымша        

Астана қаласы Алматы ауданы шақыру комиссиясының құрамы

      Рыспеков             – Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің
      Түсіп Жетенұлы         орынбасары, аудандық шақыру
                             комиссиясының төрағасы;

      Қасымов              – «Астана қаласы Алматы ауданының Қорғаныс
      Руслан Саттарұлы       істері жөніндегі біріктірілген
                             басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
                             бастығы, аудандық шақыру комиссиясы
                             төрағасының орынбасары;

      Әбенов               – «Астана қаласының Ішкі істер
      Марат Әлімұлы          департаменті «Алматы» ауданының Ішкі
                             істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
                             бастығының орынбасары, комиссия мүшесі;

      Бутунбаева           – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Гүлнәр Садыққызы       басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының терапевт–дәрігері,
                             медициналық комиссияның төрайымы;

      Петренкова           – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Галина Степановна      басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                             хатшысы.

      «Астана қаласы Алматы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 14.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 109-315 қаулысына   
4-қосымша       

Астана қаласы Алматы ауданы шақыру комиссиясының (резервтік) құрамы

      Көркембаева          – Алматы ауданы әкімі аппараты ішкі саясат
      Айгүл Алпысқызы        бөлімінің бастығы, аудандық шақыру
                             комиссиясының төрағасы;

      Бекембаев            – «Астана қаласы Алматы ауданының Қорғаныс
      Руслан Маратұлы        істері жөніндегі біріктірілген
                             басқармасы» мемлекеттік мекемесі әскери
                             қызметшілерді келісім-шарт және шақыру
                             бойынша іріктеу бөлімінің бастығы,
                             аудандық шақыру комиссиясы төрағасының
                             орынбасары;

      Тулежанов            – «Астана қаласының Ішкі істер
      Зейнулла Абибуллаұлы   департаменті «Алматы» ауданының Ішкі
                             істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
                             кадр бөлімінің бастығы, комиссия мүшесі;

      Семенова             – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Валентина Григорьевна  басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының терапевт-дәрігері,
                             медициналық комиссия төрайымы;

      Асамбаева            – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Жұпаргүл Жұмажанқызы   басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                             хатшысы.

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 109-315 қаулысына   
5-қосымша       

Астана қаласы Есіл ауданы шақыру комиссиясының құрамы

      Кулагин              – Есіл ауданы әкімінің орынбасары,аудандық
      Павел Сергеевич        шақыру комиссиясының төрағасы;

      Қасымов              – «Астана қаласы Алматы ауданының Қорғаныс
      Руслан Саттарұлы       істері жөніндегі біріктірілген
                             басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
                             бастығы, аудандық шақыру комиссиясы
                             төрағасының орынбасары;

      Балғабеков           – «Астана қаласының Ішкі істер
      Бауыржан Нұрлыбекұлы   департаменті «Есіл» ауданының Ішкі істер
                             басқармасы» мемлекеттік мекемесі
                             бастығының орынбасары, комиссия мүшесі;

      Бутунбаева           – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Гүлнәр Садыққызы       басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының терапевт–дәрігері,
                             медициналық комиссияның төрайымы;

      Петренкова           – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Галина Степановна      басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                             хатшысы.

      «Астана қаласы Алматы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 14.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 109-315 қаулысына   
6-қосымша       

Астана қаласы Есіл ауданы шақыру комиссиясының (резервтік)құрамы

      Симамбаев            – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің
      Ерлан Тасбайұлы        кеңесшісі, аудандық шақыру комиссиясының
                             төрағасы;

      Бекембаев            – «Астана қаласы Алматы ауданының Қорғаныс
      Руслан Маратұлы        істері жөніндегі біріктірілген
                             басқармасы» мемлекеттік мекемесі әскери
                             қызметшілерді келісім-шарт және шақыру
                             бойынша іріктеу бөлімінің бастығы,
                             аудандық шақыру комиссиясы төрағасының
                             орынбасары;

      Исламов              – «Астана қаласының Ішкі істер
      Амангелді Асқарұлы     департаменті «Есіл» ауданының Ішкі істер
                             басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
                             қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы,
                             комиссия мүшесі;

      Семенова             – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Валентина Григорьевна  басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының терапевт-дәрігері,
                             медициналық комиссия төрайымы;

      Асамбаева            – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Жұпаргүл Жұмажанқызы   басқармасы   «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                             хатшысы.

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 109-315 қаулысына   
7-қосымша       

Астана қаласы Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының құрамы

      Ахметов              – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің
      Төлеген Оңашабайұлы    орынбасары, аудандық шақыру
                             комиссиясының төрағасы;

      Касимов              – «Астана қаласы Сарыарқа ауданының
      Марат Жаманбайұлы      Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы»
                             мемлекеттік мекемесінің бастығы,
                             аудандық шақыру комиссиясы төрағасының
                             орынбасары;

      Кожиакпаров          – «Астана қаласының Ішкі істер
      Сәлімбай Серікұлы      департаменті «Сарыарқа» ауданының Ішкі
                             істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
                             бастығының орынбасары, комиссия мүшесі;

      Семенова             – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Валентина Григорьевна  басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының терапевт-дәрігері,
                             медициналық комиссия төрайымы;

      Асамбаева            – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Жұпаргүл Жұмажанқызы   басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                             хатшысы.

      «Астана қаласы Сарыарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 09.00-ден 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 109-315 қаулысына   
8-қосымша       

Астана қаласы Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының (резервтік) құрамы

      Топатаев             – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі
      Самат Мұхамедғалыұлы   аппараты ішкі саясат бөлімінің бас
                             маманы, аудандық шақыру комиссиясының
                             төрағасы;

      Сидыков              – «Астана қаласы Сарыарқа ауданының
      Елшат Тұрсынұлы        Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы»
                             мемлекеттік мекемесінің әскери
                             қызметшілерді келісім-шарт және шақыру
                             бойынша іріктеу бөлімінің бастығы,
                             аудандық шақыру комиссиясы төрағасының
                             орынбасары;

      Айтжанов             – «Астана қаласының Ішкі істер
      Руслан Бақытжанұлы     департаменті «Сарыарқа» ауданының Ішкі
                             істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
                             жауынгерлік және арнайы дайындық
                             инспекторы, комиссия мүшесі;

      Көпежанова           – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Бақыт Әшірбекқызы      басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының терапевт-дәрігері,
                             медициналық комиссия төрайымы;

      Әбділмажитова        – Астана қаласы Денсаулық сақтау
      Гүлнәр Мұсабайқызы     басқармасы «№ 3 қалалық емханасы»
                             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                             кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                             хатшысы.

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 109-315 қаулысына   
9-қосымша       

Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі

Р/с

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты – 14.00-ден 18.00 сағатқа дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1.

Алматы
ауданы

2, 4, 6, 10, 12, 16, 18, 20, 25, 27

3, 10, 14, 16, 18, 22, 24, 28, 30

4, 11, 18, 25

1, 3, 5, 9, 11, 15, 17, 19, 23, 25, 29, 31

2, 6, 8, 12, 14, 16, 20, 22, 26, 28, 30

5, 12, 19, 26

2.

Есіл ауданы

2, 4, 6, 10, 12, 16, 18, 20, 25, 27

3, 10, 14, 16, 18, 22, 24, 28, 30

4, 11, 18, 25

1, 3, 5, 9, 11, 15, 17, 19, 23, 25, 29, 31

2, 6, 8, 12, 14, 16, 20, 22, 26, 28, 30

5, 12, 19, 26

3.

Сарыарқа
ауданы

3, 5, 9, 11, 13, 17, 19, 23, 24, 26, 30

4, 11, 15, 17, 21, 23, 25, 29, 31

6, 13, 20, 27

2, 4, 8, 10, 12, 16, 18, 22, 24, 26, 30

1, 5, 7, 9, 13, 15, 19, 21, 23, 27, 29

7, 14, 21, 28