Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 8306 тіркелді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 718-бабының 2-тармағына, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша сыйақының мөлшерлемелерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.03.2021 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын банк қарыздары және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын микрокредиттер бойынша сыйақының шекті жылдық тиімді мөлшерлемесі 56 (елу алты) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банк қарызын берумен және қызмет көрсетумен байланысты банк қарызы, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сыйақының жылдық тиімді ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы" 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 19 мамырда № 68 (1884), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 22 қарашада № 23 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және микрокредиттік ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко