Қазақстан Республикасы Бюджеттiк Кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттiк қызметі регламентi осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.Ә. Байжүнiсовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрi С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 702 бұйрығына
1-қосымша
«Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленген.
2. «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.
3. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік емтиханы - медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандығына сәйкестігін анықтау және тиісті маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс iстеуге) жiберу мақсатында өткізілетін емтихан;
2) біліктілік санатын бере отырып маман сертификаты (бұдан әрі – маман сертификаты) - жеке тұлғаға медициналық қызметтің нақты бір мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін және біліктілік санатын алатын құжат;
3) кеңсе қызметкері - мемлекеттік қызметті алушы өтініш жасаған сәтінен бастап құжаттарды қабылдауға және тіркеуге жауапты уәкілетті органның қызметкері;
4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлға;
5) маман - мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге және құжаттарды беруге жауапты уәкілетті органның қызметкері;
6) мемлекеттік қызметті алушы – медициналық білімі бар, маман сертификатын алуға үміткер жеке тұлға.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, «Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4596 болып тiркелген) сәйкес көрсетіледі.
7. Уәкілетті органның орналасқан жерлері және жұмыс кестесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету барысы және тәртібі туралы ақпаратты стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі маман сертификатын беру не оны беруден жазбаша түрде уәжделген бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар
9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналасқан www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша және осы стандартқа 1-қосымшада көрcетiлген мекенжайларда орналасқан уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар болған жағдайда ұсынылады.
12. Мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды алған сәтінен бастап және мемлекеттік қызметтің қорытындысын беруге дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
Уәкілетті органда:
мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын қабылдау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган кеңсесінде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде іске асырылады;
мемлекеттік қызметті алушының өтінішін алу сәтінен бастап кеңсе қызметкері:
1) өтініште көрсетілген барлық құжаттарды тексереді;
2) өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;
3) Уәкілетті органның басшысына құжаттарды тапсырады;
4) Уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттарды бөліп, қарар қояды;
Уәкілетті органның маманы:
1) құжаттарды тіркеген сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді;
2) ұсынылған құжаттар толық емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда уәжделген бас тарту туралы жауабын дайындайды;
3) мемлекеттік қызметті алушыға тестілеудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды;
4) тестілеуді өткізуге қатысады;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бұл:
5) тестілеу нәтижесі бойынша маман сертификатын беру не бас тартудың бұйрық жобасын дайындайды;
6) Уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде маман сертификатын толтырады;
7) мемлекеттік қызметті алушыға маман сертификатын қолма-қол береді.
13. Мемлекеттік қызметті ұсынудың бас тартуының негізі стандартқа 16-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай ҚФБ қатысады:
1) кеңсе қызметкері;
2) маман;
3) Уәкілетті органның басшысы.
15. Әрбір әкімшілік әрекет (рәсімнің) орындалған мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекет (рәсімнің) жүйелігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте сипаттамалары осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
16. Маман сертификатын беру бойынша функциялық өзара іс-қимыл процесінің схемасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Біліктілік санатын бермей маман
сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкiмшiлiк әрекеттің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-қимыл сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ-нің әрекеттің сипаттамасы
Негізгі процестің әрекеті (барысы, жұмыс ағыны) |
|||||||
1 |
Әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 |
ҚФБ атауы |
Кеңсе қызметкері |
Уәкілетті органның басшысы |
Маман |
Уәкілетті органның басшысы |
Маман |
Кеңсе қызметкері |
3 |
Әрекеттің атауы (процестің, рәсімдердің, операцияның) және оның сипаттамасы |
Өтініште көрсетілген ұсынған құжаттардың бар болуын тексереді; өтініштерді тіркеу журналына тіркейді; уәкілетті органның басшысына құжаттарды тапсырады; |
Хат-хабармен танысу, қарар қою және маманға жұмыс үшін жіберу. |
Ұсынылған құжаттарды толықтығына және сәйкестігіне тексереді; ұсынылған құжаттар толық емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда уәжделген бас тарту туралы жауабын әзірлейді; мемлекеттік қызметті алушыға тестілеудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды; тестілеуді өткізуге қатысады. |
Біліктілік емтиханын табысты тапсырған мемлекеттік қызметті алушыға қатысты маман сертификатын беру туралы бұйрық шығарады (шекті деңгей жиналды). |
Біліктілік емтиханын өтпеген жағдайда маман сертификатын беруден уәжделген бас тарту жауабын дайындайды. |
Уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде маман сертификатын толтырады. |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-басқарушылық шешім) |
Журналға тіркеу және құжаттар пакетін беру. |
Қарар қойып, маманға тапсыру. |
Біліктілік емтиханының нәтижесін басшыға жіберу. |
Маман сертификатын беру туралы бұйрық шығару. |
Ресімделген маман сертификатын кеңсе қызметкеріне беру. |
Мемлекетті қызметті алушыға ресімделген маман сертификатын беру. |
5 |
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
8 жұмыс күні |
1-2 жұмыс күндері |
1 жұмыс күні |
30 минут |
6 |
Келесі әрекеттің нөмірі |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
«Біліктілік санатын бермей маман
сертификатын беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне
2-қосымша
Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру бойынша уақытты есептеу
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 702 бұйрығына
2-қосымша
«Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленген.
2. «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық департаменттері), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МСЭҚК аумақтық департаменттері) ұсынады.
3. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік емтиханы - медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандығына сәйкестігін анықтау және тиісті маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс iстеуге) жiберу мақсатында өткізілетін емтихан;
2) біліктілік санатын бере отырып маман сертификаты (бұдан әрі – маман сертификаты) - жеке тұлғаға медициналық қызметтің нақты бір мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін және біліктілік санатын алатын құжат;
3) кеңсе қызметкері - мемлекеттік қызметті алушы өтініш жасаған сәтінен бастап құжаттарды қабылдауға және тіркеуге жауапты Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің, МСЭҚК аумақтық департаментінің қызметкері;
4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлға;
5) маман – мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге және құжаттарды беруге жауапты Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің, МСЭҚК аумақтық департаментінің қызметкері;
6) мамандандырылған комиссия – Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің, МСЭҚК аумақтық департаментінің, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде республикалық, ғылым және білім, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардан тұратын өкілдерден құрылған комиссия;
7) мемлекеттік қызметті алушы – медициналық білімі бар, маман сертификатын алуға үміткер жеке тұлға.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, «Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4596 болып тiркелген) сәйкес көрсетіледі.
7. Комитет, Комитеттің аумақтық департаменттерінің, МСЭҚК аумақтық департаментінің орналасқан жерлері және жұмыс кестесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету барысы және тәртібі туралы ақпаратты стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі маман сертификатын беру не оны беруден жазбаша түрде уәжделген бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар
9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналасқан www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша және стандартқа 1-қосымшада көрcетiлген мекенжайларда орналасқан Комитеттің аумақтық департаменттінің, МСЭҚК аумақтық департаментінің үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар болған жағдайда ұсынылады.
12. Мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды алған сәтінен бастап және мемлекеттік қызметтің қорытындысын беруге дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) Комитеттің аумақтық департаментінде:
мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің аумақтық департамент кеңсесінде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде іске асырылады.
мемлекеттік қызметті алушының өтінішін алу сәтінен бастап кеңсе қызметкері:
өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;
Комитеттің аумақтық департаментінің басшысына құжаттарды тапсырады;
Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы келіп түскен құжаттарды бөліп, қарар қояды;
Комитеттің аумақтық департаментінің маманы:
құжаттарды тіркеген сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда уәжделген бас тарту туралы жауабын дайындайды;
мемлекеттік қызметті алушыға тестілеудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды;
тестілеуді өткізуге қатысады;
тестілеуден оң нәтиже алған жағдайда мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын Комитетке және Комитеттің тиісті аумақтық департаменттеріне жібереді;
мемлекеттік қызметті алушыға әңгімелесудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды;
мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын әңгімелесу өткізу кезінде біліктілік комиссиясының қарауына дайындайды;
әңгімелесу кезінде біліктілік комиссиясының хатшысы ретінде қатысады, әңгімелесу хаттамасын жүргізеді;
әңгімелесу нәтижесі бойынша Комитеттің аумақтық департаменті басшысының қолы қойылған маман сертификатын беру не бас тарту туралы бұйрықтың жобасын дайындайды;
Комитеттің аумақтық департаменті басшысының бұйрығы негізінде маман сертификатын толтырады;
мемлекеттік қызметті алушыға маман сертификатын қолма-қол береді.
2) Комитетте:
кеңсе қызметкері Комитеттің аумақтық департаменттерінен келіп түскен мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын кіріс хат-хабарды тіркейтін журналға тіркейді;
құжаттарды Комитеттің басшысына тапсырады;
Комитеттің басшысы келіп түскен құжаттарды бөледі, оларды маманға жібере отырып, қарар қояды;
әңгімелесу нәтижесінің негізінде маман сертификатын беру не бас тарту шешімін қабылдайды;
Комитеттің маманы:
әңгімелесу жүргізу кезінде біліктілік комиссиясын қарау үшін мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын дайындайды;
әңгімелесу жүргізу кезінде біліктілік комиссиясының хатшысы ретінде қатысады, әңгімелесу хаттамасын жүргізеді;
әңгімелесу нәтижесі бойынша Комитет басшысының қолы қойылған маман сертификатын беру не бас тартудың бұйрық жобасын дайындайды;
Комитет басшысы бұйрығының негізінде маман сертификатын толтырады;
маман сертификатын мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол береді;
3) МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаментінде:
мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдау МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департамент кеңсесінде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде іске асырылады.
мемлекеттік қызметті алушының өтінішін алу сәтінен бастап кеңсе қызметкері:
өтініштерді тіркеу журналына тіркейді;
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаментінің басшысына құжаттарды тапсырады;
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаментінің басшысы келіп түскен құжаттарды бөліп, қарар қояды;
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаментінің маманы:
құжаттарды тіркеген сәтінен бастап сегіз жұмыс күн ішінде тапсырған құжаттардың сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда уәжделген бас тарту туралы жауабын дайындайды;
мемлекеттік қызметті алушыға тестілеудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды;
тестілеуді өткізуге қатысады;
мемлекеттік қызметті алушыға әңгімелесудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды;
әңгімелесу жүргізу кезінде біліктілік комиссиясын қарау үшін мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын дайындайды;
әңгімелесу жүргізу кезінде біліктілік комиссиясының хатшысы ретінде қатысады, әңгімелесу хаттамасын жүргізеді;
әңгімелесу нәтижесі бойынша МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменті басшысының қолы қойылған маман сертификатын беру не бас тарту туралы бұйрық жобасын дайындайды;
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменті басшысы бұйрығының негізінде маман сертификатын толтырады;
маман сертификатын мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол береді.
13. Мемлекеттік қызметті ұсынуды бас тартуының негізі стандартқа 16-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай ҚФБ қатысады:
1) Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері, МСЭҚК аумақтық департаментінің қызметкері;
2) Комитеттің аумақтық департаментінің маманы, МСЭҚК аумақтық департаментінің маманы;
3) Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы, МСЭҚК аумақтық департаментінің басшысы;
4) Комитеттің қызметкері, МСЭҚК қызметкері;
5) Комитеттің маманы, МСЭҚК маманы;
6) Комитеттің басшысы, МСЭҚК басшысы.
15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімінің) орындалған мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) жүйелігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте сипаттамалары осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
16. Маман сертификатын беру бойынша функциялық өзара іс-қимыл процесінің схемасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Бiлiктiлiк санатын бере
отырып маман сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкiмшiлiк әрекеттің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-қимыл сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ-нің әрекеттің сипаттамасы
Негізгі процестің әрекеті (барысы, жұмыс ағыны) |
|||||||
1 |
Әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 |
ҚФБ атауы |
Кеңсе қызметкері |
Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің немесе МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаментінің басшысы |
Маман |
Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің немесе МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаментінің басшысы |
Маман |
Кеңсе қызметкері |
3 |
Әрекеттің атауы (процестің, рәсімдердің, операцияның) және оның сипаттамасы |
Өтініштерді тіркеу журналына тіркейді; Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің немесе МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаментінің басшысына құжаттарды тапсырады; |
Хат-хабармен танысу, қарар қою және маманға жұмыс үшін жіберу. |
Ұсынылған құжаттарды толықтығына және сәйкестігіне тексереді; ұсынылған құжаттар толық емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда уәжделген бас тарту туралы жауабын әзірлейді; мемлекеттік қызметті алушыға тестілеудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды; тестілеуді өткізуге қатысады. тестілеуден оң нәтиже алған жағдайда мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын Комитетке және Комитеттің тиісті аумақтық департаменттеріне жібереді; мемлекеттік қызметті алушыға әңгімелесудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды; мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын әңгімелесу өткізу кезінде біліктілік комиссиясының қарауына әзірлейді; әңгімелесу кезінде біліктілік комиссиясының хатшысы ретінде қатысады, әңгімелесу хаттамасын жүргізеді; әңгімелесу нәтижесі бойынша Комитеттің аумақтық департаменті басшысының қолы қойылған маман сертификатын беру не бас тарту туралы бұйрықтың жобасын әзірлейді; Комитеттің аумақтық департаменті басшысының бұйрығы негізінде маман сертификатын толтырады; мемлекеттік қызметті алушыға маман сертификатын қолма-қол береді. |
Біліктілік емтиханын табысты тапсырған мемлекеттік қызметті алушыға маман сертификатын беру туралы бұйрық шығарады (шекті деңгейді жинап, әңгімелесуден өтті). |
Біліктілік емтиханын өтпеген жағдайда маман сертификатын беруден уәжделген бас тарту жауабын дайындайды. |
Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің немесе МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменті басшысының бұйрығы негізінде маман сертификатын толтырады. |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқарушылық шешім) |
Журналға тіркеу және Комитеттің аумақтық департаментінің немесе МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаментінің басшысына құжаттар пакетін беру. |
Қарар қойып, маманға тапсыру. |
Біліктілік емтиханының нәтижесін басшыға жіберу. |
Маман сертификатын беру туралы бұйрық шығару. |
Ресімделген маман сертификатын кеңсе қызметкеріне тапсыру. |
Мемлекетті қызметті алушыға ресімделген маман сертификатын беру. |
5 |
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
1-2 жұмыс күндері |
1 жұмыс күні |
30 минут |
6 |
Келесі әрекеттің нөмірі |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
«Бiлiктiлiк санатын бере
отырып маман сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру бойынша уақытты есептеу
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 702 бұйрығына
3-қосымша
«Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленген.
2. «Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және Комитеттің облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық департаменттері «бұдан әрі – Комитеттің аумақтық департаменттері) ұсынады.
3. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу туралы куәлік - медициналық және фармацевтикалық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға көрсетілетін сәйкестігін мойындау туралы куәландыратын бекітілген нысандағы құжат;
2) кеңсе қызметкері - мемлекеттік қызметті алушы өтініш жасаған сәтінен бастап құжаттарды қабылдауға және тіркеуге жауапты Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің, МСЭҚК аумақтық департаментінің қызметкері;
3) құрылымдық - функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) - мемлекеттiк қызметті көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлға;
4) маман - мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге және құжаттарды беруге жауапты Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері;
5) мемлекеттік қызметті алушы - аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер заңды тұлға;
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабының;
2) «Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы қаулысының (бұдан – әрі қарай аккредиттеу ережесі) негізінде көрсетіледі.
7. Комитет, Комитеттің аумақтық департаментінің орналасқан жерлері және жұмыс кестесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету барысы және тәртібі туралы ақпаратты регламентке 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
8. Мемлекеттік қызметті алушыға аккредиттеу туралы куәлік беру не оны беруден жазбаша түрде уәжделген бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар
9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналасқан www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша және стандарттың 1-қосымшада көрcетiлген мекенжайларда орналасқан Комитеттің аумақтық департаментінің үй-жайларында орналастырылған стенділерде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетiлген.
11. Мемлекеттiк қызмет стандарттың 11-тармағында көрcетiлген құжаттар болған жағдайда ұсынылады.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) мемлекеттік қызметті алушыларының құжаттарын қабылдау осы регламентке 1-қосымша сәйкес уәкілетті орган кеңсесінде «жалғыз терезе» қағидаты жұмыс кестесінің жұмыс күні ішінде іске асырылады;
2) құжаттарды қабылдауға, тіркеуге және беруге жауапты кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген сәтінен бастап:
- ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
- өтініштерді тіркеу журналына тіркейді;
- құжаттарды Комитеттің аумақтық департаментінің басшысына жібереді;
3) Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы: келіп түскен құжаттарды бөледі мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты қызметкерге жібереді; мемлекеттік қызметті жауапты маман құжаттарды тексергеннен кейін аккредиттеу жүргізу кестесін және жұмысшы топ құрамын бекітеді;
4) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман: ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді;
- мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті алушыны тексеруді өткізу орны және күні туралы хабарлайды;
- мемлекеттік қызмет алушыны тексеру жүргізуге қатысады;
- «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК аккредиттеу орталығына мемлекеттік қызмет алушыны тексеру нәтижелерін жібереді;
5) «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК аккредиттеу орталығы:
Сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін талдау;
Аккредиттеу комиссиясы үшін материалдарды дайындау сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін талдау;
Аккредиттеу комиссиясының шешімін қабылдау;
6) Комиссия отырысын өткізу тиісті шешім қабылдау мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері болып табылады:
Нәтижесін жіберу қағаз тасығышта аккредиттеу туралы куәлік беру;
қағаз сақтаушысындағы негiздi ақау.
13. Мемлекеттiк қызметті ұсынуды бас тарту негіздемесі стандартқа 16-тармағында көрсетiлген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
әрекетінің (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай ҚФБ қатысады:
1) кеңсе қызметкері;
2) маман;
3) Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы;
15. Әрбір әкімшілік әрекетінің (рәсімнің) орындалған мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекетінің (рәсімнің) жүйелігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте сипаттамалары осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
16. Біліктілік куәлігін беру бойынша функциялық өзара іс-қимыл процесінің схемасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік
беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкiмшiлiк әрекетінің рәсімдердің жүйелігін мен өзара іс-қимыл сипаттамасы
1–кесте. ҚФБ-нің әрекетінің сипаттамасы
Негізгі процестің әрекетті (барысы, жұмыс ағыны) |
||||||||
1 |
Әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2 |
ҚФБ атауы |
Кеңсе қызметкері |
Комитеттің аумақтық департаменттің басшысы |
Комитеттің аумақтық департаменттің маманы |
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК аккредиттеу орталығына мемлекеттік қызмет |
Комитет басшысы |
Комитет маманы |
Кеңсе қызметкері |
3 |
Әрекеттер атауы (процестің, рәсімдердің, операцияның және оның сипаттамасы |
Өтініште көрсетілген барлық құжаттардың бар болуына тексереді; өтініштерді тіркеу журналына тіркейді; Құжаттарды Комитеттің аумақтық департаментінің басшысына тапсырады |
Хат-хабармен танысу, қарар қою және маманға жұмыс үшін жолдау |
Берілген құжаттардың сәйкестігіне, толықтығына тексеру, Емтиханның кезеңінің уақыты мен өтетін жері туралы мемлекеттік қызмет алушыны хабарландыру (тестілеу), мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын және тестілеу нәтижелерін |
Сыртқы кешенді бағалау нәтижесін талдау, Аккредиттеу комиссиясы материалдар дайындау; Аккредиттеу комиссиясының шешімін қабылдады; Аккредиттеу орталығына мемлекеттік қызмет алушыны тексеру нәтижелері қорытындыларын Комитетке жолдайды |
Бұйрықты немесе негізді бас тартуды шығару |
Комитет басшысының бұйрығы негізінде бас тарту туралы жауабын немесе аккредиттеу куәлігін ресімдеу. Комитеттің аумақтық департаментіне жолдау |
Мемлекеттік қызмет алушыға аккредиттеу куәлікті немесе негізгі бас тарту туралы жауабын беру |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырылған-өкімдік шешім) |
Журналға тіркеу және құжаттарды аумақтық департамент басшысына жіберу |
Қарар қойып, маманға беру |
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК сүйемелдеу парағымен құжаттарды және тест қорытындысын жіберу |
Сыртқы кешенді бағалау талдауды жүргізу |
Аккредиттеу куәлігін беруге бұйрық шығару не жазбаша уәжделген бас тарту |
Толтырылған аккредиттеу туралы куәлік беру немесе Комитеттің аумақтық департамент маманының бас тарту уәжделген |
Мемлекеттік қызметті алушыға аккредиттеу туралы куәлік беру не беруден жазбаша түрде уәжделген бас тарту болып табылады |
5 |
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
Бекітілген кестеге сәйкес (10 жұмыс күні) |
5 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
6 |
Келесі әрекеттердің нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
«Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік
беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
«Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік
беру» мемлекеттік қызметтің уақытын есептеу
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 702 бұйрығына
4-қосымша
«Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама
жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру
туралы» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңының 9-1 бабының 4-тармағына және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру туралы» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленген.
2. «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметі тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және Комитеттің аумақтық департаменттері «бұдан әрі – Комитеттің аумақтық департаменттері) ұсынады.
3. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу туралы куәлік - денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптама жүргізуге құқығы беретін бекітілген нысандағы құжат;
2) кеңсе қызметкері - мемлекеттік қызметті алушы өтініш жасаған сәттен бастап құжаттарды қабылдауға және тіркеуге жауапты Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері;
3) құрылымдық - функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) – мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлға;
4) маман - мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге және құжаттарды беруге жауапты Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері;
5) мемлекеттік қызметті алушы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер жеке тұлға.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабының;
2) «Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы қаулысының № 1559 (бұдан әрі – аккредиттеу ережесі) негізінде көрсетіледі.
6. Комитет, Комитеттің аумақтық департаменттерінің орналасқан жерлері және жұмыс кестесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және көрсету барысы туралы ақпаратты стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу құқығына жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) беру не оны беруден жазбаша түрде уәжделген бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуіге қойылатын талаптар
9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналасқан www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша және стандарттың 1-қосымшада көрcетiлген мекенжайларда орналасқан Комитеттің аумақтық департаментінің, МСЭҚК аумақтық департаментінің үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетiлген.
11. Мемлекеттiк қызмет құжаттар болған жағдайда стандарттың 11-тармағында көрcетiлген.
12. Мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды алған сәтінен бастап және мемлекеттің қызметтің қорытындысын беруге дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) Комитеттің аумақтық департаменттерінде:
мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің аумақтық департамент кеңсесінде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде асырылады.
мемлекеттік қызметті алушының өтінішін алу сәтінен бастап кеңсе қызметкері:
өтініште көрсетілген барлық құжаттарды болуын тексереді;
өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;
Комитеттің аумақтық департаментінің басшысына құжаттарды тапсырады;
Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы келіп түскен құжаттарды бөліп, қарар қояды;
Комитеттің аумақтық департаментінің маманы:
құжаттарды тіркеген сәтінен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды толықтығын және сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда уәжделген бас тарту туралы жауабын дайындайды;
мемлекеттік қызметті алушыға біліктілік емтиханының уақыты мен өтетін жерін хабарлайды;
тестілеуді өткізуге қатысады;
тестілеуден оң нәтиже алған мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын Комитетке жібереді;
мемлекеттік қызметті алушыға әңгімелесудің уақыты мен өтетін жерін хабарлайды;
2) Комитетте:
кеңсе қызметкері Комитеттің аумақтық департаменттерінен келіп түскен мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын кіріс хат-хабарды тіркейтін журналға тіркейді;
құжаттарды Комитеттің басшысына тапсырады;
Комитеттің басшысы келіп түскен құжаттарды бөледі, оларды маманға жібере отырып, қарар қояды;
әңгімелесу нәтижесінің негізінде біліктілік куәлігін беру не бас тарту шешімін қабылдайды;
Комитеттің маманы:
әңгімелесу жүргізу кезінде біліктілік комиссиясын қарау үшін мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын дайындайды;
әңгімелесу жүргізу кезінде біліктілік комиссиясының хатшысы ретінде қатысады, әңгімелесу хаттамасын жүргізеді;
әңгімелесу нәтижесі бойынша Комитет басшысының қолы қойылған маман сертификатын беру не бас тартудың бұйрық жобасын дайындайды;
Комитет басшысы бұйрығының негізінде аккредиттеу туралы куәлікті береді.
аккредиттеу туралы куәлікті мемлекеттік қызметті алушыға қолма қол береді.
13. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі стандартқа 16-тармағында көрсетiлген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
әрекетінің (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі ҚФБ қатысады:
1) Комитеттің аумақтық департаменті қызметкері;
2) Комитеттің аумақтық департаменті маманы;
3) Комитеттің аумақтық департаменті басшысы;
4) Комитет қызметкері;
5) Комитет маманы;
6) Комитет басшысы.
15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалған мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) жүйелігі мен әрекеттерінің мәтіндік кесте сипаттамалары осы регламентке 1-қосымшаға келтірілген.
16. Біліктілік куәлігін беру бойынша функциялық өзара іс-қимыл процесінің схемасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Жеке тұлғаларға денсаулық сақтау субъектілерінің
қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін
аккредиттеу куәліктерін беру» регламентіне
1-қосымша
«Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама
жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру
туралы» уақыттын есептеу
1–кесте. ҚФБ-нің іс-әрекетінің сипаттамасы
Негізгі процестің әрекеті (барысы, ағыны) |
||||||||
1 |
Әрекетінің |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2 |
ҚФБ атауы |
Комитеттің аумақтық департаменттің мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш берген құжаттарды қабылдауға және тіркеуге жауапты қызметкері |
Комитеттің аумақтық департаменттің басшысы |
Комитеттің аумақтық департаменттің маманы |
Комитеттің маманы |
Комитет басшысы |
Комитет маманы |
Аумақтық департаменттің мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш берген құжаттарды қабылдауға және тіркеуге жауапты қызметкері |
3 |
Әрекеттер атауы (процестің рәсімдердің, операцияның) және оның сипаттамасы |
қызметкері Комитеттің аумақтық департаменттерінен келіп түскен мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын кіріс хат-хабарды тіркейтін журналға тіркейді; |
Хат-хабармен танысу, қарар қою және маманға жұмыс үшін жіберу |
ұсынылған құжаттар толық емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда уәжделген бас тарту туралы жауабын дайындайды; мемлекеттік қызметті алушыға біліктілік емтиханының уақыты мен өтетін жерін хабарлайды; тестілеуден оң нәтиже алған мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын Комитетке жібереді |
Құжаттардың заңға сәйкестігін тексеріп қарау, кеңесу сатысын өткізу; Қорытындыларды Комитет басшысына жіберу |
Аттестациялық куәлік беруге бұйрық шығару не уәжделген бас тарту жауабын дайындайды |
Аккредиттеу туралы куәлікті беруге дайындау не емтиханнан өтпей қалған жағдайда уәжделген бас тарту жауабын дайындайды аумақтық департаментке беру |
Мемлекеттік қызметті алушыға аккредиттеу туралы куәлік беру не оны беруден жазбаша түрде уәжделген бас тарту болып табылады |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басшылық шешім) |
Журналға тіркеу және құжаттарды аумақтық департамент басшысына жіберу |
Қарар қойып, маманға тапсыру |
Комитетке жолдама хатпен бірге құжаттарды және тест қорытындысын жіберу |
Құжаттарды тексеру, кеңесу сатысын өткізу қорытынды құжаттарды Комитет басшысына тапсырады |
Аккредитациялық куәлік беруге бұйрық шығару не уәжделген бас тарту жауабын дайындайды |
Толтырылған аккредиттеу туралы куәлік беру немесе Комитеттің аумақтық департамент маманының уәжделген бас тарту |
Мемлекетті қызметті алушыға аккредиттеу туралы куәлік беру не уәжделген бас тарту |
5 |
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
Бекітілген кестеге сәйкес, тестілеу бағыттау – 1 жұмыс күні |
әңгімелесу кестеге сәйкес бекітілген, бағыттау бір жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
6 |
Келесі әрекеттің нөмірі |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
«Жеке тұлғаларға денсаулық сақтау Субъектілерінің
қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін
аккредиттеу куәліктерін беру» мемлекеттік
қызметтің регламентіне
2-қосымша
«Жеке тұлғаларға денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне
тәуелсіз сараптама жүргізу үшін аккредиттеу куәліктерін беру»
мемлекеттік қызметтің уақытын есептеу»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 702 бұйрығына
5-қосымша
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық
сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Сот-медициналылық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды атестациялау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік шаралар туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленген.
2. «Сот-медициналылық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды атестациялау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің облыстық, Алматы, Астана қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық департаменттері) ұсынады.
3. Осы регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аттестаттау куәлігі - аттестатталған тұлғаның атқаратын лауазым сәйкестігіне сот- медициналық, сот-наркологиялық және сот- психиатриялық сараптаманың бір түрімен айналысуға құқық беретін біліктілік куәліктің заңды күшін растайтын құжат;
2) кеңсе қызметкері - мемлекеттік қызметті алушы өтініш жасаған сәтінен бастап құжаттарды қабылдауға және тіркеуге жауапты Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері;
3) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлға;
4) маман - мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге және құжаттарды беруге жауапты Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері;
5) мемлекеттік қызметті алушы - аттестаттау куәлігін алуға үміткер жеке тұлға;
6) сот сараптама органы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сот сараптама органы, оның ішінде сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптама өндірісіне жататын функциялардың жергілікті басқару органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдары.
4. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасында сот-сараптау қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына;
2) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларға аттестацияны өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 509 бұйрығының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6391 болып тiркелген) негізінде көрсетіледі.
7. Комитет, Комитеттің аумақтық департаменттерінің орналасқан жерлері және жұмыс кестесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және барысы туралы ақпаратты стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі аттестаттау куәлігін беру не оны беруден жазбаша түрде уәжделген бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар
9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналасқан www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша және стандартқа 1-қосымшада көрcетiлген мекенжайларда орналасқан Комитеттің аумақтық департаментінің үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар болған жағдайда ұсынылады.
12. Мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды алған сәтінен бастап және мемлекеттік қызметтің қорытындысын беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) Комитеттің аумақтық департаменттерінде:
мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің аумақтық департаменттері кеңсесінде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша бір жұмыс күні ішінде жұмыс кестесі негізінде жүзеге асырылады;
кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет алушының өтінішін алған сәтінен бастап:
көрсетілген өтініште барлық ұсынылған құжаттардың болуын тексереді;
өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;
Комитеттің аумақтық департаменті басшысына құжаттарды тапсырады;
Комитеттің аумақтық департаменті басшысы келіп түскен құжаттарды бөліп, қарар қояды;
Комитеттің аумақтық департаментінің маманы:
құжаттарды тіркеген сәтінен бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттарды толықтығын және сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) сәйкессіздігі жағдайында бас тарту туралы уәжделген жауап дайындайды;
мемлекеттік қызмет алушыны тестілеу өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
тестілеуді өткізуге қатысады;
тестілеуден оң нәтиже алған мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын Комитетке жібереді;
мемлекеттік қызмет алушыны әңгімелесу өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
2) Комитетте:
кеңсе қызметкері Комитеттің аумақтық департаменттерінен келіп түскен мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын кіріс құжаттарды тіркеу журналына тіркейді;
құжаттарды Комитет басшысына тапсырады;
Комитет басшысы келіп түскен құжаттарды бөліп, қарар қояды;
әңгімелесу нәтижелерінің негізінде аттестаттау куәлігін беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Комитеттің маманы:
мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын әңгімелесу өткізу кезінде аттестаттау комиссиясының қарауына әзірлейді;
аттестаттау комиссиясы әңгімелесу өткізу кезінде хатшы ретінде қатысады, әңгімелесу хаттамасын жүргізеді;
әңгімелесу нәтижесі бойынша аттестаттау куәлігін беру не беруден бас тарту туралы бұйрық жобасын әзірлейді;
Комитеттің басшысының бұйрығы негізінде аттестаттау куәлігін береді;
мемлекеттік қызметті алушыға аттестаттау куәлігін қолма қол береді.
13. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі ҚФБ қатысады:
1) Комитеттің аумақтық департаменті қызметкері;
2) Комитеттің аумақтық департаменті маманы;
3) Комитеттің аумақтық департаменті басшысы;
4) Комитет қызметкері;
5) Комитет маманы;
6) Комитет басшысы.
15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалған мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) жүйелігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
16. Аттестаттау куәлігін беру бойынша процестің функционалдық өзара іс-қимыл кестесі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық
сарапшыларды аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкiмшiлiк әрекеттердің (рәсімдердің) сипаттамасының бірізділігі
мен өзара іс-қимылы
1-кесте. ҚФБ-нің әрекет сипаттамасы
Негізгі процесстің әрекеттері (барысы, жұмыс көлемі) |
||||||||
1 |
Әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2 |
ҚФБ атауы |
Комитеттің аумақтық департаментінің кеңсе қызметкері |
Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы |
Комитеттің аумақтық департаментінің маманы |
Комитеттің кеңсе қызметкері |
Комитет маманы |
Комитет басшысы |
Комитет маманы |
3 |
Әрекеттердің атауы (үдерістің, рәсімдердің, операцияның) және оның сипаттамасы |
Өтініште көрсетілген барлық құжаттарды бар болуына тексереді; жүгіністерді тіркеу журналына тіркейді; Құжаттарды Комитеттің аумақтық департаментінің басшысына жолдау |
Хат-хабарламамен танысу, жұмыс үшін маманға жолдау |
Берілген құжаттардың сәйкестігіне, толықтығына тексеру. |
Комитеттің аумақтық департаменттеріне келіп түскен, мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын тіркеу |
Мемлекеттік қызмет алушымен әңгімелесу өткізу |
Аттестаттау куәлігін беруден бас тарту не беру туралы бұйрықтың жобасын талқылау |
Комитет басшының бұйрығы негізінде аттестаттау куәлігін беру |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқарушылық шешім) |
Журналда тіркеу және құжаттарды Комитеттің аумақтық департаментінің басшысына жолдау |
Қарар қою, маманға тапсыру |
Комитетке тестілеу нәтижелерін және құжаттарын ілеспе хатпен жолдау |
Комитет басшысына құжаттарды тапсыру |
Аттестаттау куәлігін беруден бас тарту не беру туралы бұйрықтың жобасы |
Аттестаттау куәлігін беруден бас тарту не беру туралы бұйрық шығарады |
Мемлекеттік қызмет алушыға аттестаттау куәлігін беру не дәлелді бас тарту |
5 |
Орындау мерзімі |
4 сағат |
1 күн |
12 күн |
1 күн |
10 күн |
5 күн |
1 күн |
6 |
Келесі әрекеттің нөмірі |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық
сарапшыларды аттестаттау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық
сарапшылардың аттестаттау бойынша уақытты есептеу
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 702 бұйрығына
6-қосымша
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық
сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңның 9-1 бабының 4-тармағына және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленген.
2. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің облыстық, Алматы, Астана қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық департаменттері) ұсынады.
3. Осы регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
1) біліктілік куәлігі - сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығын растайтын құжат;
2) біліктілік куәлігін беру - тұлғалардың Қазақстан Республикасында сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық қызметті жүзеге асыруға кәсіби деңгейін анықтау рәсімі;
3) кеңсе қызметкері - қызмет алушы өтініш берген уақыттан бастап, құжаттарды қабылдау және тіркеуге жауапты Комитет, Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері;
4) құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) - мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлға;
5) маман - мемлекеттік қызмет алушыға құжаттарды беру және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты Комитет, Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері;
6) мемлекеттік қызмет алушы - біліктілік куәлігін алуға талапкер жеке тұлға.
4. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасында сот-сараптау қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына;
2) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгiлi бiр түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 827 бұйрығының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6648 болып тiркелген) негізінде көрсетіледі.
7. Комитет, Комитеттің аумақтық департаменттерінің орналасқан жерлері және жұмыс кестесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және барысы туралы ақпаратты стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі маман сертификатын беру немесе оны беруден жазбаша түрдегі уәжделген жауабы болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуіне талаптар
9. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналасқан www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша және стандартқа 1-қосымшада көрcетiлген мекенжайларда орналасқан Комитеттің аумақтық департаментінің үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар болған жағдайда ұсынылады.
12. Мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды алған сәтінен бастап және мемлекеттік қызметтің қорытындысын беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) Комитеттің аумақтық департаменттерінде:
мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің аумақтық департаменттері кеңсесінде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша бір жұмыс күні ішінде жұмыс кестесі негізінде жүзеге асырылады;
кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет алушының өтінішін алған сәтінен бастап:
көрсетілген өтініште барлық ұсынылған құжаттардың болуын тексереді;
өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;
Комитеттің аумақтық департаменті басшысына құжаттарды тапсырады;
Комитеттің аумақтық департаменті басшысы келіп түскен құжаттарды бөліп, қарар қояды;
Комитеттің аумақтық департаментінің маманы:
құжаттарды тіркеген сәтінен бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттарды толықтығын және сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) сәйкессіздігі жағдайында бас тарту туралы уәжделген жауап дайындайды;
мемлекеттік қызмет алушыны тестілеу өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
тестілеуді өткізуге қатысады;
тестілеуден оң нәтиже алған мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын Комитетке жібереді;
мемлекеттік қызмет алушыны әңгімелесу өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
2) Комитетте:
кеңсе қызметкері Комитеттің аумақтық департаменттерінен келіп түскен мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттарын кіріс құжаттарды тіркеу журналына тіркейді;
құжаттарды Комитет басшысына тапсырады;
Комитет басшысы келіп түскен құжаттарды бөліп, қарар қояды;
әңгімелесу нәтижелерінің негізінде біліктілік куәлігін беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Комитеттің маманы:
мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын әңгімелесу өткізу кезінде біліктілік комиссиясының қарауына әзірлейді;
біліктілік комиссиясы әңгімелесу өткізу кезінде хатшы ретінде қатысады, әңгімелесу хаттамасын жүргізеді;
әңгімелесу нәтижесі бойынша біліктілік куәлігін беру не беруден бас тарту туралы бұйрық жобасын әзірлейді;
Комитеттің басшысының бұйрығы негізінде біліктілік куәлігін береді;
мемлекеттік қызметті алушыға біліктілік куәлігін қолма қол береді.
13. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі ҚФБ қатысады:
1) Комитеттің аумақтық департаменті қызметкері;
2) Комитеттің аумақтық департаменті маманы;
3) Комитеттің аумақтық департаменті басшысы;
4) Комитет қызметкері;
5) Комитет маманы;
6) Комитет басшысы.
15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалған мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) жүйелігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
16. Біліктілік куәлігін беру бойынша процестің функционалдық өзара іс-қимыл кестесі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық сараптаманың
белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік
беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкiмшiлiк әрекеттердің (рәсімдердің) сипаттамасының бірізділігі мен өзара іс-қимылы
1-кесте. ҚФБ-нің әрекет сипаттамасы
Негізгі процесстің әрекеттері (барысы, жұмыс көлемі) |
||||||||
1 |
Әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2 |
ҚФБ атауы |
Комитеттің аумақтық департаментінің кеңсе қызметкері |
Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы |
Комитеттің аумақтық департаментінің маманы |
Комитеттің кеңсе қызметкері |
Комитет маманы |
Комитет басшысы |
Комитет маманы |
3 |
Әрекеттердің атауы (үдерістің, рәсімдердің, операцияның) және оның сипаттамасы |
Өтініште көрсетілген барлық құжаттарды бар болуына тексереді; жүгіністерді тіркеу журналына тіркейді; Құжаттарды Комитеттің аумақтық департаментінің басшысына жолдау |
Хат-хабарламамен танысу, жұмыс үшін маманға жолдау |
Берілген құжаттардың сәйкестігіне, толықтығына тексеру. (2 жұмыс күн). Тестілеудің уақыты мен өтетін жері туралы мемлекеттік қызмет алушыны хабарландыру (тестілеу), мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын және тестілеу нәтижелерін Комитетке жолдау |
Комитеттің аумақтық департаменттеріне келіп түскен, мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын тіркеу |
Мемлекеттік қызмет алушымен әңгімелесу өткізу |
Біліктілік куәлігін беруден бас тарту не беру туралы бұйрықтың жобасын талқылау |
Комитет басшының бұйрығы негізінде біліктілік куәлігін беру |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқарушылық шешім) |
Журналда тіркеу және құжаттарды Комитеттің аумақтық департаментінің басшысына жолдау |
Қарар қою, маманға тапсыру |
Комитетке тестілеу нәтижелерін және құжаттарын ілеспе хатпен жолдау |
Комитет басшысына құжаттарды тапсыру |
Біліктілік куәлігін беруден бас тарту не беру туралы бұйрықтың жобасы |
Біліктілік куәлігін беруден бас тарту не беру туралы бұйрық шығарады |
Мемлекеттік қызмет алушыға біліктілік куәлігін беру не дәлелді бас тарту |