Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу және қосымша тану белгілерін салу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 499 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8246 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы 15-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу және қосымша тану белгілерін салу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;
      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркеу айырым және қосымша белгілерін салу ережесін бекіту және қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 19 қазанда № 3160 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған (2004 жыл, № 45-48, 1054-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.
      6. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Министр                                    Ә. Жақсыбеков

            «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
         Ішкі істер министрі
      полиция генерал-лейтенанты
      ________________Қ. Қасымов
      2012 жылғы 4 қазан

            «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
      _______________Н. Әбіқаев
      2012 жылғы 11 желтоқсан

Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрінің  
2012 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 499 бұйрығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне
мемлекеттік, тіркеу және қосымша тану белгілерін салу жөніндегі
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу және қосымша тану белгілерін салу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу және қосымша тану белгілерін салуды толық түрінде талдайды.
      2. Мемлекеттік және ведомстволық тиесілігін айқындау үшін әрбір әуе кемесіне тиісті тану белгілері салынады.
      3. Әуе кемелерінің тану белгілері ретінде осы Нұсқаулықта белгіленген орындарда әуе кемесінің сыртқы жағына салынатын тиісті суреттер мен сандық белгілер орналастырылады.
      4. Өзінің арналуы бойынша тану белгілері негізгі және қосымша болып бөлінеді.
      5. Негізгі тану белгісі әуе кемесінің Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органына тиесілігін айқындайды.
      6. Қосымша тану белгілері әуе кемесінің тиісті ұйымға немесе әскери бөлімге тиесілігін айқындайды.
      Әуе кемелерінің қосымша тану белгілері мыналар болып табылады:
      1) борттық нөмірлер;
      2) ерекше жазулар;
      3) ерекше суреттер (қызыл жарты ай);
      4) авиациялық базалар эмблемалары;
      5) жолақтар.
      7. Әуе кемелеріндегі тану белгілері жақсы көрінетін болуға тиіс.
      Пайдалану үдерісінде тиісті түсте ұстау үшін тану белгілері кезең-кезеңімен боялып отырылуға тиіс.

2. Тану белгілері және оларды мемлекеттік авиацияның әуе
кемелеріне салуды сипаттау

      8. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің негізгі тану белгілері және олардың типтік көлемдері Нұсқаулыққа 1-қосымшада келтірілген.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң нышаны – ортасында сарғыш-алтын түстi шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементi) қызыл-күрең түстi бес бұрышты жұлдыз.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің нышаны – көк жасыл түстi түзу бес бұрышты жұлдыз бедерленген жасыл түстi дөңгелек. Жұлдыздың диаметрi дөңгелектiң диаметрiне тең. Жұлдыздың ортасында шұғыла шашқан күннiң сарғыш-алтын түстi мәнерлi бейнесi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементi) орналасқан. Дөңгелек пен жұлдыз сарғыш-алтын түстi жиекпен әдiптелген әрi жұлдыздың әдiптелген ұштары дөңгелек жиегiнен шығыңқы. Дөңгелектiң жиегi жұлдыздың жиегiнiң 0,75 бөлiгiн құрайды.
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетінің нышаны – теңбiл түстi дөңгелек қалқанның мәнерлi бейнесiне қондырылған және төменгi жағынан көк жасыл түстi қалықтап ұшқан қыранның кескiндi бейнесiмен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементi) қапсырылған көк жасыл түстi түзу бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында алтын түстес шаңырақтың айшықты бейнесi (Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының элементi) орналасқан. Жұлдыз бен қалқан алтын түстес жиекпен әдiптелген әрi жұлдыздың әдiптелген ұштары қалқанның сұлбасынан шығыңқы. Қалқанның жоғарғы бөлiгiнде шеңбер доғасын бойлай жұлдыз иiнiнiң үстiңгi тұсында қазақ тiлiнде «ІШКІ ӘСКЕРІ» деп жазылған. Жазу, қалқанның жиектелген бедерлерi мен қыранның кескiндi сұлбасы сарғыш-алтын түспен көмкерiлген.
      9. Негізгі тану белгісі:
      1) ұшақ-монопландарға – Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес қанаттарының астыңғы және үстіңгі жағына, сондай-ақ тік қанатының екі жағына;
      2) ұшақ-бипландарға – Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғарғы қанаттарының үстіңгі, төменгі қанаттарының астыңғы және тік қанатының екі жағына;
      3) тікұшақтарға – Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес кабинаның бүйір қабырғаларына, оның артқы бөлігіне және кабинаның астыңғы жағына салынады.
      10. Ұшақ қанатына негізгі тану белгісін салу кезінде (үстіңгі және астыңғы жағына) қыранның ұшу бағыты ұшақтың фюзеляжына қарай бағыттау бойынша болуға тиіс. Белгінің ортасынан қанаттың соңына дейінгі арақашықтық Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес 0,1 – 0,2 қанат құлашы шегінде, ал қанаттың алдыңғы шетінен жиектемені қоса алғанда, белгінің төбесіне дейінгі арақашықтық 50-150 мм шегінде болуға тиіс.
      11. Белгі көлденең қанаты төмен орналасқан ұшақтың тік қанатына киль мен бағыттау рулінің жалпы ауданының ортасына тұрақтандырғыштан жоғары, көлденең қанаты жоғары орналасқан ұшақтың – киль ауданының ортасына тұрақтандырғыштан төмен қарай салынады.
      Екі тік қанаты бар ұшақтарға негізгі тану белгісі тік қанатының сыртқы жақтарына салынады.
      Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес белгі тік қанатқа оның шеттері киль мен бағыттау рулінің айнала шеттерінен 50-250 мм арақашықтықта орналасатындай есеппен салынады.
      Тік қанатқа негізгі тану белгісін салу кезінде қыранның ұшу бағыты екі жақта да ұшақтың ұшу бағытына сәйкес келуге тиіс.
      Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамын тасымалдауға арналған әскери-көлік авиациясының ұшақтарына негізгі тану белгісінің орнына тік қанатына Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салынуы мүмкін, ал фюзеляждың алдыңғы бөлігінің екі жағына Қазақстан Республикасы елтаңбасының суреті салынады.
      12. Нұсқаулыққа 8 және 9-қосымшаларға сәйкес ұшақтардағы (тікұшақтардағы) борттық нөмір екі таңбалы санмен белгіленеді және фюзеляждың бүйірлі сыртқы жақтарына (тікұшақ кабинасының бүйір қабырғаларына) немесе ұшақтың тік қанатына екі жағынан салынады.
      Борттық нөмірлердің мынадай түстері белгіленген: қызыл, қара, сары. Ашық түске боялған ұшаққа (тікұшаққа) қызыл немесе қара түсті борттық нөмір салынады, ал күңгірт немесе бүркеніш түске боялғанға – сары түсті борттық нөмір салынады.
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамын тасымалдауға арналған әскери-көлік авиациясының ұшақтарына борттық нөмір екіден көп саннан тұруы, сондай-ақ латын әліпбиінің әріптік нышандарын қамтуы мүмкін, ал фюзеляждың екі жағына ағылшын тілінде «KAZAKHSTAN» деген жазу жазылады.
      Борттық нөмірлер сандарының нысаны, «KAZAKHSTAN» деген жазудың көлемі мен жазу орны Нұсқаулыққа 10-қосымшада келтірілген.
      13. Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес медициналық-санитарлық қызмет көрсетуге байланысты міндеттерді орындау үшін арналған және тиісті халықаралық конвенциялардың қолданыс аясына жататын ұшақтардың (тікұшақтардың) қосымша тану белгісі – қызыл жарты ай болады.
      Ақ түске боялған ұшақтарға (тікұшақтарға) қызыл жарты ай тікелей боялған сыртқы жағына, ал басқа түстерге боялған кемелерге – ақ түсті контурға салынады.
      14. Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес санитарлық тікұшақтарға негізгі тану белгісі екі жағынан кабинаның бүйірлі сыртқы жағына оның артқы жағындағы бөлігіне, ал қызыл жарты ай қосымша белгісі – кабинаның бүйірлі сыртқы жағының ортасына екі жағынан және кабинаның астыңғы жағына салынады.
      15. Нұсқаулыққа 13-қосымшаға сәйкес санитарлық ұшақтарға негізгі тану белгісі тік қанатының екі жағына салынады. Қосымша белгілер:
      1) қызыл жарты ай – ұшақ қанаттарының үстіңгі және астыңғы және фюзеляждың бүйірлі жақтарына;
      2) борттық нөмір – фюзеляждың бүйірлі жағына (қызыл жарты айдан кейін) қанат жағына қарай салынады.
      Қызыл жарты айды ұшақ қанатына салу кезінде оның жиектері элеронға немесе қанат алдына шықпауға тиіс.
      16. Авиациялық базалар эмблемаларының көлемі мен салу орнын әскери бөлімдердің командирлері белгілейді.
      17. Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі авиациясының әуе кемелеріне негізгі тану белгісі мен борттық нөмірден басқа қосымша ені 260 мм жолақтар салынады. Жолақтар:
      1) ұшақтарға – бағыттау руліне екі жағынан нервюрлерге қарама-қарсы жұлдыздан төмен және лонжеронға қарама-қарсы биіктік рулінің астыңғы және үстіңгі жағына;
      2) тікұшақтарға – 100-150 мм арақашықтықта артқы жағына қарай негізгі тану белгісінен кейін ұзындығы 1500 мм салынады.
      Күңгірт реңде – ақ түсті жолақтар, ал ашық реңде – қызыл түсті жолақтар салынады.
      18. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарда тану белгілерінің орналасуы мен салу тәртібі ұшақтардағыдай болып келеді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
1-қосымша             

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ТАНУ БЕЛГІСІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ
ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ ТАНУ БЕЛГІСІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
IШКI IСТЕР МИНИСТРЛIГI
IШКI ӘСКЕРЛЕР КОМИТЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ ТАНУ БЕЛГІСІ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
2-қосымша             

ҰШАҚ-МОНОЛАНДАРДАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
3-қосымша             

ҰШАҚ-БИПЛАНДАРДАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
4-қосымша             

ТІКҰШАҚТАРДАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
5-қосымша             

ҚАНАТТАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
6-қосымша             

ТІК ҚАНАТТАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Шартты белгілер:
а – санды құрайтын сызықтардың қалыңдығы;
б және в – кильдің (бағыттау рулінің) жоғарғы (төменгі) жиегінен оның ортасына дейінгі арақашықтық

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
7-қосымша             

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫН
ТАСЫМАЛДАУҒА АРНАЛҒАН ҰШАҚТАРДАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
8-қосымша             

ҰШАҚТАРДАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
9-қосымша             

ТІКҰШАҚТАРДАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
10-қосымша             

СЫРТҚЫ ЖАЗУЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАРІП

Сандардың биіктігі (мм)

300

600

900

1200

1500

2000

2500

3000

Сандардың ені олардың биіктігінің 2/3-іне тең болуға тиіс

Санды құрайтын сызықтардың қалыңдығы олардың биіктігінің 1/6-сына тең болуға тиіс

Ұшақ

Як-40

Ту-134

Ту-154

Жазу жазылады

бүйірдегі қозғалтқыштар гондолдарының бүйір жағына

кильдің екі жағына

бүйірдегі қозғалтқыштар гондолдарының бүйір жағына

Жазу әріптерінің қарпі

ARIAL

ARIAL

ARIAL

Жазу әріптерінің түсі

RAL - 9005

RAL - 9005

RAL - 9005

Әріптердің биіктігі (мм)

300

300

400

Әріптердің (сандардың) ені олардың биіктігінің 2/3-іне тең болуға тиіс

Әріпті (санды) құрайтын сызықтардың қалыңдығы олардың биіктігінің 1/5-іне тең болуға тиіс

Әріптер (сандар) арасындағы арақашықтық олардың биіктігінің 1/3-іне тең болуға тиіс

Ұшақ

Ан-72

Як-40

Ту-134

Ту-154

Жазу жазылады

екі жақтан иллюминаторлар деңгейінен жоғары бүйірдегі қозғалтқыштар гондолдары деңгейінің ортасына

екі жақтан иллюминаторлар деңгейінен жоғары фюзеляждың ортасына

екі жақтан иллюминаторлар деңгейінен жоғары фюзеляждың ортасына

екі жақтан иллюминаторлар деңгейінен жоғары алдыңғы және ортадағы негізгі есіктер арасындағы аймақтың ортасына

Жазу әріптерінің қарпі

ARIAL

ARIAL

ARIAL

ARIAL

Жазу әріптерінің түсі

RAL - 5002

RAL - 5002

RAL - 5002

RAL - 5002

Әріптердің биіктігі (мм)

300

450

500

650

Әріптердің ені олардың биіктігінің 2/2,3-іне тең болуға тиіс

Әріпті құрайтын сызықтардың қалыңдығы олардың биіктігінің 1/5-іне тең болуға тиіс

Әріптер арасындағы арақашықтық олардың биіктігінің 1/2-іне тең болуға тиіс

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
11-қосымша             

ҚОСЫМША ТАНУ БЕЛГІСІ


Сыйымдылығы мынадай санитарлық ұшақтар мен тікұшақтар үшін:

40 адамға дейін, (мм)

40 адамнан артық, (мм)

К

Ақ реңнің ені

300

600

М

Ақ реңнің ұзындығы

700

1000

Н

Белгінің биіктігі

300

450

R= Н/2; r = 5Н/12; d = Н/6.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
12-қосымша             

САНИТАРЛЫҚ ТІКҰШАҚТАРДАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
13-қосымша             

САНИТАРЛЫҚ ҰШАҚТАРДАҒЫ ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ОРНАЛАСУЫ

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының әуе кемелеріне    
мемлекеттік, тіркеу және      
қосымша тану белгілерін       
салу жөніндегі нұсқаулыққа     
14-қосымша             

ҚР ҰҚК ШҚ ҰШАҚТАРЫ МЕН ТІКҰШАҚТАРЫНДА ТАНУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ
ОРНАЛАСУЫ