Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 478 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 қаңтарда № 8256 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 677 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.10.2017 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 27-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Сәтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің


орынбасары - Қазақстан Республикасы


Индустрия және жаңа технологиялар


министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар
министрінің
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 478 бұйрығымен бекітілген

Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып,
Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу
және беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына сәйкес әзірленген.

2. Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала
отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру

      2. Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын (бұдан әрі – Сертификат) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық департамент) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді және береді.

      3. Сертификат жіберілетін, бір жөнелтуші бір алушының мекен жайына партия ішіндегі жүк орындарының санына қарамастан бір келісімшарттың шарттарына сәйкес жөнелтілетін және тауарларға бір декларация шеңберінде ресімделетін өңделмеген табиғи алмастардың әр партиясына беріледі.

      4. Сертификат екі бөлімнен тұрады:

      1) негізгі парағы;

      2) алмастардың әкелінуін растайтын жыртып алынатын талон (белгіленген жерге дейін жеткізу).

      5. Сертификаттың негізгі парағы бағандарында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) "Берілген күні" бағанында – берілген күні және айы екі қосмәнді сандармен көрсетіледі. Берілген жылы толық көрсетіледі;

      2) "Қолданылу мерзімі" бағанында – берілген күні және айы екі қосмәнді сандармен көрсетіледі. Берілген жылы толық көрсетіледі;

      3) "Экспорттаушы" бағанында "Alfa-2" жүйесі бойынша (ISO 3166-1 стандартына сәйкес) Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі және экспорттаушы-кәсіпорынның атауы.

      Экспорттаушы-кәсіпорынның атауы ұйымның тіркелу құжаттарына сәйкес көрсетіледі;

      4) "Алушы" бағанында – "Alfa-2" жүйесі бойынша (ISO 3166-1 стандартына сәйкес) ол елге алмастарды әкету болып жатқан елдің коды және тауарды алушының атауы көрсетіледі.

      Алушының атауы сыртқы сауда шартындағы не алмастармен операцияны жүзеге асырушы тарапты анықтайтын өзге құжаттағы мәліметтерге сәйкес латын әріптерімен көрсетіледі;

      5) "Келісімшарттың №" бағанында – сыртқы сауда шартында көрсетілген әріптерге және сандарға не алмастармен операцияларды жүзеге асырушы тараптар және олардың міндеттемелері айқындалған өзге құжатқа дәл етіп толтырылады. Сыртқы сауда шартының нөмері болмаған жағдайда оның күнін көрсетуге рұқсат беріледі;

      6) "Тауар коды" бағанында – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) талаптарына сәйкес КО СЭҚ ТН сәйкес тауардың мынадай кодтарының бірі көрсетіледі: 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0.

      Кедендік транзиттің кедендік үдерісіне енгізілген код тауарлары және тауар атауы өзгеріссіз қалады;

      7) "Шығарған (өндірген) ел" бағанында – алмастар партиядан өндірілген немесе алынған ел көрсетіледі;

      8) "Саны" бағанында – оған Сертификат берілетін өңделмеген табиғи алмастардың әкетілетін партиясының құрамына кіретін жүк орындарының (посылкаларының) саны көрсетіледі;

      9) "Алмастардың жалпы салмағы" бағанында – ілеспе құжаттардағы мәліметтерге сәйкес караттарда алмас партиясының жалпы таза салмағы көрсетіледі;

      10) "Алмастардың жалпы құны" бағанында – ілеспе құжаттардағы мәліметтерге сәйкес алмас партиясының жалпы құны көрсетіледі;

      11) "Мемлекеттік бақылаушы" бағанында – уәкілетті органның мөрі және уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылады;

      12) Сертификаттың негізгі парағы сол жақтағы төменгі бұрышында әкетілетін партияның посылкасы (орындары) пломбаларының номерлері қойылады.

      6. Талон Сертификаттың бөлінбес бөлігі болып табылады және белгіленген орынға дейін жеткізудің растауы болып саналады.

      7. Талон әкетілген өңделмеген табиғи алмастар партиясын алған елдің уәкілетті органы толтырады.

      8. Импорттауда алмастар партиясының Сертификатын алуда мемлекеттік бақылаушы талонды жыртып алады және экспортаушының еліне электрондық почта арқылы жолдайды.

      9. Талонды жазбаша түрде толтыруға жол беріледі.

      10. Сертификаттың негізгі парағы бағандарында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) "Импорттаушы ел" бағанында – елдің толық атауы толтырылады;

      2) "Жіберушінің атауы" бағанында – жіберушінің толық атауы толтырылады;

      3) "Алушының атауы" бағанында - алушының толық атауы толтырылады;

      4) "Келісімшарттың №" бағанында – келісімшарттың мәліметтері бойынша толтырылады;

      5) "Салмақ" бағанында – сертификат мәліметтері немесе бағалау нәтижесі бойынша толтырылады;

      6) "Құны" бағанында – сертификат мәліметтері немесе бағалау нәтижесі бойынша толтырылады;

      7) "Тауар коды" бағанында – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) талаптарына сәйкес КО СЭҚ ТН сәйкес тауардың мынадай кодтарының бірі көрсетіледі: 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0;

      8) "Алу күні" бағанында – Кимберлий үдерісінің ресімдерін жүргізуге жауапты орган бақылауды іске асыру үшін алмастар партиясын алған күні көрсетіледі;

      9) "Мемлекеттік бақылаушы" бағанында – табиғи алмастарды әкелуге жауапты, мемлкеттік бақылаушы қызметтері немесе басқа мемлекеттік уәкілетті тұлғалары бар елдерде толтырылады. Бұл бағанда бақылаушының қолы, мөртабаны, шарт белгілері қойылады;

      10) "Талонды толтыру күні" бағанында – алмастар партиясын алуды растау талонын ресімдеу күні көрсетіледі;

      11) "Кеден таңбалауы" бағанында – алушы елде Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасының талаптары кедендік органдарға жүктелген жағдайда толтырылады.

      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті бланкілердің дайындалуын ұйымдастырады.

      12. Сертификат бір данада ресімделіп, мәлімдеушіге беріледі. Аумақтық департамент берілген сертификаттың көшірмесін сақтау үшін қалдырады.

      13. Сертификат, онда егер тазартылған, түзетілген, куәландырылмаған түзетулер болса және қажетті қолдар мен мөрлер болмаған жағдайда жарамсыз деп есептеледі.

      14. Егер Сертификат қандай да бір себептен бүлінген жағдайда, Сертификаттың телнұсқасын беру үшін бес жұмыс күні ішінде оны аумақтық департаментке қайтаруға жатады.

  Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын есепке ала отырып, Қазақстан
Республикасының сертификатын ресімдеу
және беру қағидаларына
қосымша
нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

THE MINISTRY OF INDUSTRY AND NEW TECHNOLOGY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

ӨҢДЕЛМЕГЕН ТАБИҒИ АЛМАСТАРДЫ ӘКЕТУ СЕРТИФИКАТТЫҢ № ____________

№ Сертификата вывоза необработанных природных алмазов/ № of Certificate of Export of Rough Diamonds

KZ


KIMBERLEY PROCESS CERTIFICATE

Берілген күні/ Дата выдачи/ Date of issue ____ ________ _____

(күні, айы, жылы)(день, месяц, год) (day, month, year)

Қолдану мерзімі/ Срок действия/ Date of expiry _____ ____________

(күні, айы, жылы)(день, месяц, год) (day, month, year)

Экспорттаушы _________________________________________________________________________

Экспортер/Exporter (елдің коды, елі, кәсіпорынның атауы, (жеке тұлғаның Т.А.Ә.), тіркеу орны, СТН) (код страны, страна, наименование предприятия (Ф.И.О. физического лица), место регистрации, РНН) (country code, country, name of organization (full name of individual) registration place, TRN

Алушы _______________________________________________________________

Получатель/Consignee (елдің коды, елі, кәсіпорынның атауы, (жеке тұлғаның Т.А.Ә.), тіркеу орны) (код страны, страна, наименование предприятия (Ф.И.О. физического лица), место регистрации) (country code, country, name of organization (full name of individual) registration place

Келісімшарттың № _______________ "_____"____________ ________

Контракт №, Contract № (күні, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)

СЭҚ ТН тауар коды: ______________________

Код ТН ВЭД товара/ Code system

Шығарған (өндірген) ел _____________________

Страна происхождения (добычи)/Country of Origin (mining)

Code HS

weight in carats

Value, USD

7102.10



7102.21



7102.31



Total




Саны______________ дана/шт./pc.

Алмастардың жалпы салмағы: __________карат/карат/carats

Количество/ Number of pieces Общая масса алмазов/Total diamond weight

Алмастардың жалпы құны:__________АҚШ долл./долл. США/ US $

Общая стоимость алмазов/Total diamond value


Осы партиядағы (жеткізу) өңделмеген табиғи алмастар Кимберлі үдерісінің өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттау халықаралық схемасы ережесіне сәйкес рәсімдеуден өтті.

Необработанные алмазы в настоящей партии (поставке) прошли оформление в соответствии с положениями международной схемы сертификации необработанных природных алмазов Кимберлийского процесса.

The rough diamonds in this shipment have been handled in accordance with the provisions of the Kimberley Process Certification Scheme for rough diamonds.





Пломба нөмірлері/номера пломб /numbers of seals

Мемлекеттік бақылаушы/государственный контролер/ State Controller

Ұйымның басшысы_______________________________________________________________________

Руководитель организации/Head of organization (басшының Т.А.Ә) (Ф.И.О. должностного лица) (Full name of the official)

М.О./м.п./ stamp



KZ

Алмастар импортын растау талоны №____________________________________

Талон подтверждения импорта алмазов

Coupon of diamond import confirmation

____________________________________________________________________

Импорт елі

Страна импорта/Country of import

_____________________________________________________________________

Жіберушінің атауы

Наименование отправителя/ Name of consignor

_____________________________________________________________________

Алушының атауы

Наименование получателя

Name of the receiver

Келісімшарттың №_________________________

№ контракта/ № of Contract

"____"________________ _____________________

от/of (күн, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)

Салмағы ________________ карат/ карат/ carats

Масса/Weight


Құны________________ АҚШ долл./долл. США/ US $

Стоимость/Value


СЭҚ ТН тауар коды: _______________________

Код ТН ВЭД товара/ Code system

Code HS

weight in carats

Value, USD

7102.10



7102.21



7102.31



Total





Алу күні

Дата получения/ Date of receipt

"_____" ____________ ___________

(күні, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year




Мемлекеттік бақылаушы/государственный контролер/ State Controller

Рәсімдеу күні ________________________________________________________________________

Дата оформления талона/Date of registration (күні, айы, жылы) (день, месяц, год) (day, month, year)