Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Институт Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының жалпы және жедел басшылығымен жұмыс істейді.».
      2. Осы Жарлық 0ол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев