Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 27-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Сәтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар
министрінің
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 478 бұйрығымен бекітілген
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып,
Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу
және беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына сәйкес әзірленген.
2. Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала
отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру
2. Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын (бұдан әрі – Сертификат) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық департамент) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді және береді.
3. Сертификат жіберілетін, бір жөнелтуші бір алушының мекен жайына партия ішіндегі жүк орындарының санына қарамастан бір келісімшарттың шарттарына сәйкес жөнелтілетін және тауарларға бір декларация шеңберінде ресімделетін өңделмеген табиғи алмастардың әр партиясына беріледі.
4. Сертификат екі бөлімнен тұрады:
1) негізгі парағы;
2) алмастардың әкелінуін растайтын жыртып алынатын талон (белгіленген жерге дейін жеткізу).
5. Сертификаттың негізгі парағы бағандарында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) «Берілген күні» бағанында – берілген күні және айы екі қосмәнді сандармен көрсетіледі. Берілген жылы толық көрсетіледі;
2) «Қолданылу мерзімі» бағанында – берілген күні және айы екі қосмәнді сандармен көрсетіледі. Берілген жылы толық көрсетіледі;
3) «Экспорттаушы» бағанында «Alfa-2» жүйесі бойынша (ISO 3166-1 стандартына сәйкес) Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі және экспорттаушы-кәсіпорынның атауы.
Экспорттаушы-кәсіпорынның атауы ұйымның тіркелу құжаттарына сәйкес көрсетіледі;
4) «Алушы» бағанында – «Alfa-2» жүйесі бойынша (ISO 3166-1 стандартына сәйкес) ол елге алмастарды әкету болып жатқан елдің коды және тауарды алушының атауы көрсетіледі.
Алушының атауы сыртқы сауда шартындағы не алмастармен операцияны жүзеге асырушы тарапты анықтайтын өзге құжаттағы мәліметтерге сәйкес латын әріптерімен көрсетіледі;
5) «Келісімшарттың №» бағанында – сыртқы сауда шартында көрсетілген әріптерге және сандарға не алмастармен операцияларды жүзеге асырушы тараптар және олардың міндеттемелері айқындалған өзге құжатқа дәл етіп толтырылады. Сыртқы сауда шартының нөмері болмаған жағдайда оның күнін көрсетуге рұқсат беріледі;
6) «Тауар коды» бағанында – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) талаптарына сәйкес КО СЭҚ ТН сәйкес тауардың мынадай кодтарының бірі көрсетіледі: 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0.
Кедендік транзиттің кедендік үдерісіне енгізілген код тауарлары және тауар атауы өзгеріссіз қалады;
7) «Шығарған (өндірген) ел» бағанында – алмастар партиядан өндірілген немесе алынған ел көрсетіледі;
8) «Саны» бағанында – оған Сертификат берілетін өңделмеген табиғи алмастардың әкетілетін партиясының құрамына кіретін жүк орындарының (посылкаларының) саны көрсетіледі;
9) «Алмастардың жалпы салмағы» бағанында – ілеспе құжаттардағы мәліметтерге сәйкес караттарда алмас партиясының жалпы таза салмағы көрсетіледі;
10) «Алмастардың жалпы құны» бағанында – ілеспе құжаттардағы мәліметтерге сәйкес алмас партиясының жалпы құны көрсетіледі;
11) «Мемлекеттік бақылаушы» бағанында – уәкілетті органның мөрі және уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылады;
12) Сертификаттың негізгі парағы сол жақтағы төменгі бұрышында әкетілетін партияның посылкасы (орындары) пломбаларының номерлері қойылады.
6. Талон Сертификаттың бөлінбес бөлігі болып табылады және белгіленген орынға дейін жеткізудің растауы болып саналады.
7. Талон әкетілген өңделмеген табиғи алмастар партиясын алған елдің уәкілетті органы толтырады.
8. Импорттауда алмастар партиясының Сертификатын алуда мемлекеттік бақылаушы талонды жыртып алады және экспортаушының еліне электрондық почта арқылы жолдайды.
9. Талонды жазбаша түрде толтыруға жол беріледі.
10. Сертификаттың негізгі парағы бағандарында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) «Импорттаушы ел» бағанында – елдің толық атауы толтырылады;
2) «Жіберушінің атауы» бағанында – жіберушінің толық атауы толтырылады;
3) «Алушының атауы» бағанында - алушының толық атауы толтырылады;
4) «Келісімшарттың №» бағанында – келісімшарттың мәліметтері бойынша толтырылады;
5) «Салмақ» бағанында – сертификат мәліметтері немесе бағалау нәтижесі бойынша толтырылады;
6) «Құны» бағанында – сертификат мәліметтері немесе бағалау нәтижесі бойынша толтырылады;
7) «Тауар коды» бағанында – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) талаптарына сәйкес КО СЭҚ ТН сәйкес тауардың мынадай кодтарының бірі көрсетіледі: 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0;
8) «Алу күні» бағанында – Кимберлий үдерісінің ресімдерін жүргізуге жауапты орган бақылауды іске асыру үшін алмастар партиясын алған күні көрсетіледі;
9) «Мемлекеттік бақылаушы» бағанында – табиғи алмастарды әкелуге жауапты, мемлкеттік бақылаушы қызметтері немесе басқа мемлекеттік уәкілетті тұлғалары бар елдерде толтырылады. Бұл бағанда бақылаушының қолы, мөртабаны, шарт белгілері қойылады;
10) «Талонды толтыру күні» бағанында – алмастар партиясын алуды растау талонын ресімдеу күні көрсетіледі;
11) «Кеден таңбалауы» бағанында – алушы елде Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасының талаптары кедендік органдарға жүктелген жағдайда толтырылады.
11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті бланкілердің дайындалуын ұйымдастырады.
12. Сертификат бір данада ресімделіп, мәлімдеушіге беріледі. Аумақтық департамент берілген сертификаттың көшірмесін сақтау үшін қалдырады.
13. Сертификат, онда егер тазартылған, түзетілген, куәландырылмаған түзетулер болса және қажетті қолдар мен мөрлер болмаған жағдайда жарамсыз деп есептеледі.
14. Егер Сертификат қандай да бір себептен бүлінген жағдайда, Сертификаттың телнұсқасын беру үшін бес жұмыс күні ішінде оны аумақтық департаментке қайтаруға жатады.
Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын есепке ала отырып, Қазақстан
Республикасының сертификатын ресімдеу
және беру қағидаларына
қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ
|
||||||||||||||||
ӨҢДЕЛМЕГЕН ТАБИҒИ АЛМАСТАРДЫ ӘКЕТУ СЕРТИФИКАТТЫҢ № ____________
|
||||||||||||||||
KZ |
||||||||||||||||
KIMBERLEY PROCESS CERTIFICATE |
||||||||||||||||
Берілген күні/ Дата выдачи/ Date of issue ____ ________ _____ |
Қолдану мерзімі/ Срок действия/ Date of expiry _____ ____________ |
|||||||||||||||
Экспорттаушы _________________________________________________________________________ |
||||||||||||||||
Алушы _______________________________________________________________ |
||||||||||||||||
Келісімшарттың № _______________ «_____»____________ ________ |
||||||||||||||||
СЭҚ ТН тауар коды: ______________________ |
Шығарған (өндірген) ел _____________________ |
|||||||||||||||
|
Саны______________ дана/шт./pc. |
|||||||||||||||
Алмастардың жалпы құны:__________АҚШ долл./долл. США/ US $ |
||||||||||||||||
Осы партиядағы (жеткізу) өңделмеген табиғи алмастар Кимберлі үдерісінің өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттау халықаралық схемасы ережесіне сәйкес рәсімдеуден өтті. |
||||||||||||||||
Пломба нөмірлері/номера пломб /numbers of seals |
Мемлекеттік бақылаушы/государственный контролер/ State Controller |
|||||||||||||||
Ұйымның басшысы_______________________________________________________________________ |
||||||||||||||||
М.О./м.п./ stamp |
KZ |
||||||||||||||||
Алмастар импортын растау талоны №____________________________________ |
||||||||||||||||
____________________________________________________________________ |
||||||||||||||||
_____________________________________________________________________ |
||||||||||||||||
_____________________________________________________________________ |
||||||||||||||||
Келісімшарттың №_________________________ |
«____»________________ _____________________ |
|||||||||||||||
Салмағы ________________ карат/ карат/ carats |
||||||||||||||||
Құны________________ АҚШ долл./долл. США/ US $ |
||||||||||||||||
СЭҚ ТН тауар коды: _______________________ |
||||||||||||||||
|
||||||||||||||||
Алу күні |
«_____» ____________ ___________ |
|||||||||||||||
Мемлекеттік бақылаушы/государственный контролер/ State Controller |
||||||||||||||||
Рәсімдеу күні ________________________________________________________________________ |