Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8318 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабының 1-тармағын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 15-тармағын, 30-бабының 13-тармағын, 40-бабының 12-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын, 52-12-бабының 3-тармағын және 60-бабының 7-тармағын, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабының 1-тармағын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 15-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 2-тармағын, 72-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - мынадай заңды тұлғалар үшін Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі белгіленсін:
      банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;
      банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;
      Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (бар) банктер;
      Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.
      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - мынадай заңды тұлғалар үшін Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "В-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген немесе осы қаулының 3-тармағының екінші бөлігінің үшінші, бесінші, алтыншы, он бірінші, он төртінші және он бесінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін рейтингілік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі белгіленсін:
      ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие);
      бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарына ие.
      Рейтингілік агенттігінің осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған талаптарға сәйкестігін рейтинг жүргізілетін объекті растайды.
      Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай ұзақмерзімді ең төменгі тәуелсіз рейтингі белгіленсін:
      шет мемлекеттің шетел валютасында – Standard & Poors рейтингілік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шәкіл бойынша ұзақмерзімді ең төменгі рейтингі "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес.
      Банктер туралы заңның 8-1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының мақсаттары үшін халықаралық шәкіл бойынша мынадай ең төменгі жеке кредиттік рейтингі белгіленсін:
      ұйымның шетел валютасында – Standard & Poors рейтингілік агенттігінің шетел валютасындағы халықаралық шәкіл бойынша ұзақмерзімді ең төменгі рейтингі "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1-1. Жеке тұлға-ірі қатысушысы жоқ екінші деңгейдегі банктің Банктер туралы заңның 30-бабы 13-тармағының талабын орындау үшін:
       1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар үшін - Standard & Poors рейтингтік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес;
      2) Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғалар үшін – осы қаулының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шетел валютасындағы халықаралық шәкілі бойынша ең төменгі ұзақмерзімді кредиттік рейтингі бар бас банк не банк холдингі болады.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары мыналарға қолданылмайды:
      1) төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғаларға:
      заңды тұлғаның халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі бар;
      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ең төменгі рейтингіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және заңды тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған;
      2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті мәртебе алған және көрсетілген күні төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - банк холдингтеріне:
      банк холдингінің ұлттық шәкіл бойынша Japan Credit Rating Agency (JСR) рейтингілік агенттігінің не JСR үлестес тұлғасы болып табылатын рейтингілік агенттіктің "ААА"-дан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар;
      Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингіне ие шет мемлекеттің резиденті болып табылады;
      Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы мен банк холдингі резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органының арасында ақпарат алмасу көзделетін келісім жасалған.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2-1. Банктер туралы заңның 52-12-бабының 3-тармағының мақсаты үшін рейтингті осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі береді.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Рейтингілік агенттіктердің мынадай тізбесі белгіленсін:
      Moody's Investors Service;
      Standard & Poors;
      Fitch;
      Capital Intelligence;
      Dominion Bond Rating Service (DBRS);
      JСR;
      Rating & Investment Information (R&І).
      Рейтингілік агенттіктер тізбесіне Еуропалық одақтың кем дегенде бес елінде сыртқы кредиттік бағалау институттары (External Credit Assessment Institutions) ретінде танылған рейтингілік агенттіктер немесе мынадай талаптарға сәйкес келетін рейтингілік агенттіктер енгізіледі:
      рейтингілік агенттік «Interactive Data Credit Ratings-International» рейтингілік агенттіктердің қызметін шолу жөніндегі мерзімді мамандандырылған басылымына енгізілген;
      рейтингілік агенттік жүйелі негізде кем дегенде соңғы үш жылда рейтингілеу объектілеріне рейтингілер береді (жаңартады);
      рейтингілік агенттіктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері бір жүз жетпіс миллион теңгеден кем емес баламалық сомада болады;
      рейтингілік агенттік рейтингі берген және жаңартқан ұйымдардың саны отыздан, оның ішінде соңғы үш жылда жиырмадан кем емес, оның ішінде бесеуден кем емесі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын компания немесе жинақтаушы зейнетақы қоры болған;
      рейтингілік агенттік негізгі қызмет ретінде рейтингілер береді, сондай-ақ қосымша рейтингілік агенттіктің негізгі қызметі мәселелері бойынша талдау қызметін жүзеге асыра алады және консалтингтік қызмет көрсете алады;
      рейтингілік бағалар беру методологиясы мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      рейтингілік бағаны айқындауға ықпал ететін барлық сапалық және сандық факторлар ескеріледі, ол бұрынғы рейтингілік бағалардың айқындалуы кезінде осындай факторлардың маңыздылығы туралы куәландыратын тарихи деректер негізінде жасалған статистикалық есептеулермен расталады;
      рейтингі беру үшін сапалық және сандық факторларды статистикалық талдау модельдері, оның ішінде рейтингілік бағалар трансформациясының матрицалары және оларға сәйкес келетін дефолт деңгейлері (ықтималдықтары) негізінде қолданылады;
      рейтингілік бағаға ықпал ететін тәуекел факторларының сандық және сапалық көрсеткіштеріне қатысты бастапқы ақпараттың шынайлығын,  сондай-ақ олардың рейтингілік бағаны айқындау мақсаттары үшін өзектілігін тексеру рәсімдері қолданылады;
      рейтингілік агенттік рейтингі беретін (растайтын) ұйымдар рейтингілік агенттікпен үлестес тұлға болып табылмайды;
      рейтингілік агенттіктің корпоративтік басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі құжаттары рейтингілік агенттіктің методологиясында көзделген сандық және сапалық факторларды қоспағанда, өзге факторлардың рейтингілік бағаларды беру барысына ықпал етуін шектейді;
      рейтингілік агенттіктің рейтингі берумен тікелей шұғылданатын қызметкерлерінің тиісті жоғары техникалық (экономикалық) білімі мен қаржылық және/немесе кредиттік талдау не тәуекелдерді басқару саласында кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар;
      рейтингілік агенттіктің ішкі құжаттарында ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ететін рәсім көзделеді;
      рейтингілік агенттіктің рейтингілік бағалар беру методологиясының қағидаттары туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметтер және берілген рейтингілік бағалар тізбесі көрсетілетін өз веб-сайты бар.
      4. Осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктер рейтингілері сәйкестігінің салыстырмалы кестесі осы қаулының 1-қосымшасында белгіленген.
      5. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко 

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына     
1-қосымша        

Рейтингілердің салыстырмалы кестесі

Standard and Poors

Moody's Investors Service

Fitch

Dominion Bond Rating Service (DBRS)

Japan Credit Rating Agency (JCR)

Rating and Investment Information (R&І)

Capital Intel-ligence

1.

ААА

Ааа

ААА

ААА

AAA

AAA

AAA

2.

АА+

Aa1

АА+

AAH

AA+

AA+

AA+

3.

АА

Аа2

АА

АА

AA

AA

AA

4.

АА-

Аа3

АА-

AAL

AA-

AA-

АА-

5.

А+

A1

А+

АH

A+

A+

A+

6.

А

А2

А

A

A

A

A

7.

А-

A3

А-

AL

A-

A-

A-

8.

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

BBBH

BBB+

BBB+

BBB+

9.

ВВВ

Ваа2

ВВВ

BBB

BBB

BBB

BBB

10.

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

BBBL

BBB-

BBB-

BBB-

11.

ВВ+

Ba1

ВВ+

BBH

BB+

BB+

BB+

12.

ВВ

Ва2

BB

BB

BB

BB

BB

13.

ВВ-

Ва3

ВВ-

BBL

BB-

BB-

BB-

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген);
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4068 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 28-29 (835) жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы;
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда № 3236 тіркелген);
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 12 тамыздағы № 159 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4400 тіркелген, 2006 жылғы 24 қазанда «Заң газеті» газетінде № 187 (993) жарияланған);
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 186 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4818 тіркелген);
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5066 тіркелген);
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 163 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5390 тіркелген);
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6004 тіркелген);
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6544 тіркелген).