"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығымен бекітілген, № 2810 тіркелген "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы № 856 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8280 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 № 110 бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-1 бекітілген, 2810 тіркелген «Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3069 тіркелген, 2004 жылғы 2 қазандағы "Официальная газета" № 40 (197) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көрсетілген бұйрықпен «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, N 2810 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» (бұдан әрі - Заң) 2001 жылғы 8 желтоқсандағы заңына сәйкес әзірленді.
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қағидалар тасымалдаушылардың «Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген қағидаларын сақтауға бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бақылау Заң талаптарына сәйкес көліктік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) жүзеге асырады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Лауазымды тұлғалар жол жүру құжаттарын сату, ресімдеу және қайта ресімдеу, багажды және жүк-багажын ресімдеу мен тасымалдау тәртібінің шарттарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тексерулер жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде:
      1) жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдауды ұйымдастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан ақпарат пен мәліметтер сұрайды;
      2) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдауды ұйымдастыру саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нұсқамалар береді;
      3) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажы тасымалдарын ұйымдастыруды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар енгізеді.»;
      5-1-тармақ алып тасталсын;
      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жолаушылар тасымалын бақылауды жүзеге асыру тәртібі»;
      6-тармақтың:
      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Темір жол көлігі тасымалдаушыларының және ұйымдарының жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын сақтау;»;
      7) тармақша алып тасталсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ішкі жабдықтың және алмалы-салмалы мүкәммалдың жай-күйі, жылыту, жарықтандыру, желдету және салқындату жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) жолаушылардағы жол жүру құжаттарының (билеттердің), жолаушылар ұсынған жол жүру құжаттарының жол жүріп келе жатқан вагондардың санатына сәйкестігі;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жолаушылар поездарын тексеру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғамен бекітілетін осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жүргізіледі.
      Тексеруді тағайындау туралы актіні осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің немесе оның аумақтық органының басшысы береді.».
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Лауазымды тұлғалардың жолаушы поездарына тексеру жүргізу тәртібі мынадай ретпен жүзеге асырылады:
      1) жолаушылар поезын (жолаушы, багаж, почта-багаж, почта немесе қызметтік вагондарды) тексеру алдында лауазымды тұлғалар қызметтік куәлігін және осы поезды тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетеді, бұл ретте жолаушы поезының бастығын (жолаушы, багаж, почта-багаж, почта немесе қызметтік вагондардың қабылдаушы-тапсырушысын) тексерудің басталғаны туралы хабардар етеді;
      2) поездардың жолаушы вагондарындағы жолаушылардың жол жүру құжаттарын тексеруді лауазымды тұлғалар поезд жөнелту және/немесе құрау станциясынан жүріп өткеннен кейін бастайды;
      3) тексеру жолаушы поезының тексеріліп жатқан құрамының барлық вагондарында билетсіз жолаушының жүріп өтуін және рәсімделмеген багаж бен жүк-багажын алып жүруді болдырмау бөлігінде жүзеге асырылады;
      4) жолаушылар вагондардың барлық үлгілерінде билетсіз жолаушылар анықталған кезде лауазымды адамдар осы қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша тексеру нәтижесі туралы акт жасайды;
      5) тексеру барысында анықталған барлық бұзушылықтар поездың (вагонның) рейстік журналында бейнеленеді;
      6) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының 245-тармағындағы талаптарына сәйкес жолаушыны көліктен түсіру бойынша шараларды қабылдайды.»;
      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Багаж, жүк-багажы тасымалдарын бақылауды жүзеге асырудың тәртібі»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жолаушы, багаж, почта-багаж және почта вагондарының жол жүруі кезінде багаж, жүк-багажы тасымалдарының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырғанда лауазымды тұлғалар:
      1) тасымалданатын багаждың және жүк-багажының ілеспе құжаттарға сәйкестігін, сондай-ақ қауіпті заттар және багаж немесе почта-багаж вагонында тасымалдауға тыйым салынған заттар болып табылатын бұйымдардың бар болуын тексереді;
      2) багаж, почта-багаж және почта вагонында бөгде (жүріп өтуге құқық беретін құжаттарсыз) тұлғалар анықталған кезде акт (1-қосымша) жасайды, онда вагонды қабылдаушы-тапсырушының (немесе тасымалдауға жауапты тұлғаның) деректері, анықталған билетсіз жолаушылар саны көрсетіледі, олардан айыппұл өндіріп алынады. Вагонды қабылдаушы-тапсырушының (немесе тасымалдауға жауапты тұлғаны) билетсіз жолаушылар алып жүргені үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 479-бабының 3) немесе 4) тармақшаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартады;
      3) тиісті ресімдеусіз тасымалдауға қабылданған багажды және жүк-багажын анықтаған кезде анықталған бұзушылық туралы багаж немесе почта-багаж вагонының рейстік журналында жазу жазып, оны одан әрі ресімдеу үшін жақын арадағы темір жол станциясының багаж бөлімшесіне тапсыру жөнінде шаралар қабылдайды;
      4) «Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларын темір жол көлігі тасымалдаушылары мен ұйымдарының сақтауын тексереді.»;
      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Арнайы вагондарды тексеруді жүзеге асыру тәртібі»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қызметтік, қызметтік-техникалық вагондарды тексеру кезінде жолаушыларда жолаушы поезы құрамындағы вагонды пайдалану және оларда жол жүру құқығын белгілейтін құжаттардың бар болуы тексеріледі.
      Вагонда бөгде (жол жүруге құқық беретін құжаттарсыз) тұлғалар анықталған кезде тексеру актісі жасалады. Вагонның жолсерігі де (не тасымалдау үшін жауапты тұлға) билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 479-бабының 3) немесе 4) тармақшаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартады.»;
      17-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Лауазымды адамдар жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау бұзушылықтарын анықтаған жағдайда:
      1) тексеру актісін жасауы;»;
      123-қосымшалары осы бұйрықтың 123-қосымшасына сәйкес редакциясында жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                        А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
бұйрығына 1-қосымша      

«Жолаушыларды, багажды және
жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 799 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
темір жол көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын
тасымалдаушылардың сақтауын
бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
қағидаларына 1-қосымша
нысан

«Бекітемін»           
Қазақстан Республикасының   
Көлік және коммуникация министрлігі
Көліктік бақылау комитетінің 
басшысы              

____________________________жолаушы поездарын
тексерудің 20___жылғы ______ айына арналған
Жоспар-кестесі

Іс-шараның атауы

Тексеру күні

Тексерушілердің Т.А.Ә.

Тексеру нәтижелері


























Бөлім бастығы
________________________________

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
бұйрығына 2-қосымша      

«Жолаушыларды, багажды және
жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 799 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
темір жол көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын
тасымалдаушылардың сақтауын
бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
қағидаларына 2-қосымша
нысан

Тексеруді тағайындау туралы акті N_________

20____жылғы «____» ___________

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүретін жолаушылар
поездарына (барлық санаттарына) немесе жолаушылар тасымалдарының
шаруашылық жүргізуші субъектілеріне тексеру жүргізу үшін
(тексерілетін объектілердің астын сызу қажет)
_______________________________
_____________________________________________________________________
                    (бақылаушы органның атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________ жібереді.
      Журналда тіркелген күні ___________________________________
№_________________
      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауы мен тұрған жері
немесе станцияның тексерілетін учаскелеріндегі жолаушылар поезының
нөмірі (қажет емесі сызылып тасталынсын) ____________________________
ЖСН/БСН _____________, тексеру түрі _______________________, тексеру
_____________________________________________________________________
_______________________________________________мәселелері
Тексеру жүргізу мерзімі _______________________________________
Тексеру жүргізу кезеңі ________________________________________
Тексеру жүргізудің негізі _____________________________________
________________________________________                 ____________
(бақылаушы орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты)         (қолы)

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
бұйрығына 3-қосымша      

Жолаушыларды, багажды және
жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 799 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
темір жол көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын
тасымалдаушылардың сақтауын
бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
қағидаларына 3-қосымша
нысан

Тексеру нәтижелері туралы акт №_____

      20 ____ жылғы «___» _____________ мынадай лауазымды адамдардың
қатысуымен __________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, куәлік №)
_____________________________________________________________________
(тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты, куәлік № көрсетілсін)
______________________________________________________ құрамындағы
____________________________________________________ қатынасындағы
№ _____________ жолаушы поезын (вагонын) тексеру барысында №
___________ вагонда (), учаскеде ____________________________ мыналар
анықталды:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (тексерушілердің Т.А.Ә. және қолдары)

      ТАНЫСТЫМ:
      ______________________________________________________________
      (поезд бастығының және вагон жолсерігінің Т.А.Ә. және қолдары)
       Актінің екінші данасын алдым _________________________________
                                            (қолы, Т.А.Ә.)