Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 489 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 8310 тіркелді

Қолданыстағы

      «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) Қазақстан Республикасын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Индустрия және
      жаңа технологиялар министрі                      Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің орынбасары 
Қазақстан Республикасы    
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің          
      2012 жылғы 26 желтоқсандағы 
№ 489 бұйрығымен      
бекітілген         

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін
арттыру мен қайта даярлау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы, 2-тармағының, 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау тәртібін анықтайды (бұдан әрі – оқу).
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдануға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
      2) біліктілік курсы – мамандарға кәсіби қызмет дәрежесі атағын беретін теориялық және тәжірибелік оқудың аяқталған циклі;
      3) білімді бақылау – оқудан өткендігі туралы куәландыратын құжат беру туралы шешімді қабылдайтын нәтиже бойынша, өтініш берушінің тиісті оқу курстарындағы теориялық және тәжірибелік білімді игерген бағасы;
      4) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
      5) оқыту бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
      6) өтініш беруші – кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мақсатында біліктілік курсынан өту үшін, оқуды жүзеге асыратын ұйымға өтініш беретін заңды және жеке тұлға;
      7) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлар - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында еңбектік қызметін жүзеге асыратын мамандар, оның ішінде техникалық сарапшылар, өлшем құралдарын салыстырып тексерушілер;
      8) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган;
      9) тыңдаушы – біліктілік курсы бойынша оқу үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымға қабылданған тұлға.
      3. Оқыту – біліктілік курстары нысанында жүзеге асырылады.
      4. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - ұйым), жыл сайын біліктілік курсы басталғанға дейін әрбір біліктілік курстары бойынша оқыту бағдарламасын әзірлеп, басшымен бекітеді және уәкілетті органмен келіседі.
      5. Оқыту бағдарламасы мынадай ақпараттарды:
      1) кәсіптік оқыту нысанын;
      2) біліктілік курсының атауын;
      3) ұзақтығын;
      4) оқуды өткізу мақсатын;
      5) пән атауларын, әрбір пән (бөлім) бойынша лекцияларды, (қажеттілігіне қарай) тәжірибелік сабақтарды қосқандағы сағат саны қосылған оқыту жоспарын;
      6) меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін;
      7) білімді бақылау нысанын (тестілеу) құрайды.
      6. Біліктілік курстарын өткізу мерзімі мыналардан кем болмауы тиіс:
      - 2 апта (80 академиялық сағат) – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрларды қайта даярлау бойынша;
      - 1 апта (40 академиялық сағат) – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында екі жылдан көп жұмыс тәжірибесі бар мамандар үшін, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрларды қайта даярлау бойынша.

2. Оқытуды өткізу тәртібі

      7. Өтініш беруші оқуға қатысу үшін оқуға жіберілген жеке тұлға туралы мәлімет, оқу нысаны, біліктілік курсының атауы, сондай-ақ заңды тұлға қызметкерлері үшін ұйымның банктік реквизиттері, жеке тұлға үшін ИСН көрсетілген еркін түрдегі өтінішті оқуды атқаратын ұйымға жібереді.
      8. Оқыту тиісті біліктілік курстары бойынша оқыту бағдарламасына сәйкес өткізіледі.
      9. Оқудың қорытындысы бойынша білімді бақылауды біліктілік курсындағы оқыту бағдарламасының пәндеріне сәйкес, құрамына өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар мамандар кіретін ұйымның емтихан комиссиялары жүзеге асырады.
      Білімді бағалау тестілеу түрінде жүзеге асырылады.
      Білімді бақылау тестілеудің жалпы сұрақ санынан кемінде елу пайыз мөлшерінде дұрыс жауап жинаған кезде оң нәтижелі болып бағаланады.
      10. Білім бағаларының оң нәтижелері кезінде оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға біліктілік курстарын оқу кезінде – осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде мамандардың біліктілігін (қайта даярлау) туралы куәлік беріледі.
      11. Білімді бақылаудың теріс нәтижелері кезінде тыңдаушыға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес теориялық және тәжірибелік курсты тыңдағаны туралы анықтама беріледі.
      12. Берілген куәліктерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласында кадрлардың біліктілігін
арттыру мен қайта даярлау 
қағидасына 1-қосымша    

Нысан

Біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік
№___________________

_____________________________________________________________________
                    уәкілетті органның атауы
_____________________________________________________________________
                    оқытуды атқаратын ұйымның атауы
Осы куәлік __________________________________________________ берілді
            тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
ол ________ж. «__» _________ «____» аралығында _____ сағат көлемінде
____________________________________________________________________
жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті білімдерді игергенін
куәландыратын емтихан тапсырды
___________________________________________________________тақырыбы
бойынша біліктілікті арттыраудың (қайта даярлаудың) теориялық және
тәжірибелік курсынан өтті.

Ұйым басшысы ____________________   _________________________________
                      қолы                      Т.А.Ә.
Хатшы ____________________    _______________________
                  қолы                  Т.А.Ә.

М.О.

Берілген күні «__» _________ 20___ж  ______________ қаласы

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласында кадрлардың біліктілігін
арттыру мен қайта даярлау 
қағидасына 2-қосымша    

Нысан

Теориялық және тәжірибелік курсты тыңдағаны туралы анықтама

      _________________________________________________ берілді, ол
                   тегі, аты, әкесінің аты
20_____ ж. «____» ___________ «____» ______________аралығында _______
_____________________________________________________________________
                       өткізілген жері

__________________________________________________ тақырыбы бойынша
біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) теориялық және тәжірибелік курсын тыңдады.

Ұйым басшысы _______   ___________________________
               қолы     тегі, аты, әкесінің аты

М.О.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласында кадрлардың біліктілігін
арттыру мен қайта даярлау  
қағидасына 3-қосымша    

Нысан

Берілген куәліктерді тіркеу журналы

Тегі, Аты, Әкесінің аты

Өтініш беруші туралы мәлімет

Берілген күні

Куәлік №

Тыңдаушының қолы

1

2

3

4

5

6