Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 479 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 қаңтарда № 8257 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларының 3-тармағының 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 6-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидалары.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Сәтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары – Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі                                   Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 26 желтоқсанда  
№ 479 бұйрығымен бекітілген  

Асыл тастармен,бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған
зергерлік бұйымдармен,сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен
операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді
арнайы есепке алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына сәйкес әзірленген және асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу (бұдан әрі – арнайы есеп) тәртібін анықтайды.

2. Арнайы есепке алуды жүргізу  

      2. Арнайы есеп Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлердің тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      3. Тізілім заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу шегіне қарай қалыптасады.
      4. Арнайы есепке алу туралы мәлімдеме заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер тіркеу орындары бойынша уәкілетті органның аумақтық Департаменттеріне береді және ұйым басшыларымен және жеке кәсіпкерлермен қол қойылады, сондай-ақ олардың мөрлерімен куәландырылады.
      Мәлімдемеде:
      1)заңды тұлғалар үшін (бұдан әрі - ұйымдар) – ұйымның толық атауы, оның заңды мекенжайы, басшының тегі және аты, байланыс телефонының номері;
      2) жеке кәсіпкерлер үшін – тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері (сериясы, номері, қашан кіммен берілді), тұрақты мекенжайы бойынша тiркеуі көрсетіледі.
      5. Ұйым мәлімдемемен бірге:
      1) құрылтайшылық құжаттардың көшірмесін;
      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін бизнес-сәйкестендіру номерін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны (қайта тіркеу) ұсынады.
      6. Жеке кәсіпкерлер мәлімдемемен бірге бизнес-сәйкестендіру номерін (БСН) көрсете отырып, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесін қоса береді.
      7. Уәкілетті органның аумақтық департаментіне сұратылған құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері салыстырып тексеру үшін ұсынылады.
      8. Ұйымды немесе жеке кәсіпкерді арнайы есепке алу мәлімдеме қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.
      9. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, мәлімдеме қараусыз қалады, бұл туралы құжаттар қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде дәлелді хат нысанында мәлімдеушіге хабарланады.
      10. Тізілімде:
      1) ұйымның толық атауы, жеке кәсіпкердің тегі және аты-жөні;
      2) бизнес сәйкестендіру номері;
      3) заңды мекенжайы;
      4) басшының аты, тегі, әкесінің аты;
      5) байланыс телефондары;
      6) жүзеге асыратын қызметтері түрлерінің тізбесі;
      7) Тізілімге енгізілген күні көрсетіледі.
      11. Арнайы есепке алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде аумақтық департамент асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу туралы анықтаманы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
      12. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарда мәліметтер өзгерген жағдайда, мәліметтер өзгерген күннен бастап ұйым немесе жеке кәсіпкер ол туралы 10 жұмыс күні ішінде оларды арнайы есепке алған органға хабарлайды. Сонымен бірге салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары не нотариалды куәландырылған көшірмелері бірге ұсынылады.

Асыл тастармен, бағалы металдар
мен асыл тастардан жасалған 
зергерлік бұйымдармен,    
сондай-ақ өңделмеген табиғи 
алмастармен операцияларды  
жүзеге асыратын заңды тұлғалар
(Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкісінен басқа) 
мен жеке кәсіпкерлерді арнайы
есепке алу қағидаларына  
қосымша          

нысан

Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған
зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен
операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке
    кәсіпкерлерді арнайы есепке алу туралы анықтама

____________________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы, басшының тегі, аты-жөні (жеке кәсіпкерлер
үшін – аты, тегі, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың
мәліметтері: сериясы, номері, кім, қашан берілді, мекенжайы бойынша
тіркеу орны), мекенжайы, байланыс телефоны

____________________________________________________________________
асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында өңделмеген
табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен
жеке кәсіпкерлердің арнайы есебінде тіркелгені туралы беріледі.

Берілді:          _________________________________________________
                  Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                  технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және
                  метрология комитетінің департамент атауы
                   ________________________________________________
                             Басшының аты-жөні, байл. тел.

М.О.             «___»____________20___ж.